Қытай: Осы заман әйелдер әдебиеті және Сән Шуе
Гүлдер қабырғаның ішінде гүлдейді,
ал қабырғаның сыртында хош иіс шығады.
Сән Шуе
Қазанның 5-і күні кешке әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарының тізімін ресми түрде жарияланады. 2000 жылы Нобель алған Эмигрант жазушы Гау Шиңжиянды қоспағанда Мо Яннан кейінгі Қытай жазушысы 残雪Can Xue Сән Шуе (Кан Сюэ) әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ең жақын тұрған үміткерлердің бірі. Британдық букмекерлік веб-сайт Nicer Odd's Нобель сыйлығының коэффициенттері тізімінде Қытай жазушысы Кан Сюэ басында тұрғанын көрсетті.|1|
Әйелдер мәдениетінің қытай әдебиетіне әсері прозаиктер мен ақындар арасында әйелдер санының көбеюінен ғана емес, әдеби шығармаларда әйелдердің басты кейіпкерге айналуынан да көрінеді. ХХ ғасырдың екінші жартысында «әйел прозасы» ресми түрде қазіргі қытай әдебиеті контекстіндегі құбылыс ретінде көзге түседі. Мұның алғы шарты Қытай экономикасы мен мәдениетінің өмірдің барлық салаларында жедел дамуы, халықаралық қатынастардың табысты өрістеуі, қоғамдық ойдың жаңа бағытта дамуына серпін берді.1985 жылдан бастап қытай жаңа заман әдебиеті өзгеше дамудың жаңа сатысына көтерілді, айталық, «жаралы әдебиет», «кері ойлау әдебиеті», «тамырын іздеушілер» қатарлы әдеби ағымдар қалыптасып, қытай қаламгерлері өз ұлттық құндылықтарын іздеп, оны ұлықтай бастаса, енді оған мүлде ұқсамайтын «реформа әдебиеті», «замануишілер», «Аванград», «еркін ойшылдар әдебиеті», «қала әдебиеті», «дала әдебиеті», «ақылды жастар әдебиеті», «әйелдер әдебиеті», «салдаттар әдебиет» деп көптеген әдеби ағымдар мен үрдістер қалыптасты. Әдебиетте екі үлкен бағыттың төбесі көрінді, бір топ ұлттық дәстүрге қайту, тамырымызды табайық, әдебиет халықты тәрбиелейді десе, енді бір топтағылар әдебиет жалпы қоғамның шындығын болған болған күйінде дәл өзін жеткізуі керек десті. Әдебиет осылай екі топқа бөлінді: біріншісі – таза саяси әдебиет, ағартушылық бағыттағы қоғамды тәрбиелейтін эстетикалық көркем әдебиет. Бұған бұрыннан келе жатқан қатып қалған қалыпқа салатын, теориядан ұзап кете алмайтын тұсалған әдебиет кірді. Екінші топ қиялмен алысқа баратын, адам жанына терең бойлайтын, метафизикаға енетін, көпбағдарлы тірі әдебиет болып саналды. Енді жазушылар мен ақындар бұрынғыдан өзгеше сан тақырыптарда қалам тербеді. Екі бағытта өз қанаттын жайды, ал оқырман өз қалауы бойынша кергін алуға тура келді. Деседе қытай әдебиетінде батыстық құндылықтар мен қытайлық дүние таным синтезделе бастады, керісінше өздерінің ұлттық өзегін қытайлар қайта тапты, ежелгі кісілік құндылықтарды іздей бастады, үлкен «мен» орнына кішірейген «мен» ауысты. Демек, бұл кезең қытай әдебитінің тамырына қайта оралған кезеңі, сонымен бірге эстетика жаңарып, еркін ойлау болды, әдебиет шынымен де ішкі төңкерісін басынан өткерді, тұманни бағыттағы сан алуан өлеңдер жазылды. Жазушылар мен ақындар бұрынғыдан өзгеше тақырыптарда қалам тербеді. /2.455-461/
