Сенбі, 23 Қараша 2024
Айтыс 3291 5 пікір 7 Қыркүйек, 2023 сағат 15:01

Қостанайдағы Путинге арналған ескерткіш

Бұл Қостанай қаласының орталық саябағының адамдар көп жүретін қақ ортасына қойылған ескерткіш. Қасынан күнде өтемін. Өтемін де қалың ойға шомамын. Бұл ескерткіш нені меңзейді, нені аңғартады? Тамаққа тойып алып, ештеңені де ойламай, қарынды сипап жата беретін қазақ деген халықтың жиынтық образы ма?

Өзіміз шекаралас облыс болған соң, көршіміз Ресейден күнде ағылып келіп жатқан қалың орысқа мақтана айтар дүниеміз бе, бұл? Әлде осындағы орыстар мен мәңгүрт қазақтардың «халқымыздың бүгінгі келбеті осындай» деп, бөтен жұртқа әдейі мазақ ету үшін ойлап тапқан қулығы ма?

Айтпақшы, мұның авторы да өзіміздің қазақ болып шықса да мүлдем таң қалмаспыз.
Бізден тек бір ғана өтініш. Жалқау қазақтың жанына арақтың бөтелкесін ұстаған орыс мұжығын қосып қойса, нағыз интернационалдық, халықтар достығын жырлаған таптырмас тамаша ескерткіш болып шығар ма еді?

Сосын жақында ғана осында ат басын тірейтін Ресей «патшасы» Путин келгенде қуана көрсетер едік. Тамаша бастама емес пе?

Жайберген Болатов

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383