Тіл саясатына демографияның қатысы жоқ, мырзалар!
Қазақстанда тіл мәселесі көтерілсе, демография да қоса әңгіме болатын ауру бар. Демография іске аспай отырған тіл саясатының жамылғысы болып отыр. Кәзір 70 пайыз қазақтар болса да, шетқазақтарды енді келтірмесек те, бұған 10 пайыз қазақтілді түркілер мен өзге диаспора өкілін қоссақ, Тіл саясатына ешбір демографияның кедергісі де қатысы да жоқ. Оның үстіне славянтекті жастар өз елдеріне үдере көшуде, тек қана қазақтармен өз өмірін байланыстырған бөлігі қалуда. Бұны нақты зерделеп, мемлекеттік саясат жүргізу қолға алынып отырған жоқ.
Ал енді президенттің «Не ущемлять казахстанцев по языковому принципу потребовал от чиновников корпуса "А" Нурсултан Назарбаев. (Tengrinews.kz.) деген уәжге келсек, бұл негізінен орыстілді қазақтардың пасық мүддесін қорғаған сөз. Бұның өзге ұлт өкілдеріне ешбір қатысы жоқ, қатысы болса, елдегі жарты миллион қазақтілді қазақ еместерді неге мемқызметке тоғытпай отыр? Кім кедергі? Оларды неге тілдік кемсітуге жол беріп отырмыз? Мәселе осында! Есі дұрыс қай ел мемлекеттік саясатты «тілдік кемсіту» деген әумесер уәжге қор қылады? Таразы табағына мемлекет мүддесі мен оны менсінбейтін адамдар тобын теңестіруге бола ма? Бұл да сарапдал саясат па, әлде елдің болашағына қойылған атом бомбасы ма?!...

Ал, орыстілді қазақтар кемсітіліп отырған жоқ, олар кәзір ие болып отырған тақтарынан алдын ала қағыламыз ба деген байбаламмен елбасының есігін тоздыруда! Айтылған президенттің сөзі осы әрекеттің салдары ғана. Себебі, мемқызметте 95 пайыз қазақтар екенін ескерейік! Елдегі бүкіл байлық пен билік ресурсының 60-70 пайызы біртілді орыстілді қазақтардың уысында. Сонда тілдік кемсітілуге кім ұшырап отыр екен?... Ал, аяғыңды қия бассаң орыс тілінен басқа тілді білмейтін дүбәрәлік қызметшілерді неге жөнге салмаймыз? Бұл жағдайды неге тілдік кемсіту ретінде аталмайды? 3 жылдан кейін елге ағылатын ЭКСПО келгіншілерін тек қана орыстілді дүбәрә бала-шаға қарсы ала ма? Неге қытай, ағылшын, мыңғол, венгер,неміс тілдерін меңгерген жастар шеттетіледі? Неге елде монотілдіділер монополиясы орныққан? Елдегі орыстілді ұрпақтың монотілді екенін ешкім де жасыра алмайды, ал қазақтілді жастар кемінде қостілді! Бұл шырқыраған шындықты қазақты қақ жару үшін емес, елді бүтіндеу үшін шырылдап айтып отырмыз. Тілдің салмағы неге тек қана елдің қазақтілді бөлігіне түседі, неге оны орыстілді дүбәрә бөлігі де қоса арқаламайды?
Біздің елде ісжүргізім бір ғана тілде - не қазақша, не орысша жүргізіледі.Қостілді жазба жүргізу деген бос сөз, бірақ мұрағат үшін орысшадан қазақшаға қотарылатыны белгілі. Тексерушілерге «2 тілде жүргіземіз» деп ақталу мен архив үшін ғана. Мұны президент жақсы біліп отыр. Тек Ресей естісін дегені.Бірақ ісжүргізімнің ел бойынша арасалмағы шамамен - 30 да 70. Соңғысы орыс тілінің пайдасындағы көрсеткіш.
Негізінде ісжүргізімді өңкей қазақша жүргізуге әбден болады, ұқпайтын басшылар мен қызметшілерге аударып берген дұрыс.Олардың қазақ тілі курсынан қашып-пысып жүрген еркетотай қызметшілерін мейлінше сауатты да әдепті, 2-3 тілді қызметшілермен ауыстырса, жетіп жатыр. Ал әлгілерді біртілді қызметке жегуге әбден болады, олар үшін елдік саясат неге қағажу көруі тиіс?! Мұндай ұстаныммен тіпті ел халқының қазақша білу-білмеуінің мемлекеттік ісжүргізімге ешбір қатысы жоқ екенін әйгілейтін уақыт жетті! Ісжүргізімді жүргізетін қатардағы мемқызметшілер, ал қажетсінсек - халыққа 140 тілде аударып беру мүмкіндігі бар: Халық ассамблеясының ең болмаса соны атқарып, ішкен-жегенін ақтауына мүмкіндік болады.
Қысқасы,тіл мәселесіне демографияның ешбір қатысы жоқ. Дені дұрыс елдердің бәрінде де осы тәжірибе әбден қалыптасқан. Мәселе елдегі тіл саясатының оңтайлы, ыңғайлы да ел саясатына айналуында. Мәселе – елдегі саясат жүгін тек қана бір бөлігі көтеріп, екінші бөлігін еркелетіп,біреуін кемсітіп, алдарқатып, екіншісін еркінсітіп, ешбір жауапкерлік артпай - біз дұрыс мемлекет құра алмаймыз! Осы саяси осалдықты бүркемелеу үшін оған демографиялық саясатты былықтырудың ешбір қиысыны жоқ. Мемлекеттік саясатты өтірік уәжге рәсуә етпей, нағыз тегеурінді шараларды қолға алу керек.
Елсерік
Abai.kz