Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3964 9 пікір 25 Тамыз, 2023 сағат 14:16

Қазақша білмейтін балалар үшін кім жауап береді?

Сурет: Әлеуметтік желіден

Биыл еліміздегі біреше аймақта 1 сыныпқа баратын балалардың басым бөлігі орыс мектептерін таңдаған екен. Бурахан Дақанов достың шағын постында осыны аңғардым.

Қателік қайдан кетті? Балалар әлуметтік желіден шықпайды, ата-аналардың оларға қарауға шамасы жоқ. Тіпті ата-анасы таза қазақша, керек десеңіз, орысша сөйлеспейтін отбасыларда балалар ана тілін білмейтін деңгейде. Адам айтса, нанғысыз жағдай. Сондай бірнеше ата-ананы көріп таң қалдым. Смартфон ата-анасын алмастырған балада қазақ тілі де жоқ.

Ал отандық анимациялық фильм саласы ақсап тұр. Оны билік органдары қолдан ауыздықтап, тұқыртып отырғанын мойындау керек. Бұл ең үлкен мемлекеттік стратегиялық бағыт екенін шенеуніктер түсінбейді, түсінгісі де келмейді. Елімізде 30-дан аса анимациялық компания бар. Бірақ олардың некен-саяғы ғана жұмыс істеп тұр. Неге? Себебі, анмациялық өнім өндірісіне берілетін қаражат мардымсыз. Ал жұмыстың шығыны шаш-етектен. Режиссер, композитор, сценарист, анматорлар және тағы басқа мамандар қаражаты дұрыс болса ғана, дұрыстап жұмыс істейді. Патриоттық сөздер өтпейді. Өйткені, еңбек оңай емес.

Белгілі анимациялық режиссер Адай Әбелдинов бізге берген сұхбатында жемқорлықтың бұл саланы да жаулап алғанын ағынан ақтарылып әңгімелеп берген еді.

Дәл осы салада басшылықта әке, көкелер сіресіп отыр. Олар қазақтың болашағына, кішкентай бүлдіршіндеріне жаны ашыса, сәбилердің тілі орысша шыға ма? Балалардың түк кінәсі жоқ.

Ендеше, кішкентай періштелердің обалы безбүйрек шенеуніктер мен немқұрайлы ата-аналарға.

Қазір қазақ аниматорлары жұмыссыз босып жүр. Тұрақты жұмыс болмаған соң дамуы да қиын. Ал шенеуніктер шын жанашыр болса, оларды жобалар беріп, жұмыспен қамтымақ түгіл жиі-жиі шетелге шығарып оқытып отырар еді.

Министрліктер млрд, тіпті трлн қаражатты жұтып отыр. Бір халықаралық форумға 187 млн теңге бөлгенін байқап қалып шок болған едім. Солай жалаулатқан іс-шаралардың нақты пайдасы қандай? Ал нақты жұмыспен айналысып жатқан отандық компанияларға неге дұрыстап қаржы бөлмейміз? Айналайын-ау, анимация саласы қазақ елінің болашағы ғой. Өз болашағымыздан қызғанған қаражат опа бере ме?

Арман Әубәкір

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315