Сенбі, 23 Қараша 2024
1567 2 пікір 9 Қараша, 2023 сағат 15:39

«Қасақана жасалмаған»: Семейдегі өрттің себебі анықталды

"Семей орманы" резерватындағы алапат өрттің себептерін тергеу жөніндегі арнайы комиссия өз қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев брифинг барысында арнайы комиссия Абай облысындағы орман өртінің себебін анықтағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, комиссия құрамына мемлекеттік органдар кірген.

"Арнайы комиссияның қорытындысы бар, онда өрттің тұтануына құрғақ найзағай себеп болғаны анық көрсетілген. Бұған дәлел бар – өртті тарауына себеп болған жеке ағаш. Бұл ресми нұсқа және біз оны ұстанамыз", - деді министр.

Нысанбаев Қазақстанда орманды қасақана өртеу фактілері болғанын мойындады. Алайда Абай облысында болған оқиға табиғи құбылыстардың салдары екенін айтты.

"Негізінен дала өрттері қасақана қойылады деп айту дұрыс емес. Статистика көрсеткендей, орман өрттерінің 70%-ы – ауылшаруашылық өрттерінің нәтижесі. Менің тәжірибемде Семей облысында жұмыс істеген шағымда тәулігіне 25 құрғақ найзағай болатын еді", - деді министр.

Еске салайық, “Семей орманы” резерваты аумағында 8 маусымда өрт тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін жетті. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңіріндегі ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. Қаралы оқиғаға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Бұдан бұрын Бас прокуратура орман өртінің шығуы себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын айтты.

Сондай-ақ, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420