Ресейдің құттықтауы: «Жерлеріңді біз қорғаймыз!»
Кеше әлемнің бірқатар мемлекетінің басшы-қосшыларыҚазақстанды Республика күнімен құттықтап, жеделхат жолдап жатты. Сондай үшбу хаттың бірін Ресей елшілігі жолдады. Көңілімізді күпті еткені де осы.
Ресей елшілігінің хабарламасындағы:
«Қымбатты Қазақстандық достар! Республика күні мерекесіне байланысты жүрекжарды құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Ресей үшін Қазақстан көрші мемлекет қана емес, әрі сауда-экономикалық әріптес те болып табылады. Сіздер бізге сенімді одақтас әрі интеграциялық әріптессіздер, сондықтан Ресей қажет болған шақта тәуелсіздіктеріңіз бен тұтастықтарыңызды қорғауға қашанда дайын», - деді.
Соңғы «Ресей қажет болған шақта тәуелсіздіктеріңіз бен тұтастықтарыңызды қорғауға қашанда дайын», - деген жолдар қоғамның талқысын тудырып отыр.
Өмірі қазақ десе қағынан жеріген құлын болып келетін Ресей елшісінің бұлайша сайрауының түп төркіні АҚШ-тың Астанадағы елшісі НАТО-ның Қазақстандағы бітімгерлік операциялар орталығын ашуы еді.
Путиндік Ресейдің мың құбылып, Қытайдан жақтау іздеп, ОА-ны «НАТО-дан қорғаймыз» деген жаңа тезисін өмірге әкелуге мәжбүр еткенін Ресей елшілінің осы бір құттықтауының астарынан байқауға болады.
Кезінде Хакім Абай «Шығысым Батыс боп» кетті деген еді. Біздің биліктің біразы Мәскеуді Бейжінге ауыстырған сыңайлы. Өйткені, еліміздің геосаяси орналасуынан пайда көрудің орнына саяси зиян көретін болдық. Ұжымдық Батыс пен АҚШ қызықтыратын «Саяси серкелігіміз» «саяси сайқымазақтыққа» айналып отыр. Қытай мен Ресейге айбат көрсете алмаушылықты «бұл біздің екі елмен бейбіт өмір кешудегі саяси дипломатиялық сыпайылығымыз» деп мипаздайтын болдық.
Осы мипаздауы Қорғаныс минстрілігіндегілерінің Ресей алдында ақталуынан аңғаруымызға болады.
«Сонда бізде орыс барлауы мен Мәскеу құптаған адамдар ғана биік лауазымды иеленеді ме» деген ойға қалады екенсің. Екі елдің «біздің тәуелсіздік пен тұтастығымызды қорғауға қашанда дайындығы» АҚШ пен НАТО-ны ОА-ға қазақ жері арқылы кіргізбеу екенін ұғатын кез келді емес пе? Азияның «Алтын қақпасын» қорқақ министрлер ұшпаққа шығара алмайды!
Сонда біздің биік лауазымдағылар халыққа жағу үшін емес, Бейжін мен Кремльге жағыну үшін орынтақтарын иеленгендер ме деген сауал көңілді күпті етеді. Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңіледі деген сөзді осы басышлар басқарған мекемелердің маңдайшасына батпитып жазу қою керек сияқты.
Abai.kz