Жұма, 22 Қараша 2024
Білгенге маржан 3574 2 пікір 16 Тамыз, 2023 сағат 13:41

Әмір Темір мен Баязид сұлтанның майданы

Әмір Темір бұрынғы Хорезм империясының және Мәуереннахр аумағын толықтай жаулап алған соң, орта азиялық қала Самарқандты өзінің резиденциясына айналдырды. Көшпелі халық империясы үшін Самарқанд Үндістан әрі Мысырға, басқа да мұсылман мемлекеттеріне баратын Жібек жолының дәл төсіне орналасқан болатын.

Сондай-ақ, Осман түріктері де Византиялық Константинопольді жаулап алып, өз империясының басқару пунктіне айналдырып, артынан оны Стамбұл деп атады. Осы арада кішкене шегініс жасап, енді Темірлан туралы айта кет­сек дейміз.

Сонымен, Әмір Темір 1336 жы­лы (Тышқан жылы) тоғызыншы сәуір­­де Шахрисабз қыстағында ту­­ған болатын. Әкесі Тарағай (немесе Тарғын) Барлас руының азаматы. Ағылшын зерттеушісі, Хилда Хукхемнің ғылыми еңбегінде «Тамерлан повелитель тюрков», Найман тайпасының құрамындағы ру деп көрсетілген. Түркі - қып­шақ­тар (Шыңғыс хан қағанаты) Мәуереннахрды жаулап алғанда, Шаға­тай­мен бірге келген Найманның көпшілік бөлігі осы араға қоныс тепкен еді. Сол заманның атақты жылнама­шысы әрі тарихшысы, испан елшісі Клавихоның жазғандарына көңіл бөлейік. Дәлме-дәл мағына берсін деп, аудармай орысшасын бердік.

«…Клавихо пишет: Тимур унас­ледовал организацию армии от Чингиза, предусматривавшую ее разделение. Это иерархическая система разделяла каждый домен на военные соединения, соответ­с­твен­но числу людей в сборах. Ти­мур и его дом свято относились к законом Чингиза. В их отрядах, их дворах, их празднествах, их дейс­т­виях они никогда не дейст­вовали против институтов Чингиза».

Әмір Темір өзінің үзеңгілес досы Қыраншы батырдан: «Бүкіл Самарқандты, Бұхараны, Хиуа мен Үргенішті, Мәуереннахрды бағындырдық, енді бұлардың тұрғындарын әскерге дайындай­мыз ба, не істейміз?» – деп сұра­ғаны бар. Сонда Қыраншы батыр: «Бұлар ат үстінде отырып жауға шаба алмайды. Тақымдары әлсіз. Есек үстінде отырып жүк тартпаса. Бұлардың ұсталарын жинап алып, қару-жарақ, жебе жасатқанымыз әлдеқайда оңды болар. Ат үстінде ойнап өскен өзіңіздің сарбаздарыңыз, әскеріңіздің негізгі күші емес пе? Мына есек мінген сарт­тар­ды қоссаңыз, әскердің жауын­герлік қабілетін әлсіретіп алуыңыз мүмкін», – дегені бар.

Соны ес­ке­ріп, ӘмірТемір осы өлкенің ұс­та­ла­рын жинап алып, арба-арба жебе жасатып отырды. Сондай-ақ, ұсталарды үнемі жорыққа да бірге алып жүрді.

Еуропалық христиандарды ашса алақанында, жұмса жұдыры­ғында ұстап келген найзағайдай жылдам Баязид сұлтан, Кіші Азияға Ти­мур­ды жібергісі келмеді. Ал Әмір Темірдің мақсаты – Кіші Азияны жаулап алып, содан кейін Үндіс­тан­ды, Мысырға дейінгі ел-жұрт­ты және Мысырды басып алып, сөйтіп, бүкіл Азия құрлығын өзінің иелігіне  алу  болатын.

«Барластың Сайыпқыраны» (Хильда Хукхэм) бұл кезеңге дейін бүкіл Орталық Азия елдерін біріктіріп, Кавказ бен Қырымды жау­лап алды.

1402 жылы шілде айының жиыр­ма сегізі күні Анкара түбінде сол заманның аса зор соғысы басталды.

Жалпы, Осман түріктері әскерінің үштен екісі Дешті Қып­шақ жерінің Жалайырлары болатын. Кезінде жаяу әскерлері көп елдерге шама­сы келмей жеңіліп қала берген соң, түріктер көшпелі қыпшақтар­дың хандары мен тайпа басшыла­ры­на елшілерін жіберіп, алтын мен күмісті аямай төгіп, олардың атты әскерлерін жалға алған бола­тын. Сөйтіп, осы Жалайырлар Осман түріктерінің империя болуына жол ашып берді. Қыпшақтың атты сарбаздарының күшімен Еуропа­ның және Азияның көпшілік бөлігін жаулап алды. Түрік янычарлары тек артта жүріп, демеуші соғыскер­лер­дің рөлін атқарды.

Осман түріктері мен Әмір Те­мір әскерлері Анкара түбінде соғысуға қарсы тұрған кезде жаңа­ғы Жалайырлар өз қандастарына қол көтеруге дәті жетпей, Әмір Темірдің жағына шығып кетті.

Оны испандық Клавиха былай деп жазады: «Когда они сблизи­ли­сь друг с другом для битвы, первое несчастье, которое обру­шилось на Баязида, было то, что кочевое пле­мя Жалайыры, все поголовно предали его, а так как они сос­тавляли главную часть его войск, то его армия была сильно осла­б­лена».

Амалы қалмаған Баязид қо­лы­на қылышы мен айбалтасын алып, со­ғыс­қа өзі араласты. Бірақ, көшпелі қып­шақ­тың болаттай мықты сарбаздары қойсын ба, жарты күнге жетпей, Түрік янычарларының тас-талқанын шығарды.

«Истребитель христианского Запада был разгромлен орлом Барласов» (Хильда Хукхэм).

Сұлтан Баязид пен оның жақтастары­ның көбі қолға түсті. Әйелдікке алғанына бірнеше ай ғана болған серб қызы Оливер мен ұлты түрік жас тоқалы Патма екеуі Әмір Те­мір­­дің қолына өтіп, жорықта жүр­ген императордың сүйіктісіне ай­налды.

Оңбай жеңілген Ұлы Түрік қағанатының көтерілуіне жарты ғасырдан аса уақыт кетті. Осман империясын бір жорығында ғана ойранын шығарып, құрдымға кетірсе, Алтын Орда империясын үш рет соққы беріп, әрең әлсіретті. Бірақ, ыдырата алмады. Алтын Орда Тоқтамыс пен Едігенің және Мамайдың таққа таласуынан жеке хандықтарға бөлініп кетті.

Бейсенғазы Ұлықбек

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333