Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 2337 4 пікір 3 Қазан, 2023 сағат 12:56

АҚШ «Алтын Орда» жобасын жандандыруда...

Әлемге тікелей қауіп төндіріп отырған Ресей өзінің агрессивті саясатымен барлық көршілерін үрей құшағында ұстауда. Бірақ әлемнің дамыған елдері Ресейдің бұл саяси-әскери бопсалауына тас-қамал тосқауыл білді.

Батыстың бүгінгі Орталық Азия елдері болып табылады. 19 қыркүйекте Нью-Йоркте АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттерінің, сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Энтонидің қатысуымен «Орталық Азия-АҚШ» («С5+1») саммиті болып өтті. С5+1 саммитімен қатар Сеул тұрақты серіктестік алаңын құруды жоспарлап отырған бірінші Орталық Азия-Корея парламенттік форумы да болды. Сеулден бір қадам кейін қалуды көздемеген Токио да осындай бастаманы алға тартып отыр.

Блинкеннің осы ареопагқа қосылуы ұжымдық Батыс дипломаттары үшін тапаншадан атылған оқ болды. АҚШ та,  ұжымдық Батыс та бұдан ары ОА «таңдалған қалыңдық» ретінде саяси-экономикалық арбау процесінің екінші айналыма көшті. Бұрын ол болмасаң бұл дейтін аймаққа қатысты өмірлік мүдделері мен мақсаттарын мүлдем өзгертіп, тек Ресейге ғана емес, сонымен қатар Қытайға және Түркияға қарсы батыл әрекеттер жасай бастады. Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері ішінде Тоқаев қос империямен ортақ шекарасы бар көшбасшы елдің тізгінін ұстаушы реітнде 29 қыркүйекте Германия канцлерімен кездесті.

Жақында Орталық Азия елдерінің Бельгиядағы елшілері Еуропа колледжінде еуропалық дипломатияның бұрынғы басшысы Федерика Могеринимен және ЕО дипломатиялық қызметі басшылығының өкілдерімен кездесу өткізді.

АҚШ қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы Майкл Курилла Ташкентке келіп, Өзбекстанның Қорғаныс министрлігімен «әскери саладағы жетістіктер мен ынтымақтастықты жалғастыру мүмкіндіктерін» және «алдағы уақытта жүзеге асыру жоспарланып отырған мәселелерді» талқыға салды. Осы сапармен бір мезгілде Ташкентте Курилладан бөлек Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, АҚШ және Пәкістан қорғаныс министрліктерінің жоғары лауазымды әскери қызметкерлері қатысқан Орталық және Оңтүстік Азия елдері бас штабы басшыларының конференциясы да болып өтті.

Көріп отырғанымыздай, қазір ұжымдық Батыс та ниет білдіру деңгейінде әзірге нақты келісімдер мен қол қойылған келісімдерсіз Орталық Азияға орасан зор қызығушылық танытуда. Әзірге батыс жағы аймақ елдерінің алдына Орталық Азияның Батыспен әріптестік орнатқан жағдайда оның болашағына қатысты өз мүддесін ашық білдірумен ғана шектелуде.

Орталық Азия дипломаттары мен әскери қызметкерлерінің батыстық әріптестерімен өткізіліп жатқан барлық кездесулерінің лейтмотиві Ресейдің ықпал ету аймағынан шығу, Қытаймен байланыстарды суыту, сонымен қатар Түркиямен кіндіктестіктен ажырап, жаңа тұрпаттағы әріптестікті өмірге әкелуге қадам басау.

Аймақ соңғы рет 2000-шы жылдардың басында Ауғанстанға ұжымдық Батыстың халықаралық басып кіруіне байланысты Орталық Азияда әскери базаларға шұғыл түрде мұқтаж болған кезде ғана осындай «таңдаулы келін» саясатының кебін киген болатын. Айтпақшы, қазір Мәскеуде тыйым салынған Кремльдің аталған мәселеде Вашингтонға қалай белсенді көмектескені туралы естеліктер бұл фактіні саяси жадыдан өшіруі еш мүмкін емес.

Рас саяси «таңдаулы келінге» үйіп төгіп «уәде беру – үйлену деген сөз емес», сол кезде Батыстың аймақ елдеріне уәде еткен алтын тауларының көпшілігі орындалмай қалды. Бірақ бұл Батыс дипломаттары үшін кедергі емес, енді «алданған қалыңдықты» азғыру процесі екінші айналымға көшті. Алайда, бұрынғы алға қойған мақсаттар мүлдем өзгеріп, басым жағдайда антиресейлік, сонымен қатар аздап анти-қытайлық және антитүрік ұстанымның шет жағасы қылтиды.

Соңғы кезде ұжымдық Батыстан алған экономикалық, саяси және әскери ұсыныстардың тізімінің қара құрасы артып, егжей-тегжейленіп, аймақтағы қытайлық логистикалық жобаларға, Орталық Азия мемлекеттері арқылы ресейлік «параллельді импортқа» кедергілер жасау, аймақтың мұнай мен газдан сирек кездесетін металдарға дейінгі табиғи ресурстарын игеруге қол жеткізу және түрік қаруының экспортын шектеуге талпыныс жасалыну арқылы Батыстың ұжымдық «орталық азиялық қалыңдықпен» танысуының түпкі мақсаттары алға шықты.

Батыстың «берген қолым алаған» дейтін серіктестік ұсыныстары ең болмағанда Орталық Азия элиталарының кейбірінің әм кейбір мемлекеттердің басын айналдыруы әбден ықтимал. Ұжымдық Батыс қауымдастығының бүкіл аймаққа қатысты  мүддесінің барша нышан-белгілері енді ғана пайда болуда. Олар аймақішілік қарама-қайшылықтар мен қақтығыстар жете бағамдып, аймақтағы ең ірі елдер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекетаралық бәсекелестіктің аражігін қалай байыптауға ден қойып отыр.

Түйіндей айтқанда, Батыс Орталық Азиядан өздері үшін не қажет екенін бек жақсы білсе, аймақ елдері Батыстан не қалайтынындығының бас-жағын айырып алған алмағандығы ресейлік тас бұғаудан босаған сәттегі әл-әзір ешкім талқылай қоймаған  үлкен мәселе. Сондықтан, дәл қазір ештеңе жоққа шығара алмайтынтын жағдайдың тыныс-тіршілігі дәл осындай. Ең бастысы, Орталық Азия ұлы қағанаттар мүдделерінің тоғысында адаспайды, уәдеге алданып қалмай, ең алдымен, өз мүдделері үшін саналы шешім қабылдай дегенге имандай сенейік!

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357