Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 2261 2 пікір 4 Шілде, 2023 сағат 12:59

Президент бола алмаған Қажыкен енді партия құрмақ...

Сурет: Әлеуметтік желіден

Қазақстанда тағы бір партия құрылмақ: "YNTYMAQ" партиясының бастамашыл тобы ресми тіркеуден өту үшін ҚР Әділет министрлігіне құжаттарын тапсырыпты.

Бұл туралы Заманауи қоғамды зерттеу институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы Мейрам Қажыкен мәлімдеді.

Оның айтуынша, Республикалық "YNTYMAQ" партиясының ұйымдастыру комитеті 3 шілде күні құжаттарын өткізген. Енді ҚР Әділет министрлігінің жауабын күтіп отыр.

Айта кетейік, Мейрам Қажыкен 2022 жылы ҚР Президенттігіне үміткер болған. Ол кезде Қажыкен «Аманат» кәсіподақтар достастығы атынан қатысқан. 2,53 пайыз дауыс жинап, 6 үміткердің арасында 4-ші орын алған.

Мейрам Қажыкен 62 жаста. Павлодар облысының тумасы. Павлодар облысы әкімдігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде,  ҚР Индустрия және сауда министрлігінде қызмет еткен. ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364