Жазушылар арасындағы әйелдер үлесінің айтарлықтай өскені XX ғасырдың басынан бері байқалды. 1995 жылы Бірлескен мемлекеттер ұйымы әлемдік кезекті 4-ші әйелдер мәжілісін Бейжіңде өткізді. 1990 жылдан бастап әйелдер әдебиеті Қытайда жаңа белеске көтерілді. Бұл әйелдер тақырыбында жазатын жазушылар мен әйел қаламгерлерді бірге қамтиды. Сы Чуан «Халық» баспасынан шыққан «Қызыл бұрыш» атты цанундер жинағы, Бейжің «Хуа И» баспасынан шыққан «Атына заты сай дарынды әйелдер» сияқты кітаптар оқырманға жол тартты. Сонымен қатар әйелдерге арналған газет-журналдар пайда болды. Осылайша, тек әйелдер тақырыбын сөз ететін басылым көбейіп, «Жаңа заман әйелдер әдебиеті» ресми түрде қалыптасты, мұнда әйелдер тақырыбын жазатын атақты жазушылар шоғыры көзге түсті. Оның ішінде Сән Шуе, Чын Ран, Лин Бай, Хай Нан сияқты қаламгерлер ерекше танылды. Олардың басқаларға ұқсамайтын өзіндік стилі мен тілі, атау-терминдері қалыптасты, олар Батыстың әйел тақырыбын жазатын жазушылары мен гендерлік саясатқа еліктеді. Бұндай туындылардың қатарына Чын Ранның «Тағы бір құлағыма сылдырлатшы», «Өткен істер үшін тост көтерейік», «Жеке өмір», «Ана», «Әке» шығармаларын жатқызуға болады. Бұл жазушының ерекшелігі – өте қиялшыл, сонымен бірге әйелдің ішкі дүниесінің қатпары мен ешкімге ашылмас сырларына үңіліп, әйелдің дене бітімін суреттеуге ден қояды. Ал Лин Байдың «Олар» атты шығармасына қарап отырсақ, оның білімінің шексіздігі, әйел заты туралы терең толғанысы байқалады. /3, 97/
Кан Сюэнің биылғы жылы жарық көрген «Жаңа ғасыр махаббат хикаясы» романының дүмпуі үлкен болып тұр. Бұл кітапті Мо Ян шығармаларын аударған атақты аудармашы Анна Чень аударған. «Жаңа ғасыр махаббат хикаясы» Швецияда жарық көргеннен кейін қызу пікірталас тудырды. Кітап туралы көптеген жергілікті БАҚ жазды. Жақында кітап Швецияның ең үздік аударма әдебиет сыйлығын жеңіп алды.
Гүлдер қабырғаның ішінде гүлдейді, ал қабырғаның сыртында хош иіс шығады.
Кан Сюэ қандай жазушы?
Қытайда Кан Сюэ өте қарапайым және жұмбақ жазушы. Ол қоғамдық іс-шараларға сирек қатысады және оқырмандар кездесу, пікір алмасуларда төбе көрсете қоймайды. Ол өз елінде ешқашан беделді отандық сыйлық алған емес, бірақ бүгінде ол Нобель сыйлығына үміткер. 2019-20-22 жылдар Нобель сыйлығының коэффициенттер тізіміне енген жазушы.
