Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3236 0 пікір 5 Маусым, 2013 сағат 12:48

Автобус жүргізушілері қашан айылын жияды?

Автобус жүргізушілерінің жүгенін тартып, жөнге салып, түзу жолға түсіру қазір ешкімнің қолынан келмей тұр. Жолаушылар өміріне жауап­ты екенін ұмытып, жоспар қуып, жол ережесін ескермей, та­лай­­дың өмірін қауіпке тігіп, тіпті кейде адам өліміне себепші болып жатса да, айылын бір жияр емес. Жол ортасында жолаушыларды түсі­ріп-мінгізу олар үшін қалыпты жағдайға айналғалы қашан. Бір ға­на Алматы қаласында ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында авто­бустардың қатысуымен 69 жол апаты тіркеліп, онда екі адам ажал құшып, 99 адам әртүрлі тән жарақатын алған. Оның ішінде 48 жағдайда жол-көлік апатына автобус жүргізушілері кінәлі деп табылған.

Автобус жүргізушілерінің жүгенін тартып, жөнге салып, түзу жолға түсіру қазір ешкімнің қолынан келмей тұр. Жолаушылар өміріне жауап­ты екенін ұмытып, жоспар қуып, жол ережесін ескермей, та­лай­­дың өмірін қауіпке тігіп, тіпті кейде адам өліміне себепші болып жатса да, айылын бір жияр емес. Жол ортасында жолаушыларды түсі­ріп-мінгізу олар үшін қалыпты жағдайға айналғалы қашан. Бір ға­на Алматы қаласында ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында авто­бустардың қатысуымен 69 жол апаты тіркеліп, онда екі адам ажал құшып, 99 адам әртүрлі тән жарақатын алған. Оның ішінде 48 жағдайда жол-көлік апатына автобус жүргізушілері кінәлі деп табылған.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында жолау­шы тасымалын жүзеге асыратын 26 ав­то­бус паркінде 1670 автобус 104 бағытта жо­лаушы тасымалдайды. Өкінішке қарай, жос­парды желеу етіп, автобус жүр­гі­зу­ші­лері жол қауіпсіздік ережесін жиі бұзады. Олардың үстінен жүздеген (800 шағым түс­кен) шағым түсіп, баз біреулері жауап­кер­­шілікке тартылып жатса да, тәртіп түзелер емес. Осы күнге дейін қоғамдық көлік жүргізушілері 1868 рет жол жүру ережесін бұзған. Оның ішінде 365 жағдайда автобустың тех­ни­ка­лық жағ­дайы талапқа сай болмаса, 70 жағ­­дай­ды апатты жағдай туындатып, 213 рет жол қиылысын қиып өту ережесін ескер­меген.

Сондай-ақ жол полициясы мамандары автобус жүргізушілері мен кон­дук­тор­лардың үстінен түскен 68 шағымды қара­ған. Жолаушылар жүргізушілердің жол ережесін сақтамай, автобусты қалай болса солай басқаратындығын, кондук­тор­лар­дың дөрекі қылықтар жасайтынын жет­кіз­ген. Тексеру көптеген кондукторлардың ав­топарк штатында атымен жоқ екендігі, олармен еңбек шартының жасал­ма­ған­ды­ғын анықтады. Ал автобус жүргізушілерінің басым көпшілігі – өзге аймақтан келген жастар. Тіпті олардың арасында жақын шетел­ден келген, біздің елде жұмыс істуге құқығы жоқ азаматтардың бар екені бел­гілі болды. Осыны ескерген кей мамандар қала ішіндегі бағыттарда автобус жүргізу құқығын тұрақты тіркеуі бар, тәжірибелі жүргізушілерге ғана беруді ұсынуда. Сон­дай-ақ олар қала сыртынан келетін ба­ғыт­тағы автобустарды қалаға кіргізбеу туралы мәселе көтеріп отыр. Қоғамдық көлік басқармасы да қарап отырған жоқ екен. Қазіргі таңда қалада өткен жылдың қыркүйек айынан жұмыс бастаған қоғам­дық көлік жұмысын бақылау қызметі жұмыс атқарып келеді. Олар бір апта ішінде қоғамдық көліктерде талап-ере­же­лер бұзылуының 70 фактісін анықтап, бес автобус жүргізушісін жұмыстан қууға мұ­рындық болыпты. Алайда тұрғындар ба­қы­лаушылар жұмысының жүйелі еместігін тілге тиек етеді.

Айман, Алматы қаласының тұрғыны:

– Мен үнемі автобуспен жүремін. Таңертең жұмысқа барып, кешке үйге қайтамын. Бірақ осы уақыт ішінде авто­буста бір рет те қоғамдық көлік жұ­мысын бақылаушыларды кезд­ес­тір­меп­пін. Сонда олар қай уақытта жұмыс істейді? Жоқ әлде белгілі бір бағытта ғана жұмыс істей ме? Автобус жүр­гі­зу­шісі мен кондукторының бассыздығы жайлы бір-екі рет Қоғамдық көлік бас­қармасына да хабарладым. Бірақ нә­тижесін көрген жоқпын. Олар әлі жұмысын жалғастырып жүр.

