Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 2207 13 пікір 22 Маусым, 2023 сағат 11:59

АҚШ пен Қытай бәсекесі: Тынық мұхиттан әлемге

Өткен жексенбі күні Американың Мемлекет Істер хатшысы Блинкен Қытайға барып екі күн келіссөз өткізіп қайтты. Оның алдындағы ақпанға белгіленген Бликеннің Бейжің сапары Қытайдың тыңшы әуе шарының атып түсірілуіне байланысты кейінге қалдырылған еді. Бұл жолғы сапарының қарсаңында да шетін оқиғалар, ақпараттық дауылдар саябырсыған жоқ.

Әлемдік беделді басылымдар Қытайдың көп жылдан бері Кубаға әскери база орналастырып АҚШ-тың қорғаныс саласын бақылап келгенін, коронавирусқа шалдыққан алғашқы науқастың Ухань биологиялық зертханасының 3 ғалымы екенін жарыса жазды.

Сол себепті де Қытай басшысы АҚШ өкілдерімен кездесуінде бас елшіден басқаның бәріне маска тақтырып, өзі төрде отырып, «әлем сақшысы» атанған АҚШ-пен терезесі тең екендерін, тіпті асып түскенін көрсетуге тырысты. Блинкеннің Бейжіңге аяқ басқан күні «Әкелер күніне» тура келгендіктен миллиард қытайдың «диван батырлары» «Америка әкесін танып, бет жылытуға келді» деп даурықты.

Бликен Қытайдың Сыртқы істер басшыларымен Мемлекет төрағасымен кездескеннен кейін баспасөз жиынын өткізіп «диолог өткізу – мойынсал салу емес» деп мәлімдеді. Америка елшісінің айтуынша Қытай шенеуніктерімен кездесуінде айтыла-айтыла жауыр болған Тибет, Ұйғыр, Тайуан, кісілік құқық мәселелерінен тыс, Қытай тарапының Кубаға әскери база салуы, еліндегі АҚШ компаниялары мен азаматтырын заңсыз тексеруі сияқты түйткілдер сөз болған. Қытай басшысы Ресейге әскери көмек бермеуге уәде берген. Әскери саладағы диалогты қалпына келтіруден үзілді-кесілді бас тартқан.

Былтыр тамызда АҚШ өкілдер палатасының сол кездегі төреайымы Нэнси Пелоси Қытайдың қарсылығына қарамастан Тайуанға сапарлай барғаннан кейін Қытай тарапы Америкамен әскери, жаһандық жылыну, химиялық есірткі саласындағы әріптестікті тоқтататынын мәлімдеген еді.

Әлемнің маңдай алды экономика, әскери державасы саналатын АҚШ пен Қытай қатынасы Трамп билікке келгеннен кейін ушығып кеткені белгілі.

«Қытайға артық жеңілдік жасап байыттық» деп екіленген Трамп Қытайды тәубеген келтіру үшін Бейжіңге қарсы «Сауда соғысын» ашқан еді. Екі елдің теке-тіресі экономикадан ауытқып, саяси құрылымдық қақтығысқа тірелді.

Қытай тарапы «нөмірі бірінші отан сатқыны» деп бағалаған Юмаучұн профессорды ақылшы етіп алған Помпео «Қытай халқы мен коммунистік билікті бөліп қарастыратындарын» жария етіп, екі мемлекеттің байланысын үзуге шақ қалды. Трамптың орнын басқан Байден жұмсарудың орнына алдынғы президенттің жолын жалғап Қытайға қарсы «чип соғысын» ашты. Қытай билігін «АҚШ берген жоғары технолнгияны өз халқын бақылауға, әлемді қадағалауға жұмсады» деп айыптады.

Бұдан бұрын «АҚШ пен Қытай Тынық мұхитқа сияды» деген Қытай төрағасы Блинкенмен кездесуінде «АҚШ пен Қытай әлемге сияды» деген. Америка президенті Байден де қалыспай екі ел арасындағы «Әуе шары оқиғасын» Қытай басшысының білмегенін алға тартып, оны көз алдындағыны көрмейтін «диктатор» санайтынын, Қытай экономикасының тұралап тұрғанын айтып салды. Қытай тарапының Бликеннен гөрі Илон Маск пен Билл Гейтсті үлкен салтанатпен жайдары қабақпен қарсы алуы Байден сөзінің тегін айтылмағанын растап тұрғандай.

 

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394