Кан Сюэ қазіргі қытай жазушыларынан оның үш артықшылығы бар: бірінші шығармалары шет тілдеріне ең көп аударылған, сонымен бірге шетел университеттерінің оқулықтарына еніп талданып зерделенген, ғылыми айналымға түскен. Екінші Кан Сюэнің 90-ға жуық шығармасы ағылшын, француз, неміс, жапон, швед, итальян, вьетнам және басқа тілдерге аударылып, шетелде басылып шықты. Үшінші оның шығармалары Америка Құрама Штаттарында, Жапонияда бірнеше рет әлемнің көрнекті роман антологияларына таңдалды. Швед академиясының академигі Ма Юэран оны «Қытайдың Кафкасы» деп атаған. Америка жазушысы Сюзан Сонтаг: «Кан Сюэ Қытайдағы ең жақсы жазушы» деген. |1|
Кан Сюэдің шын есімі Дэн Сяохуа. Ата-бабасы Хунан өлкесі Лияаң ауданының адамдары. Өзі 1953 жылы Хунан өлкесі Чанша қаласында дүниеге келген. Ол бала күнінен өз алған бетінен қайтпайтын қыңыр мінезді болған.Әкесі кітапханада тазалықшы болып жұмыс істеді ол қызына жиі оқуға кітап алып келетін. Кан Сюэ бала кезінен «Андерсеннің ертегілері», «Үш патшалық романы» және басқа да классикалық шығармаларды оқыған. 1966 жылы бастаушты таусқан жылы басталған он жылдық аласапран оның оқуын шорт үзді. 1970 жылдан кейін туған жеріндегі бір шағын зауытта 10 жыл жұмыс істеді. Содан кейін киім тігетін мамандықты кәсіп етті. 1985 жылдан бастап ол шығармашылыққа келді.1988 жылы оның қытай жазушылар қоғамына мүше болған. Оның «Жаңа ғасыр махаббат хикаясы», «Шоқыдағы лашық», «Қалқыған бұлттар», «Лайсаң көше», «Қара жер ананың сыйы», «Жалаңаяқ дәрігер» сынды шығармалары оның атағын шығарған. Жазушының өзіндік қол таңбасы бар, стилі батыстық сиқырлы риалзімнің ықпалына ұшыраған авангард жазушы. |3. 97|
Кан Сюэ 1997 жылдан бері Кафка, Борхес, Шекспир, Гете, Данте, Лу Шүн сияқты қытай және шетел әдебиетінің әйгілі майталмандарының классикалық шығармаларын оқып қорытты. Шеберлердің рухани ойларының тереңдігі Кан Сюэге айтарлықтай әсер етті. Кан Сюэ өзінің ерекше туындыларымен өзін дәлелдеді, ешкімге ұқсамайтын әдеби дүниетанымын дамытты. Ол шығармаларында адам жанына терең бойлады және адамның ішкі үнін тыңдады. Ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Шығармашылық қабілеті бар кез келген адам жазу үшін көп еңбектенуі керек, қай мәдениетті жазса да, ұлттық мәдениетті насихаттауға септігін тигізетінін қолдаймын. Әрине, стратегиялық тұрғыдан алғанда шетел әдебиетін көбірек оқыған тиімдірек, өйткені тамаша туындылар шығару үшін екі мәдениет біріктірілуі керек». Қытайда Кан Сюэ шығармаларына түрлі пікірлері айтылады. Жақсы көретіндер «ел қазынасы» деп санайды, ал жек көретіндер қолын бірақ сілтейді. Көптеген оқырмандар Кан Сюэдің романдары өте әдеби және көркем. Әр кейіпкердің өз әлемі адамды еріксіз тартады дейді. Шетелдіктердің ойлау жүйесіне сәйкесетін қытай жазушылары қытай оқырмандарымен оңайлықта тіл табыса бермейтіні шындық.
Кан Сюэнің шетелде атағы шығуы оның авангардтық әдеби жазудағы табандылығымен байланысты. 1980 жылдары отандық авангард жазушылар бірте-бірте реалистік жазуға бет бұрып, авангардтық бағытын жоғалтты, бірақ Кан Сюэ әлі де авангардтық стильді ұстанды. Оның абсурдтық пен оғаш шығармалары оқырмандарға біртүрлі оқу тәжірибесін береді. Кезінде Кан Сюэ өз шығармаларының шетел әдеби ортада орын алуын өз шығармасының ашықтығымен байланстырған. Ол «Мен әрқашан адамдардың жүрегіне тікелей соққы беремін. Бұлай істеу үшін Қытай және Батыс мәдениеттері бойыңызға сіңіруңіз керек. Мен қытаймын, туған мәдениетім менің қаныма сіңген. Бірақ мен батыстықтарды да жақсы көремін. Олардың рухани мәдениеттін үйренуден еш жалықпаймын» дейді. |1|
Жазушының шығармашылық кезеңі:
Бірінші кезең: 1985-1986 жж
«Лайсаң көше» мен «Шоқыдағы лашық» туындыларын оқырманға ұсынды.