Жалпы, автобустарға қатысты мәселе Республикамыздың барлық аймағындағы ірі қалаларға тән. Тек бірінде мәселе күрделі, енді бірінде аздау. Мысалы, таяу­да Астана қаласының ортасында қос ав­то­бус қақтығысып, салдарынан алты адам дә­рі­герлік көмекке жүгініп, оның екеуі ау­руханаға жатқызылды. Бүгінгі таңда елорда аумағында жолаушылар тасымалы саласында 51 бағытта қызмет көрсететін 9 автопарк жұмыс істейді және оларда 942 автобус пайдаланылады.

Ал жыл басынан бері Елордада авто­бус­тардың қатысуымен 16 жол-көлік оқи­ғасы тіркелген. Оның 11-і автобус жүргізушілерінің кінәсінен орын алған. Салдарынан 23 жолаушы әртүрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ 1259 қоғам­дық көлік жүргізуші ереже бұз­ған­дығы үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Жүргізушілердің 72-сі автобустың тех­ни­калық талапқа сай болмағандығы үшін айыпты болса, 105-і ұялы телефонмен сөй­лескені үшін жаза алған. Екі автобус жүргізушісі мас күйінде көлік басқарса, 45 жүргізуші жол қиылысын қисынсыз қиып өткен. 11 автобусты эксплуатациялауға тыйым салынып, 38 жауапты тұлға әкім­шілік жазаға кесілді.

Әрине, Астананың жағдайы Алматы­мен салыстырғанда біршама тәуір. Бәлкім, бұл елордалық жол полиция маман­да­рының қоғамдық көлік жүргізушілерімен жиі кездесіп, нұсқаулар беріп отыруының нәтижесі де болуы ықтимал. Алайда Елордада халық саны мен көлік санының күн санап артып келе жатқанын ескерсек, болашақты болжау қиын.

Десе де, Алматы қаласының атқа­мі­нерлері автобус жүргізушілерін жүгендеуді жекеменшік автопарктерді қысқарту арқылы жүзеге асырмақ көрінеді. Олардың айтуын­ша, жекеменшік автопарктердегі көліктер ескі. Тіпті кейбірінің жүктелген мін­детті атқаруға өз көліктері жеткіліксіз. Сондықтан олар сырттан автобустар жалдауға мәжбүр. Ал жалдамалы көліктер техникалық талаптарға сай емес. Қала ішіндегі әртүрлі бағытта 400-дей техникалық талаптарға сай емес автобус қызмет көрсетіп жүргенін ма­ман­дар жеткізіп отыр. Сонымен қатар мұндағы ауылдардан қалаға 60 бағытта қатынайтын 500-ден астам автобус бар. Олардың барлығы дерлік – ескі көліктер. Сондықтан қала басшылығы ондай қоғамдық көлікті қалаға кіргізбеуге бел буып отыр. Тек бұдан ауылдардан қалаға қатынайтын халық жапа шекпесе болғаны. Өйткені біз­дегі басшылардың көп жағдайда қас қоям деп көз шығарып жататыны бар.

Сондай-ақ қала басшылығы тендер өткізуге де өзгеріс енгізу арқылы да тәртіпті түземек. Бұрын бір лотта бір бағыт болса, енді бір лотта 10-15 бағыт болады. Яғни енді бағытты толық қамтамасыз ете ала­тын­дай мүмкіншілігі бар ірі автопарктер ғана тендерді ұтып ала алады. Ал енді тендердің кей тұсы теріс айналып кетпей, заң шеңберінде жүзеге асар болса, шы­нымен-ақ оң өзгеріс болар. Солай деп ті­лейік. Әйтпесе тендер төңірегінде айтылып жүрген гу-гу гәп әмбеге аян.

Десе де, бұл шаралар автобус жүр­гізушілері мен кондукторлардың мә­де­ниетін қалыптастыра алмайды. Сондықтан да мамандар жүйелі жұмыс қажет екенін айтады. Ал ақтөбеліктер мұндай жұмысты бастап та кетіпті. Олар жүргізушілер мен кондукторларды мәдениет пен әдепке үйрететін курстар ашып, оқытуды қолға алған. Нәтиже де жоқ емес, шағым ай­ту­шы­лардың қатары күрт азайған.

Серік ӘБДІЖАМИ, Автобус паркінің баспасөз хатшысы:

– Арнайы курстар ашылғанға дейін, автобус паркіне күніне 15-20 жолаушы шағым айтып қоңырау шалатын. Шағымдардың мазмұны жүргізушілер мен кондукторлардың мәдениетіне, сөйлеу мәнеріне тағы да басқа мә­се­лелерге қатысты болатын. Қазір шағым айтушылар күрт азайды. Сонымен қатар жолаушыларды да сыпайы болуға шақыру мақсатында авто­бус­тар­дың ішіне ұлы адамдардың қанатты сөздерін жазып қойдық.

Осыны ескерген мамандар еліміздің барлық аймағында осындай курстар ашуды ұсынып отыр. «Қолында әдеп кур­сын бітіргендігі туралы куәлігі болмаған жүр­гізушілер мен кондукторларға қоғам­дық көлікте жұмыс істеуге рұқсат бермеу керек» дейді мамандар. Бұған қосарымыз, мұндай курстарды автобус парктері өздері қаржыландыруы тиіс. Өйткені біздің әкім-қаралар қит етсе, үкіметтен ақша сұрау­ды әдетке айналдырған.

Автор: Қалдар БЕК

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371