Сенбі, 23 Қараша 2024
1305 4 пікір 1 Қараша, 2023 сағат 23:20

Азат Перуашев: «Билік ескі сүрлеумен әлі жүріп келеді»

Бүгін Парламент Мәжілісінде 2024-2026 жылдарға арналған бюджет қаралды. Аталған жиында «Ақ жол» партиясның төрағасы Азат Перуашев бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Біз депутаттың Мәжілісте сөйлеген сөзін Abai.kz оқырмандарының назарына ұсынғанды жөн санадық.

Депутат былай дейді:

* Бюджет жобасын талқылау негізінен шектеулі сипатқа ие, себебі заңнамаға сәйкес, депутаттардың бюджет бойынша ұсыныстары үкіметтің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қаралады.

«Ақ жол» фракциясы конституциялық реформаны жүзеге асыру аясында парламенттің бюджетпен жұмыс істеудегі тәуелсіз рөлі туралы ұсыныстар жасағанымен, олар өтпеді. Сондықтан, бюджеттің концептуалды тәсілдеріне қатысты бірқатар іргелі сұрақтарымыз болса да қолданыстағы форматта жұмыс істеп жатырмыз.

* Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасынсыз бюджет жобасын қарауды жеткіліксіз деп санаймыз. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйекте «Ақ жол» фракциясы президент жолдауларын жүзеге асыру жөніндегі үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын парламентте бекітуді ұсынған болатын. Үкімет бұл «бюрократия» деп жауап берді.

Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі бюджетті талқылау да бюрократия болып табылады. Бірақ іс жүзінде бұл биліктің қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ететін процедуралар. «Демократия - бұл рәсімдер» деген қанатты сөзді еске сала кетейін. Ал бюджеттің үкімет бағдарламасымен бірге қаралуы – демократиялық процедуралардың маңызды бөлігі болар еді.

* Онсыз үкіметтің кешенді көзқарасын елестету мүмкін емес, ал, кейде құдды бір ондай көзқарас мүлде жоқ, тек жекелеген жобалардың жиынтығы ғана бар секілді көрінеді.

Жобаның нысаналы индикаторлары көп жағдайда анық емес, нақтылық жоқ.

Мысалы: 049 «Самұрық-Қазына» қорының жарғылық капиталын ұлғайту» бағдарламасы бойынша мақсат (цитата келтіріп отырмын) – «Қор компаниялары тобының тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру» деп көрсеткен. Түпкілікті нәтижесі - «2024 жылы «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобының жобаларын бөлінген қаражат шеңберінде қаржыландыру үлесі 100% құрайды». Бұны қалай түсінуге болады, жеке инвестицияларға тосқауыл қою мақсаты ретінде түсінеміз бе?

Бүкіл әлем жеке инвесторлар іздеп жүрсе, біздің «Самұрық-Қазына» мен үкімет іздемейді екен.

* Дәл сол жердегі 032 бағдарламасы: «Мұнай-химия технопаркі АЭА инфрақұрылымын салу үшін «Біріккен химиялық компания» ЖШС жарғылық капиталын ұлғайту. Көрсеткіштері – «Жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту».

Бұл шығындар қанша және қандай жобаларды қамтамасыз етеді, мемлекетке қандай пайда әкеледі,  нақты қанша жаңа жұмыс орны ашылады, бұл ЖШС-ға 50 миллиардқа жуық қаржы бөлінгенінен нақты қалай және кімнің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады?

* Тұтастай алғанда, ұсынылған жобаны бағалай отырып бюджет саясатының бағыттарында да, құралдарында да ерекше өзгерістердің жоқтығын атап өтуге болады. Билік ұлттық қорға қол салып, мемлекетті қарызға батыру шенеуніктердің жағымсыз әдетіне айналған 30 жылдық ескі сүрлеумен әлі жүріп келеді.

Бірақ жеке пайыздарды емес, негізгі әдістерді өзгерту керек.

* Оған қоса, бюджет жобасында біз көпбағытты векторлардың жалғасып келе жатқан алшақтығын көрудеміз: шартты шығындар бойынша шығыстардың ұлғаюы мен қайтарымды қаржыландырудың қысқаруы.

Мәселен, әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстар 17%-ға, қарыздарға қызмет көрсетуге және басқа да мемлекеттік қажеттіліктерге жұмсалатын шығыстар 10%-ға өсіп отыр.

Ал шынайы секторды қаржыландыруды, керісінше, 19 пайызға қысқарту жоспарлануда.

Бұл экономиканың негізгі ұстанымдарына қайшы келеді: ақша мен тауар массасының балансына. Өнімділіктің ақылға қонымды өсімінсіз шығыстарды ұлғайту -  тұтыну бағасы мен ұлттық валютаның тұрақтылығы үшін қауіп төндіретін инфляциялық бомба. Демек, Ұлттық банк те жоғары базалық мөлшерлемені көтеруді жалғастырады,  несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер аспандай береді, ал әкімдіктер бизнестің шығынға батып жұмыс істеуін талап ете бермек.

