Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 3603 1 пікір 3 Қараша, 2023 сағат 17:46

Түркі мемлекеттері ұйымы қандай ұйым?

ТМҰ бұрындары Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі деп аталды. ҚР Бірінші Президентінің бастамасымен Әзербайжан, Қазақстана, Қырғызстан және Түркия басшылары арасында Түркі тілдес мемлекеттердің 2009 жылы 3 қазанда Нахчыван (Әзербайжан Республикасы) қаласындағы 9-шы Саммитінде Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін (ТМЫК немесе Түркі кеңесін) құру келісіміне қол қойылды.

2011 жылыға дейін түркі тілдес мемлекеттердің басшыларының Саммиті форум форматында өтіп келді. ТМЫК Стамбулда 2021 жылдың қарашасында өткен VIII Саммитінде ол Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) деп аталынды.

Құрылымы:

- Мемлекет басшлары кеңесі (басқарушы орган);
- СІМ Кеңесі (басқарушы орган);
- Жоғарғы лауазымды тұлғалар Комитеті (қызметік орган);
- Түркі мемлекетінің ақасақалдар кеңесі (кеңесуші орган);
Хатшылық (штаб-пәтері Стамбул қаласындағы атқарушы орган).

ТМҰ хатшылығын Бас хатшы басқарады. 2022 жылдан бастап, бұл қызметті Қырғызстан өкілі, елші К.Омуралиев атқарып келеді.

ТМҰ өкілдігі Мажарстанда (Венгрия) 2019 жылдың 19 қыркүйегінде ашылды.

ТМҰ мақсаты – түркі мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқада байланыстарды тиімділікпен жан-жақты дамыту.

Мүшелері – Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Түрік Республикасы. Бақылаушы елдер болып: Мажарстан (2018) және Түркіменстан (2021) табылады.

Саммиттері:

ТМЫК тоғыз Саммиті оған мүше елдерде (ТМЫК I Саммиті – 2011 жылы 21 қазан Алматы,

ТМЫК II Саммиті – 2012 жылы 23 тамыз Бішкек,

ТМЫК III Саммиті 2013 жылы 16 тамыз Габала (Әзербайжан),

ТМЫК IV Саммиті – 2014 жылы 5 маусым Бодрум (Түркия),

ТМЫК V Саммиті – 2015 жылы 11 қыркүйек Астана,

ТМЫК VI Саммиті – 2018 жыл 3 қыркүйек Шолпан-Ата (Қырғызстан),

ТМЫК VII Саммиті – 2019 жыл 15 қазан Бақы (Әзербайжан),

ТМЫК VIII Саммиті – 2021 жыл 12 қараша Стамбул (Түркия),

ТМЫК IX Саммиті – 2022 жылы 11 қараша Самаркандта (Өзбекстан) кезектесе өтті.

ТМЫК төтенше Саммиті Әзербайжан бастамасымен COVID-19 пандемиясымен тиімді күресуге арналып, 2020 жылы 10 сәуірде онлайн өттіНәтижесі бойынша декларация қабылданды.

ТМЫК бейресми Саммиті Қазақстанның бастамасымен 2021 жылдың 31 наурызында өтіп, нәтижесінде Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялайтын Түркістан декларация қаблданды.

Биыл Анкарада 16 наурызда ТМЫК кезектен тыс Саммиті «Төтенше жағдайлардың менеджмент және гуманитарлық көмек» тақырыбы бойынша өтті.

Тұрақты түрде кәсіби министр мен сарапшылардың кездесулер мен отырыстары өткізіліп келеді. Сауда-экономикалық әріптестік және инвестиция, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту, жастар саясаты мен спорт, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қауіпсіздік, диаспор мәселелері т.б. қамтитын 20 аса жұмыс тобы бар.

ТМҰ аясында төмендегідей ұйымдар бар:

- 1993 жылы 12 шілдеде түркі халықтары мәдениетін рухани жандандыру үшін құрылған ТҮРКСОЙ.
- 2008 жылы 21 қарашада түркі елдері арасындағы парламентаралық байланысты бекемдеу құрылған ТүркіПА (Түркі мемлекеттері Парламент Ассамблеясы).
- 2010 жылдың 25 мамырында түркі әлемін зерттеудің халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы Түркі Академиясы Астана қаласында құрылды.
- 2012 жылдың 23 тамызында түркі халықтарының мәдени әм тарихи мұрасын жандандыру, дамыту және насихаттауға бағытталған жобаларды қолдауға арналған Түркі мәдениеті мен мұрасы Қоры өмірге келді.
- Анкарада биылғы жылдың 16 наурызында құрылған Түркі инвестициялық қоры жұмыс істейді.

ТМҰ мерекелік 10-шы Саммит бүгін 3 қазан күні Елордамыз Астанада өз жұмысын бастады. Осы Саммит барысында келесі төрағалық ету Өзбекстанға өтеді.

Біздегі өтетін Саммитке: Әзербайжан Республикасы Президенті И.Алиев, Қырғыз Республикасы Президенті С.Жапаров, Түрік Республикасы Президенті Р.Эрдоган, Өзбекстан Республикасы Президенті Ш.Мирзиёев, Венгрия Премьер-Министрі В.Орбан, Халк Маслахаты Төрағасы Г.Бердымухамедов, сондай-ақ, ТМҰ Бас Хатшысы К.Омуралиев, ТүркіПА Бас Хатшысы М.Сурейя Эр, ТҮРКІСОЙ Бас Хатшысы С.Раев, Түркі Академиясының Президені Ш.Мустафаев, Түркі мәдениеті мен мұрасы Қорының Президент Г.Эфендиева, Түркі инвестициялық қоры Президенті Б.Әміреев және ТМҰ Ақсақалдар Кеңесінің Төрағасы Б.Йылдырымдар қатысуда.

Осы Саммитте қабылданған бірқатар құжаттар:

1. Астана Актісі;
2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
10. «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;
11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371