Жұма, 22 Қараша 2024
1299 1 пікір 28 Қараша, 2023 сағат 14:22

LRT-ны аяқтау үшін тағы қанша млрд керек?

Көлік министрі Марат Қарабаев Астанада салынып жатқан LRT құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау үшін келесі жылы шамамен 45 млрд теңге, ал жұмыс көлемі ұлғаяр болса 150 млрд теңгеге дейін қаражат сұратанын айтты.

«Биыл жобаға 52 млрд теңге бөлінді. Жыл басында осы соманы министрлік енді сұрап жатыр деген ақпарат тарады. Әңгіме ол жайлы емес. Ол сома бөлініп, іргетас қазықтарын қағуға бағытталды. Ол жұмыс 96 пайыз орындалды. Ал тіреу орнату жұмыстары 76 пайызға аяқталды. Құрылымдарын бір-біріне жалғау жұмыстары, білуімше, 82 пайыз жасалды. Бұл – биыл аяқталған жұмыстар», – деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ ведомство басшысы келесі жылы жобаға қанша қаражат қажет болатынын айтты.

«Келесі жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 45 млрд теңге керек болады. Қазір құрылыс алаңында 1,5 мыңға жуық жұмысшы еңбек етіп жатыр. Егер жұмыс ауқымы кеңейсе, онда қосымша 150 млрд теңгеге дейін қаражат сұраймыз. Алайда нысанды аяқтау жоспары 2025 жылға көзделген. Алғашқыда 8 станция мен 5 пойыз жұмысын бастайды, – деді министр.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322