«Билік-Диалог-Қоғам»: Екінші «қаңтар» болмасын десек...
30 тамызда Астанада «Билік-Диалог-Қоғам» атты алғашқы Қазақстандық қоғамдық-саяси форум өтеді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және 2023-2024 жж. қоғамдық-саяси маусымының басталуына қарай «Жас кәсіпқойлар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.
Жиынның негізгі мақсаты: Қазақстандық саяси билік (әрі қарай – Билік) пен Қазақстан халқы (әрі қарай – Қоғам) арасында диалог орнату, елімізде демократиялық өзгерістерге қол жеткізу.
Қазақстандағы мемлекеттік институттар, оның ішінде саяси партиялар билік пен қоғам арасындағы диалогты тиімді жүргізе алмай келеді. Өйткені биліктің бастамасы қоғамның сенімін тудырмайды.
Қайғылы «Қаңтар» оқиғалары мен өткен сайлаудан кейін елде әлеуметтік қақтығыстардың саны бірнеше есе өсті, бұл қайғылы жағдайдың қайталануына әкелуі мүмкін. Қоғамның өзінің бастамасымен билік пен қоғам арасында диалог орнатудың шұғыл қажеттілігі туындады.
Аталған жиынға Президент Тоқаев бастаған, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, ПӘ жетекшісінің орынбасары Аида Балаева, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Парламент спикерлері Мәулен Әшімбаев пен Ерлан Қошановтар қостаған саяси басшылық түгел қатысады деп жоспарланған.
Спикерлердің арасында Мәжіліс депутаттары Ермұрат Бапи, Абзал Құспан, Ринат Зайытов, Қазыбек Иса, Мақсат Толықбайлардың есімдері аталады.
Олардан бөлек, құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов, қоғам қайраткерлері Уәлихан Қайсаров, Зәуреш Батталова, Алмасбек Садырбаевтар да спикерлер тізімінде.
Форумның арнайы қонағы – Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин делінген.
Abai.kz