Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
46 - сөз 3915 46 пікір 13 Қыркүйек, 2023 сағат 14:27

Қазақ хандығы ислам мемлекеті болды ма?

Қазақ хандығы шын мәнісінде Жошы ұлысының шығыс бөлігіндегі Шыңғыс қаған әулетінің ұлыстары, жаңа құрылған мемлекет емес, өйткені билік бәрібір Жошы әулетінің қолында болып келді.

14-ғасырға дейін оңтүстіктегі кентті аймақтарды есепке алмағанда далалықтардың дені тәңірлік дүние танымда болып келді. 1312-жылы Өзбек хан ислам дінін қабылдап Жошы ұлысы элитасы исламға бет бұрды. Бұл туралы Өтеміш Қажының «Шыңғыснаме» кітабында келтіріледі. Өзбектің исламды қабыллауында өзгеде себептер болған сияқты деседе, Өзбек хан хат, мөрлерінде тәңір атауын қолдана берген. Өзбектен кейінгі Абдулла ханның пайзасынанда бұны байқауға болады. Алтын орда хандарының исламды қабылдауы тұтас далалықтар исламданып кетті дегенді білдірмейді. Осы оқиғадан соң Алтын орда мемлекет туында өзгеріс туылады. Каталауын атласында (1339.ж) Алтын орда туына ай белгісі қосылады. Демек дінді қабылдау 1313-тен кейін болған, деседе көптеген Шыңғыс әулетінің қарсылығына ұшырады, ақ орда ханы Ерзен Өзбекке бағынбай қарсы шықты, екі арада соғыс болып, 1320-жылы Ерзен хан өлтірілді. Ерзеннің орынына Мүбәрак хан болды, онан кейін Шымтай, оның орнын Тоқайтемір әулетінен Ұрыс хан иеледі. Ұрыстан соң Ақорда билігін Әмір темірдің қолдауында Тоқтамыс иелеп, тіпті тұтас Алтын ордаға билік құрды. Тоқтамыс хан да, Ұрыс хан да далалық дәстүрге адал болғаны көрінеді. Оған Тоқтамыстың жарлығындағы тәңір сөзі куә. Далалықтарда өзбектен бастап ислам дінін тарауы өте баяу болған. Батыс саяхатшыларының айтуынша көшпенділер (Еділ-жайықтағы ноғайларды) күштеп исламға енгізу Едігенің кезінде болған (1400-1440 жылдар). Деседе көшпенді ноғайлар формалық тұрғыдан қабылдағаны белгілі, өйткені бес уақыт намаз оқу, мешітте жұмаға бару, ораза ұстау ол көшпенділер үшін тиімсіз еді. Тағы бір себеп: Толығымен исламдастыру жауынгерлікті жоғалтатындықтан ноғайлар аруаққа сеніп, ұран шақырып жүре берді.

Демек Алтын орда зайырлы мемлекет болды, онда христиан, ислам, иудаизм, тәңірлік дін қатар өмір сүрді, шариғат ата заңы болмады.

1428-жылы Шибан әулетінен Әбілқайыр билікке келіп, ислам дініне ден қояды. Деседе оның бұл саясаты далалықтарға ұнамады, ноғай мырзалары, сібір хандары, Ұрыс хан ұрпақтары (Керей мен Жәнібек) оған қарсы шықты. Екі сұлтанның күресі аталары Ұрыс хан билігін жалғастыру болғаны анық. Осыдан соң екі сұлтанды жақтаған далалықтар қазақ атанды. Өзбек атауы Мәуераннахрға кеткендерге ғана қолданылатын болды.

1508-жылы Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани қазақ хандығына қарсы жиһад жасады. Ол туралы деректі Розбехан Исфаханидың «Бұхара қонағының естелігінен» көреміз. Бұл деректе:

Қазақтар хандары мұсылман, бірақ, халқы аруаққа сенеді, намаз оқудың орынына ата-баба аруағына ұқсатып жасаған киіз бұдтарға сыйынады. Сондақтан оларға жиһад ашу орынды деп қортынды шығарылған. Демек 1508-жылдары қазақ көшпенділері мұсылман деген құр аты ғана болған, тіпті анық мұсылман калимасын айтып, дінге кірмегендерде өте көп болған.

Оны Мұхаммед Садық Қашқаридың «тарихии азизан» кітабынан оқуға болады. Онда Қожа Ысқақ Уәли 1580-1590 жылдары қазақ-қырғыз арасына келіп, он жылда 180 мың адамды мұсылман дініне кіргізгені айтылады.

1680-жылы Тәуке ханның тұсында қазақ элитасында ислам діні сәл күшейгені байқалады. Оны Тәуке ханның Осман патшасына жазған хатынан білеміз, әсіресе, Түркістан маңындағы отырықшы сарттармен өзге отырықшыларда.

Деседе қазақ хандығында ешқашан ислам діні мемлекеттік дін болған жоқ, мемлекет заңы шариғат емес, далалық заң болды.«Қасым ханның қасқа жолы»,«Есім ханның ескі жолы» таза Шыңғыс ханның ясасы негізіндегі заң болды. Тәуке ханның түсында бір тармақ ислам діні белгісіне ие:«христиан дініне кірушілер тас боран етіп өлтіріледі» деген тармақ кірген.

Қазіргі зиялылар айтып жүрген Бұқар жырау сол дәуірдің адамы, деседе оған қарап тұтас қазақ бес уақыт намаз оқып кетті деу үлкен ағаттық.

Өзбек ханнан Абылай ханға дейін бастан аяқ тәңірлік дүние таным исламмен қатар жүрді, тіпті, далалық көшпенділер салтында керісінше басым болды. Тек Алланы мойындау болды, соның өзінде тәңір жаратушы атауы ретінде қолданыла берді. Оны «Еңсегей бойлы ер Есім» жыры мен Шалкиздің және басқа эпостардан көруге болады.

1780-жылдары қазақ хандары мұсылман дінін балаларына үйрету үшін татар, сарт моллаларын алдырып отырған, оған Әбілпейіз ханның хаты куә.

1780-де Шығыс Қазақстан онан кейін, Алтайға көшкен абақ керей ішінде бірде-бір дін өкілі болмаған, ол елге Бұқарлық Шахилмансур ислам дінін таратады, ол туралы тарихшы Асқар Татанай «тарихи дерек, келелі кеңес» кітабында жазған.

1785-жылы Ресей патшасы қазақтарды исламға терең кіргізу арқылы, жуасытуға бейімделген шариғаттарды таратуға татар моллаларын жібереді.

Демек 1313-жылы басталған исламның таралуы өте баяу болған, сондықтан 1313-1850-ге дейін даламызда мешіт болмады, қажыға барғандар болмады, тек форма жақтан өзін мұсылман санау, ал шын мәнінде тәңірлік дүниетаным салттарын ұстану басым болған қос дінділік өмір сүрді.

Қазақ хандығы жойылған кезде Ресеймен Қоқан хандығы екі бағыттан исламды терең таратты, ол туралы Шоқан Уалиханов еңбегін оқысаңыздар болады.

Ерзат Кәрібайдың желідегі парақшасынан алынды

Abai.kz

46 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3292