Қазақстанның "Ақ жол" ДП Шымкент қалалық филиалы

* «Ақ жол» фракциясы бюджетті әзірлеу кезінде үкімет қолда бар резервтерін толық пайдаланбайды деп есептейді.

- Салық саясатында әкімшілендіру қайталама салық болып шағын және орта бизнеске жүк болып түсуде, ал өте табысты секторларға (банктер, мұнай және металл экспорттаушылар) ешкім тиіспейді.

* Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік холдингтердің таза пайдасы бюджеттен сырт, парламенттің бақылауынан тыс пайдаланылады. Соңғы 5 жылда квазимемлекеттік сектордың таза пайдасы 5,7 трлн теңгені құраса, оның 10 пайызы ғана бюджетке жіберілген. Қалған 90 пайызы қоғамның бақылауы мен бюджеттен тыс пайдаланылады. Жүздеген миллионға тең бонустар және байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік алшақтық өсіп келе жатқан кезде «табысты менеджерлердің» шағын табының пайда болып жатқаны осыдан шығады.

Оның үстіне, салықтық емес түсімдерге қатысты (бұл ең алдымен квазимемлекеттік сектордағы акциялардың мемпакеті бойынша дивидендтер) - олардың бюджетке түсімін тағы 38%-ға қысқарту қарастырылған (402 миллиардтан 291 миллиардқа дейін).

* «Ақ жол» фракциясының сұрауларына қарамастан, Үкімет ӨБК шеңберінде жұмыс істейтін ірі мұнай-газ кен орындарынан Қазақстанның кірісі туралы деректерді жариялауға келісім бермеді.

Ал, БАҚ-тағы бейресми деректер әділетсіз, жемқорлық астары болуы мүмкін және қайта қаралуы қажет деп санаймыз.

Мұның барлығы - шынайы әрі ірі резервтер.

* Бірақ кірістерден бөлек, шығыстар резервтері де бар. Бюджет – кірісі де, шығысы да бар тамыр: егер шығындарды бақыламаса, онда оны ешқандай кіріспен толтыра алмайсыз. Бюджеттің ұлғайтылған шығыстары жемқор шенеуніктердің күнкөріс көзі болып қала беруде.

* Павлодар облысындағы ауылдардвң бірінде (Екібастұз қ. Зеленая роща ауылы) 80 оқушыға арналған мектеп 58 млн.тг салынса, көрші ауылда (Железин ауданы, Моисеевка ауылы) бар болғаны 3 жылдан кейін 50 оқушыға арналған мектеп 750 млн.тг салынады, яғни, 12 есе қымбат.

Жол құрылысында әр км-ге шығындарды 20-30% төмендетуге мүмкіндік беретін балама материалдар еленбейді және т.б. Барлық аймақтар мен салаларда бұндай мысалдар жетіп артылады.

* Тағы бір өзекті тақырып – сыртқы қарыз. Алдағы үш жылда мемлекеттің жалпы кірісінің үштен бірін (5,7 триллион) мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге бағыттау жоспарлануда. Сонымен қатар, мемлекеттік қарыз 2028 жылға қарай 34 триллионнан 50 триллионға дейін, яғни, 33%-ға өседі деп күтілуде.

Жалақысының үштен бірі несие төлеуге кететін қазақстандықтардың көпшілігіне қарызбен өмір сүр дегеннің не екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Және бұл өмір сапасына қалай әсер ететіні белгілі.

Үкімет тіпті қаржылық сауаттылық бағдарламасын жүзеге асырып, азаматтарды қарызсыз өмір сүруге үйретуде. Бірақ үкіметтің өзі мүмкіндігіне сай өмір сүруді үйрене алмай келеді.

* Қолдау көрсетуге лайық тұсы ретінде бюджеттің әлеуметтік бағдарының жоғарылауын (барлық шығындардың 40%-ы) атап өту қажет. Бұл Қарағанды облысындағы жантүршігерлік трагедия аясында өте маңызды, одан шығатын қорытынды ең алдымен қауіпті еңбек жағдайындағы азаматтарымыздың зейнет жасына байланысты, «Ақ жол» демпартиясы парламентте жұмыс істеп келе жатқан жылдар бойы осы мәселені айтуда.

* Біздің фракция Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттерді кезең-кезеңмен қысқартып, 2025 жылдан бастап толығымен тоқтатуды да қолдайды.

* Жоғарыдағы өкілеттіктерді бөлуді ескере отырып, бюджет бойынша шешімдер үкімет құзіретінде қалып тұрған кезде біз бюджет жобасымен келісуге мәжбүрміз.

Бұл ықпалды парламент пен есеп беретін үкімет тұжырымдамасына сәйкес келмейді, бірақ оны толық жүзеге асыру уақыт пен табандылықты қажет ететін сияқты.

Сол уақытта мемлекет басшысының Республика күні қарсаңында айтқан, бұл жұмыстың парламенттің қатаң бақылауымен жүзеге асуы керектігі туралы тапсырмасын негізге ала отырып, босаңсуға болмайтынын ескертеміз, министр мырзалар. Бүгінгі уәделеріңізбен емес, оны қалай орындағандарыңыз арқылы  жауап бересіздер.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371