Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2016 6 пікір 28 Қазан, 2023 сағат 18:34

Смайылов мырза, «Ескі Қазақстанға» қашанғы елеңдей бересіз?

Бүгінгі апатқа, ертеңгі Азалы күнге тікелей жауапты екі адам бар. Біріншісі – әрине, «АрселлорМиттал» компаниясының басшысы Лакшми Миттал. Айыбы одан мысқалдай кем емес екінші кісіміз – Премьер-министр Әлихан Смайылов.

Бұлай деуіміздің бірнеше себебі бар. Оның кейбірін Мәжіліс депутаттары Ермұрат Бәпи мен Абзал Құспан өздерінің Фейзбук әлеуметтік желісіндегі парақшаларына жазған екен.

«Қарағанды шахтасында ҚАЗА ТАПҚАНДАР САНЫ 40 АДАМҒА ЖЕТУІ МҮМКІН...» – дейді Ермұрат Бәпи.

«Әзірге, сағат 13:40-қа 21 адамның өлімі анықталды.

Құдай сақтасын! Бірақ, өкінішке қарай, кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей нұсқауымен Митталдың жеке меншігіне берілген «АрселорМиттал Темиртау» (АМТ) компаниясына қарасты Костенко шахтасында болған апаттан 200-ден астам кенші жер астында қалды деген хабар келді. Оқиға басында құтқару операциясымен айналысып жүрген жігіттердің хабарына қарағанда, өрттің арғы жағында, терең забойда қалған 30-ға жуық адамды құтқару мүмкіндігі азайған сияқты... Қазірдің өзінде қаза тарқандар саны 11 адамға жетті.

Қазақстан металлургиясының флагманы аталған «Қарметкомбинатты» Митталдың меншігінен кері қайтарып алу мәселесі осыдан бірер ай бұрын – кезекті адамдар өліміне әкелген апаттан кейін қозғалған еді. Міне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде біраз депутат көтерген осы талапқа Үкімет атүсті қарап, «АМТ-ны» кімге береміз деп, ырғалып-жырғалып жүргенде кезекті апат болды!

Әлихан Смайылов мырза, техника қауіпсіздігін қаперсіз қалдырып, Қарағанды кеншілерінің баудай қырылуына жол берген, жеке есебіне түсер миллиардтар қуып кеткен Митталдан «Карметті» қайтарып алуға не кедергі? Сіз әлі күнге дейін «ескі Қазақстан» жаққа елеңдеуді қойып, Қазақстан халқына қарай қашан бас бұрасыз?

«Аманат» партиясының Парламенттегі фракциясы (Елнұр Бейсенбаев мырза), сайлауда жеңіп шыққан партия ретінде 8-ші шақырылымның алғашқы сессиясында «аманаттықтар» ұсынған премьер-министрден «Карметтің» меншік иесін жедел өзгерту процессін бастауды талап етуді сұраймын!

СПРАВКА:
Данная ситуация наблюдается с 1995 года: в ноябре 1995 года в шахте имени Ленина в Шахтинске произошел взрыв метана – погибли 13 горняков; в ноябре 1998 года в той же шахте произошел взрыв газа – погибло 3 человек; в декабре 2004 года в шахте «Шахтинская» произошел взрыв газа в лаве – погибло 23 человека; в сентябре 2006 года на шахте имени Ленина произошел взрыв при замене труб – погиб 41 человек; в январе 2008 года в шахте «Абайская» произошел взрыв – погибли 30 человек; в ноябре 2021 года на шахте Абайская произошел внезапный выброс метана и угля – погибло 6 человек; в июне 2022 года на объектах компании АМТ погибло пять людей за неделю; 17 августа 2023 года произошел пожар в шахте Казахстанская – погибло 4 человека;» – деп жазды Ермұрат Бәпи Фб-парақшасына.

Депутат Абзал Құспанның болса:

«Түндегі апатта қаза болған шахтерлардың отбасы мен жақындарына тағы да қайғырып көңіл айтамыз...

