Жұма, 22 Қараша 2024
Дін мен тін 2536 0 пікір 30 Маусым, 2023 сағат 12:40

Дін – әлеуметтік және рухани өміріміздің бір бөлшегі

Абай облысындағы Бородулиха аудандық Қарбай мешіті имамы Әріпжан Қожанұлымен жүздесіп, еліміздегі дін саласындағы саясатты, қоғамдық һәм ұлтаралық келісім мәселелері төңірегіндегі сауалдарымызды қойған едік. Енді соны оқырман назарына ұсынып отырмыз.

– Дін саласындағы саясатты, қоғамдық және ұлтаралық келісім жайлы сөз етсеңіз?

– Халқымыздың мәдениеті мен дәстүрі ислам құндықтарымен біте қайнасып кеткен. Тіпті мәдениет дегеніңіздің өзі – діннің құрамдас бір бөлігі. Сондықтан қазір ақпараттық технологиялардың күрт дамуы жүріп жатқан шақта мемлекетіміздің рухани дамуы зор маңызы бар төл ұлттық құндылықтарымызды теңізден маржан тергендей тереңнен қопарып зерттегеніміз ләзім.

Бүгіндері Ислам біздің рухани дамуымызға зор серпіліс беретін күш болып табылады. Еілімізде дәстүрлі Исламның таралуы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық бөлімшелері көмегімен жамағатқа жол тартуда.

Қазақстан өз егемендігін алмай тұрған 1990 жылдары ҚМДБ өз алдына жеке діни бірлестік болып құрылғантын. Әлемде сүниттердің басым көпшілігі Ханафит мазхабын ұстанады. Осы Ханафит мазхабын ұстанушылардың басым бөлігі Имам Матуриди діни ұстанымға қатысты жүйелеген акидаға ден қояды. Матурид мектебінің біртұтас ілімдік жүйесі түркі халықтары арасында, оның ішінде біздің елдегі барша мұсылмандар арасында орныққан.

Қаншама ғасырдан бері халқымыз өз мәдениетін Имам Әбу Ханифа мазхабымен байықтырып, иман келтіруге қатысты Құран Кәрім мен Суннаға негізделген Имам Матуриди мектебі іліміне ден қойып келеді. Әбу Ханифа мазхабы ұлтымздың күнделікті өмірдегі біте қайнасып, дәстүр мен салтымызға кірігіп кеткен. Бұл діни мектептің түп тамыры біздің ұлттық болмысымызда жатыр. Бір сөзбен айтқанда, Әбу Ханифа мазхабы дегеніміз бұл – қазақ мұсылмандығының алтын діңгегі.

Еліміз егемендік алған кезден бастап, мешіттер мен тарихи-мәдени ескерткіштер қалпына келтіріліп, жаңадан мешіттер салынып, медіреселер ашыла бастады. Қазіргі кезде елімізде 2500 аса мешіт жамағатты иманға жығылтуда.

Осыдан 22 жыл бұрын Алматыда ислам мәдениетінің шамшырағы мысрлық «Нұр-Мүбәрәк» Университеті ашылып, араб тілі ұстаздарын, исламтанушылар мен жоғары білікті имамдар дайындап шығуды жолға қойды. Қазір елімізде 10 аса медіресе шәкірттерге білім нұрын шашуда.

2005 жылы Ұлыстың Ұлы Күні 22 Наурызда Астанада ең ірі мешіт «Нұр Астана» ашылды. 10 мың адам бір мезет иманға жығылатын «Нұр Астана» мешітін Қатар мемлекетінің әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Тәнидің қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылып, мешіттің жобасын ливандық сәулетші Чарльз Хафиза жасаса, құрылысының бас мердігері – Түркияның «Пасинер» компаниясы болды.

Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан 13 га. жерді алып жатқан, бір мезетте 5 мыңға жуық адам мінәжет ете алатын  Әзірет Сұлтан мешіті қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үлгісінде орындалып, 2012 жыл ашылды.

Егерде адамзат тарихын алып қарайтын болсақ, мәдениет аяқ астынан пайда бола салған жоқ. Барша мәдениеттің өзегінде діни наным-сенім жатыр. Сондықтан біздің халқымыздың мәдениеті мен әлеуметтік өмірінде исламның алатын орны ерек, сенімді түрде айтарым, Ислам қазақтың рухани мұрасының бөлінбес бір бөлшегі болып табылады.

