Жұма, 22 Қараша 2024
Бір сауал 2232 9 пікір 26 Шілде, 2023 сағат 12:25

Жизақтағы Өзбек АЭС-інің құрылысы қалай жүріп жатыр?

КСРО құлап, бұрынғы одақтас 15 республика өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, бұрын тек Мәскеуде ғана шешілетін түйінді дүниелер әр екі ел арасында жеке-жеке шешіле бастады. Бізге, яғни, Қазақстанға екі ірі проблема мұраға қалды. Оның бірі – шекаралық су, екіншісі – атом жарылысының зардабы. Осы екі мәселеде қазақтың мүддесі қашанда жоғары тұруға тиіс. Бірақ қанша жерден бауырлас ұлттар десек те, қырғыз бен өзбек жанды жерімізге пышақ ұруын тоқтатпауда.

Қазақ даласы 50 жыл ашық аспан астында да, жер қойнауында да жарылған атом қаруы сынағынан зор зардап шекті. Оның салдары әлі күнге дейін сезіліп, жарасының емделуі мыңдаған ғасырларға дейін созылады. Сондықтан елімізде атом энергетикасын дамытуға қатысты қарсылық туындап, оның орнын «жасыл» энергетикамен түбегейлі алмастыру мәселесі басымдыққа ие болды. Оның пайдасын көршілес қырғыз бен өзбекте көрер еді, амал не!?

Бірақ, ала тақиялы ағайындар көрші Қазақстанмен еш келіспей, Жизақ облысында Ресейдің қатысуымен АЭС салуды жөн көріп отыр.

Ташкенттен 30 шақырым жерде орналасқан, құрылғанына 60 жылдай болған Ядролық физика Институтында (ЯФИ) зерттеу мақсатындағы реактор жұмыс істеп келе жатқанын көп ешкім білмейді. Өзбекстан Ғылым академиясының дерегіне сүйенер болсақ, бір ғана 2010-2015 жыл аралығында ЯФИ 18 миллион АҚШ доллары тұратын өнімін экспорттаған.

АҚШ PWR (pressurized water reactor) энергетикалық реакторын, Ресей жаңартылған дизаиндағы ВВЭР-1200 энергетикалық реакторын қолданады. Бұл ВВЭР 1964 жылы алғаш рет Нововоронежск АЭС іске қосылды. Бұндағы «1200» цифры дегеніміз – 1200 MВт. Міне, осы қуатқа қол жеткізуді өзбек жағы мұрат етіп отыр. Олар Ресейдің қатысуымен қуаты 2400 МВт болатын екі бірдей АЭС салып, 2030 жылға дейін елінің электр тұтынуын 15-18% қамтығалы отыр.

Өзбек БАҚ еш қауіпі жоқ деп, халықты сендіру үшін зор ақпараттық науқанды бастап кетті. Ал, ғылымы артта қалған Ресей ВВЭР-1200 замана талабына техникалық жақтан сайлығы, қоршаған ортаны қорғау мен жер сілкінісіне төтеп беруі назардан шығып, өз көршілерінің бұл атом тажалына қалай қарайтындығы өзбек басшылығы жағынан еш ескерілуі көңілге күдік тудырады.

Енді өзбектер АЭС салып жатқанда біз одан кембіз бе дегендердің дауысы бізде де шыға бастады. Ал, қазаққа Құдайдың өзі бере салған Жел мен Күн энергетикасын дамыту, осы сала бойынша инфрақұрылымды дамыту үшін билік тарапынан көңіл бөлініп, оны өзбек пен қырғызға, тіпті, көрші Ресей де экспорттау үшін қам қылмай, ғылымы артта қалған Ресейдің жаңартылған дизаиндағы ВВЭРі-не жабысу опа әпермейтін тірлік екенін есі дұрыс жан ұғынуға тиіс. Бізге тек «жасыл» энергетика керек.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320