Бүгіндікке қиналсам да бір емес, бірнеше БАҚ өкіліне сұхбат беруге, бірқатарынан бас тартуға тура келді. Айтар негізгі ойларым әзірге төмендегіше.

Өзекті өртейтіні – соңғы жылдары «АрселлорМитталТеміртау» өндіріс ошақтарында болған қайғылы оқиғалар тізбегі көбейді.

Осы уақытқа дейін «АрселлорМитталТеміртауға» қарасты кен орындарында болған апаттан 100-ден аса адам қаза тапқан, 150-ден аса адам түрлі деңгейдегі жарақат алған. Оның ішінде жарақатының ауырлығынан мүгедек болып қалып, еңбекке жарамдылық қабілетінен айрылғандары да бар. Былтыр бір аптаның ішінде бес жұмысшы қаза болғаны есімізде. Биыл тамыз айында «Казахстанская» шахтасында болған өрт салдарынан 4 адам бақилық болды.

Осындай кезде Үкімет қайда қарап отыр деген сұрақ туындауы заңды.

Сарапшылардың айтуынша, бұл апаттардың барлығы өндірістік қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындаған. Бұл туралы компанияға мемлекет тарапынан талай аудит жүргізіліп, мониторинг жасалды, компания басшылығына талай ескерту жасалды, айыппұлдар салынды.

Тамыз айындағы апаттан соң Президент атышулы компанияның орнына басқа инвестор табу туралы Үкіметке тапсырма берген. Түндегі апаттан соң «АрселлорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық келісімді бұзу туралы шешім қабылданды. Бұл көпшіліктің көптен күткен жаңалығы болғанымен, мұндай шешім бір күнде қабылданбайды, себебі оның құқықтық астары көп. Шамасы, былтырдан бері жүргізілген тексерулер мен бірнеше айдан бергі келіссөздердің нәтижесі осыған әкелді.

Осы тұста ескеретін бірнеше мәселе бар. «АрселлорМитталдың» орнына кім келеді? Отандық инвестор болса, құба-құп. Екінші мәселе – компанияға қарасты кен орындарына толық тексеру жүргізіп, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Мемлекет үшін азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігі ең бірінші кезекте тұрған мәселе. Бұл ретте Президенттің апат орнына дереу жетіп, бар жағдайға өзі қанығып, нақты ақпаратты алуы, шұғыл шешім қабылдауы – құптарлық.

Тағы бір мәселе – мемлекеттің халықаралық бизнес-қауымдастық алдындағы инвестициялық бет-бейнесін сақтап қалу, Қазақстанның экономикасына қаржысын салуға дайын, өз ісіне адал шетелдік инвесторларды тарту.

Бұған дейін «АрселлорМиттал» кен орындарындағы өндіріс қауіпсіздігін сақтауға қатысты, жергілікті халықтың денсаулығына тигізген зиян мен қоршаған ортаны ластауды азайтуға қатысты берілген шағымдар мен ескертулерді дұрыс орындаған жоқ. Мұны дәлелдейтін айғақ жеткілікті. Сонда да онымен келісім-шартты біржақты түрде бұзу халықаралық деңгейдегі жанжалға апармауын қадағалау керек. Кеше ғана қамауға алынған экс-министрдің ісінен белгілі: шетелдік кәсіпкер Статимен болған сотта Қазақстан миллиардаған шығынға батты, бірақ сонда да жеңіліске ұшырады. Яғни, мемлекет мүддесін кім қалай қорғайды деген мәселені майшаммен қарау керек.

Бұл орайда, Президенттің кәсіби біліктілігі, халықаралық аренадағы тәжірибесі мен беделі көмек болары сөзсіз», – деп жазды фейсбук желісіндегі парақшасына.

Сонымен, «АрселлорМиттал» мемлекет меншігіне қайтарылатын болды. Смайылов ше, отставкаға кете ме? Әлде, «өзі жарылып кеткен» шахтаны соттаймыз ба?

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5310