Ислам христиан, буддизм және басқа діндермен бірге әлемдік конфессия болып табылады. Еліміз президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылдары БАҚ беттеріндегі сұхбаттарындағы дін туралы айтқан ой-пікірлеріне ден қояр болсақ:  «Мен атеист емеспін. Құдайдың бар екеніне сенемін. Әрине, мен мұсылманмын» деп бәріміздің ойымыздағы сөзді алға тартады. Немесе «Исламның гуманистік идеалдары еліміздегі береке мен бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін маңызды рөл атқарады» деп көкейімізде жүрген пікірді алға тартады.

Бірқатар елдерде ислам ресми мемлекеттік дін деп жарияланған. Мұсылмандар көп тұратын мемлекетте дінге сенуші жамағат өз өмірін Сунна мен шариғатпен байланыстырып тіршілік кешуде. Сунна дегеніміз – Пайғамбарымыздың Мұхаммет өмірін қастер тұтуы. Шариғат дегеніміз – Құран Кәрімдегі біз тұтынатын ұстаным. Еліміз осы тұрғыдан алғанда ислам әлемімен тарихи, географиялық, саяси және рухани байланыстылықтағы оның құрамдас  бір бөлшегі болып табылады. Слоай бола тұрса да, біз дәстүрлі исламмен емес, еліміздің Ата Заңымен өмір сүріп жатырмыз. Еліміздің дамуының сара жолы белгіленіп, соның соны сүрлеуімен алға басудамыз. Өйткені, бізде дін мемлекеттен ажратылған. Ислам тек бір ғана қазақтың емес, барша орталықазия халықтарының этноконфессионалдық бірегейлігін танытатын тарихи мұрасы болып саналады. Біз посткеңестік кеңістіктегі коммунистік идеологияның күйреуіне байланысты діни қайта өрлеу дәуірінде, сонымен қатар әлемдік дағдырыс дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Біз қаншалықты деңгейде ислам әлемінің бөлшегі болып табыламыз? Бұл сауал көпқырлы. Бірден жауап берудің өзі қиынның қиыны.

– Жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне діни тұрғыдан қандай баға берер едіңіз?

– Еліміз президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дін туралы айтқан мына бір пікірі: «Халықаралық терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизмі бүгінгі таңда жаһандық қауіпсіздік үшін аса күрделі сын-тегеуріндердің бірі болып қалып отыр. Діни лидерлер кеңесі әлемдік саяси көшбасшыларға ықпал ете отырып, әлемдік саясаттағы қарама-қайшылықты реттей алар еді» дегені бізге ой салуы керек.

Қалай десек те, дін қазақ қоғамының әлеуметтік дамуында ғана емес, сондай-ақ оның тұрақтылығы үшін де маңызды рөл ойнайды. Осыны дұрыс түсіне білген ел билігі діни бірлестіктерге қатысты қату қабақ танытпай, олармен тіл табыса білуі басты орынға қойды. Бәріміз білеміз кеңес құшағынан шыққан 90-шы жылдары Қазақстанның саяси өмірінде діни фактор аса маңызға иелік ете қойған жоқ. Тоталитарлық идеологияның тасталқанының шығуы елімізде діннің рөлін арттырды. Еліміздің тұрғындары өзінің дәстүрлі құндылықтары мен моральдық кемелдігін діннің көмегімен жаңғыртқысы келеді. Сол себепті қоғамдағы діннің орны мен рөлі айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ескрер болсақ, мемлекет құрудағы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты қалыптастырудың қандай күрделі дүние екендігін де үнемі есте ұстағанымыз жөн.

Қазақстан Республикасындағы қазіргі діни жағдай ел тұрғындарының көпұлттылығына негізделген. Тәуелсіздік жылдары аралығында тілдік және діндік келісім біршама тұрақтана түсті. Бұрынғы ислам мен православие дінімен қатар христиандықтың өзге тармақтары, буддизм, сондай-ақ иудаизм, индуизм,  т.б. жаңа діни ағымдар бой көрсетті.

1992 жылғы Қазақстан Республикасының “Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы” Заңы еліміздегі бой көрсеткен конфессиялар арасында тұңғыш рет құқықтық ортаны түзді. Діни сенім еркіндігі осылайша Ел Конституциясы кепілдік берген бостандықтардың бірі болып табылды. Демек діни сенім еркіндігі шектен шығып кету дегенді білдірмейді, қайта Қазақстандағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндерді ұстанушылар арасындағы ұлтаралық, дінаралық келісімді орнықтырып, бейбіт қатар өмір сүруді дағды айналдыруды танытады. Дін дегеніміз бұл – әлеуметтік және рухани өміріміздің бір бөлшегі. Сол себепті өз басым түрлі конфессия дінбасылары арасында жарасымды диалог орнығып, қоғамымыздың идеологиялық ұйысуы керек деп санаймын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303