Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Депутаттық сауал 1897 0 пікір 14 Шілде, 2023 сағат 13:33

Үкімет Митталды қорғай ма, кәсіпкерлерді ме?

«Арселор-Миттал Теміртау» қазақстандық мердігерлердің құқығын бұзуда

ҚР Премьер-Министрінің 
бірінші орынбасары 
Р.В.Склярға

Бірқатар кәсіпорындар «Ақ жол» партиясына «Арселор-Миттал Теміртау» бас директорының үшінші тарап қызметтері мен жабдықтарды жалға алу шығындарын оңтайландыру туралы бұйрығына қатысты өтініш білдірді.

Бұйрыққа сәйкес, қызметтерді сатып алу және жабдықтарды жалға беру туралы өтініштерді қарау бойынша комиссия құрылуда. Сонымен бірге, «...Тапсырыс беруші цехтары өндірістік бөліммен бірлесіп, жабдықты жалға беру қызметтерін және бөгде мекемелер орындайтын жұмыс көлемін 20%-ға қысқартуы қажет» екендігі айтылуда.

Қамтамасыз ету қызметі бөгде мекемелерді SRDCc бағдарламасын 50%-дан төмен пайызбен, сондай-ақ ағымдағы қызмет көрсету жұмыстарын 20%-ға және үшінші тарап қызметтері бойынша бір жолғы жұмысын тоқтату туралы хабарлауы керек.

Осылайша, аталмыш шетелдік инвестордың қызметіндегі жергілікті қамтуды арттырудың орнына қазақстандық кәсіпорындарды тартуды қысқарту ниеті ресми түрде жарияланды.

Бұл шешім бұрын «Арселор-Миталл» компаниясымен келісімшартқа отырған мердігерлерге кері әсерін тигізіп, сонымен қатар олар алатын төлемнің төмендеуіне әкеледі. Кәсіпкерлер қайта есептеу және орындалған жұмыс үшін төлемді кешіктіру салдарынан ұстай алмайтын мамандар штатын қысқартуға мәжбүр болады.

Яғни, «Арселор Миттал Теміртау» келісімшарттық міндеттемелерді бұзуда. Теміртау қалалық кәсіпкерлік және қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподақ ұйымының мәліметінше, шетелдік инвестор 12 жергілікті кәсіпкерге 700 миллион теңгені төлеуді кешіктіруде, төлемді кешіктіру қазірдің өзінде 90 күннен асқан; ал басқа қазақстандық мердігерлерге жалпы қарызы бұдан он есе көп.

Қазақстандық кәсіпкерлер өз міндеттемелерін бұзбау және жұмыс орындарын сақтап қалу үшін салықты, әлеуметтік төлемдерді, жалақыны төлеу, базалар мен қоймаларды ұстау үшін қазіргі жойдасыз пайыздық мөлшерлемемен несие алуға мәжбүр.

Бірақ отандық кәсіпкерлер «Арселор-Миттал Теміртаудан» адал жолмен тапқан ақшасын алмай қалу қаупі күннен-күнге айқындала түсуде.

Демек, халық меншігіндегі жер қойнауының қызығын көріп жатқан шетелдік инвестор тапқан пайдасын Қазақстан ішінде пайдаланудан жалтарып, оны мақсатты түрде басқа жаққа аударып отырғаны белгілі болды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, құрметті Роман Васильевич, «Ақ жол» депутаттық фракциясы келесі шараларды қабылдау қажет деп санайды:

1. Уәкілетті органдарға осы жағдайды реттеуді, қолданыстағы шарттарды негізсіз бұзуды тоқтатуды, барлық қарыздарды төлеуді қамтамасыз етуді және адал қазақстандық бизнесті қорғауды бұйыру;

2. Инвесторды мемлекеттік сатып алу жүйесіне ұқсас жұмыстарды орындау, қызмет көрсету және жабдықты жалға беру бойынша ашық конкурстар өткізуге міндеттеу;

- осы мақсатта отандық шағын және орта бизнес мердігерлері үшін нақты және әділ талаптары бар, оның ішінде төлемдердің нақты мерзімдері мен жасалған келісім-шарттарға біржақты өзгерістер енгізуге тыйым салатын ірі жер қойнауын пайдаланушылармен үлгілік келісімшарттар әзірлеу;

- отандық мердігерлермен 3-5 жыл бойына ұзақ мерзімді келісімшарттар жүйесіне көшу.

«Ақ жол» фракциясының депутаттары

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3292