Адамның «бұл әлемге кіруі» мен «бұл дүниеден шығуы» арасындағы қатынас. Бірақ шындық қорқынышты түске айналады. Кан Сюэнің алғашқы шығармалары кейбір сыншылар ойлағандай «сюрреализм» емес, шындық топырағынан тамыр тартады. Оның алғашқы шығармалары «қорқынышты шындықты» суреттеуге толы және тығыздықпен, жинақылықпен және әсірелеумен құнды.
Кан Сюэнің "Лайсаң көше" атты дебюттік романы - мәдени революцияның әсерін көрсететін шығарма. Онда бейнеленген өмірлік суреттер ұрпақ ұмытқысы келетін қорқынышты естеліктер: Онда адамдар лас жерде өмір сүреді. Қоршаған ортада балшық, шыбын-шіркей, шіріген саман үйлерде өмір сүреді, барлық жер сасық иіс пен қоқыс. Адамдар бір-біріне арамдық пен реніште қарым-қатынас жасайды. Ал отбасы мүшелерінде жылулық мүлдем жоқ. Жазушы сол көшедегі адамдарға аяушылық білдіреді. 1960 және 1970 жылдардағы қаланың түкпір-түкпірінде тұратын төменгі деңгейдегі қарапайым тұрғындардың бәрі белгілі бір дәрежеде ұқсас өмірді бастан өткерді.
Кан Сюэнің алғашқы шығармаларында адам болмысын таныту және «адам болмысына көзқарасын білдіру» көрінеді, ол әртүрлі қарым-қатынастардың шиеленісуінде адамдардың шынайы қызметін көрсетуге бағытталған. Қандық қарым-қатынас, күйеу мен әйел қарым-қатынасы, ғашықтардың қарым-қатынасы, көршілердің қарым-қатынасы, және әріптестік қарым-қатынастары суреттеледі. Тіпті адамдар өздері де түсіне алмайтын ең маңызды нәрселерді ашады. Сондықтан да ол өзімінің қалай жазатынымды да білмейін деген.
Екінші кезең: 1987-1990 жж
Оның «Дәлізге отырғызылған алма ағашы», «Қалқыған бұлттар» және сол кездегі атақты романы «жарылыс спектаклі» Әйелдің қабат-қабат жанын ашады. Адам рухына терең бойлайды.
Үшінші кезең: 1991-2001 жж
Өкілді шығарма – «жара» адам жанында терең жатқан нәрсеге тоқталып, суреттейді. Ол өз шығармашылығын тақырып етіп алып, өнердің болмысын саралап, «таза әдебиеттің» ең идеалды күйін көрсетеді.
Төртінші кезең: 2002 жылдан кейін
Ол бұрынғыдан өзгеше, стильің өзгертумен байқалады.«Сұң Миң ұстаз» және басқа да шығармалары басқа стильі. Онда бәрі қарапайым болғанымен, іздеген нәрсесі өте құнды. |1|
Жазушының бүгінде екі томдық жинағы сонымен бірге 11 романы жарық көрген.
Нұрхалық Абдырақын,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедарасының PhD докторы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- baidu.com
- 曹万生主编,中国现代汉语文学史。-756页
- Нұрхалық Абдырақын, Әсел Бисенбаева. Қазіргі заман қытай әдебиеті (ІІ бөлім).
- 中国现代文学: оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2023.
Abai.kz