Каспий құбыр консорциумы мұнай тиеуді тоқтатты
Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Қара теңіздегі қолайсыз метеожағдайға байланысты мұнай тиеуді тоқтатты. Бұл туралы КҚК мәлімдеді.
«2023 жылдың қарашасында Новороссийск теңіз портында күн райына байланысты ескерту бірнеше рет жарияланды, КҚК оны қатаң сақтады.
Еске сала кетсек, КҚК Теңіз терминалында мұнайды тиеу өнеркәсіп және экологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, жағалау сызығынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан созылып жеткізілетін айлақ қондырғылары (САҚ) арқылы жүзеге асырылады.
САҚ конструкциясы қолайсыз күн райы жағдайында, мұнай құюдың дәстүрлі құрлық жүйелері операцияларды тоқтатуға мәжбүр болған кезде мұнай тиеуге мүмкіндік береді», - делінген мәліметте.
Қазіргі кезде Новороссийск ауданында өте қолайсыз метеожағдай қалыптасты: жел екпіні 22-24 м/с (79,2-86,4 км/сағ), толқын биіктігі – 6-8 метр.
Новороссийск теңіз портының капитаны дауылды ескерту жариялады, оған сәйкес КҚК теңіз терминалында мұнай тиеу тоқтатылып, танкерлер күту орындарына жіберілді.
Компанияның резервуар парктері іс жүзінде толық. Осыған байланысты жөнелтушілерден мұнай төмендетілген режиммен қабылдануда.
Фото: ашық дереккөзден
Abai.kz