Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 2410 0 пікір 18 Қаңтар, 2024 сағат 15:05

Ло Вэйцжаң. Жуыну

Әңгіме

Ло Вэйцжаң

(қытай жазушысы)

Жаралылардың барлығын тезден әкетіп, өлгендерді мүмкіндігінше жерледі. Тірі қалғандар қайғыдан қан жұтып, қирандыларды ашып, тоқтаусыз еңбек етті. Бұл жер сілкінісінен кейінгі үшінші күн. Сун Лян да үш күннен бері көз ілмеді.

Оның қонақ үйлерінде аздаған жарықтар пайда болған, ешкім зардап шекпеді. Алайда ауыл тұрғындарының үйлерінің жартысынан көбі құлап, он тоғыз адам жараланып, екі адам қаза тапты. Янерпо елді мекенінде 140-тан астам адам тұрады, олардың 60-тан астамы жұмыс іздеп сыртқа кеткен, бүгінде 80-ге жуық адам бар, қайтыс болғандар мен жараланғандар қазіргі бар жұрттың 30%-ға жуығы. Сун Лян қарттар мен балаларды өз қонақ үйіне орналастырды, басқалар жаралыларды құтқару жұмысында. Жасы елуге келседе бұл ауылы үшін ол жас саналады.

Кей кезде ауыл халқы тыныстап, салқын самал өбу үшін ауыл іргесіне шығады. Ол жерде отыруға немесе жатуға өте қолайлы толған ай тәріздес тас бассейн бар. Жер сілкінісінен көтерілген шаң-тозаң тас қазаншұңқырды топыраққа көміп тастаппты, бірақ бұл сүртсе кетеді. Үш күннен бері ол өз денесін топырақтан соғып алғандай ауыр сезінді. Алайда елге жасаған көмегіне дән риза. Оны бұл ауылдың тумасы емес деуге ешкімнің де аузы бармайды, не бәрі осыдан алпыс шақырым жердегі аудан қалашығының дәл кіндігінде дүниеге келген. Сонда есейіп ержетті. Университетке түскен жылдары ата-анасының қызметі басқа жаққа ауысып кетті де олар қайтып оралмады. Тоғыз жылдың алдында таулы аймақтағы ауыл-қыстақты дамыту науқаны басталғанда қонақ үйлер құрылысын жобалау үшін сәулетші ретінде аудан басшылығының үндеуіне үн қосып, «өзінің бір кісілік үлесін қосу үшін» осында келді. Сол кездегі аудан әкімінің сөзі бойынша жақсы сыйақы алып, өзі де қадірлі болатынына әбден сенді.

Ол осы өңірдегі барлық қонақ үйлердің сәулетін жобалады. Әу бастағы ойы жұмысын аяқтағаннан кейін қайтып кету еді, бірақ Янерпоға келгенде ол ойынан мүлде айныды. Янерпо ғажайып жер, науырыз айынан бастап-ақ, қырат-қарат жоталар жасыл желек жамылып, сай-сала аңғарлар суға толып, гүлдердің хош иісі мұрын жарады. Сан алауан гүлдер түнде ай нұрына шағылыса жарқырайды. Жерде гүл, көкте жұлдыз алма-кезек жымың қағады. Сун Лянның жанын толқытқан бұл жердің өзгеше желі болды, бұндай желді ол еш жерден көрмеген. Яньерпо таудың аңғарындағы ауыл. Оған баратын теңіз жағалауындағы тау жолы әлі толық бітпеген. Достарымен бұл жерге келген ол қалың тұманды кешіп отырды. Ауылдың кіреберісіне жеткенде ұйтқыған құйын тауды шайқардай, айналаны әбден әбігерге салды. «Сун Лян сонда тұңғыш рет желдің тылсым да сырлы үнін естіді». Бұрын соңды мұндай шатқалды да, желді де көрген емес. Осыдан кейін де талай жерді аралап, сан алуан әсем табиғатты тамашалады, дәл осындай ғажайыпқа кездескен жоқ. Бұл әрине жер астының үні, терең де қалың қабатқа жасырынған дю-перінің үні. Сол үн оны естен тандырды. Сун Лян амалсыз өзін жоғалтты.

Янерподағы қонақ үйді Сун Лян өз ақшасына салдырып атақ-даңқын аспандатты. Ол көбінде ауылдың кіре берісіндегі сол тас павильонында салынған қонақ үйінде отырып желдің үнін естиді және бизнесін де жүргізеді. Ауыл адамдарымен қарым-қатынасы сондай бір терең емес. Жаман деугеде келмейді. Бұл өз алдына бір әлем, ауыл халқы өз алдына бір әлем. Сун Лян нағыз қала адамы. Ауылға сіңіп кетуден қорқады. Ауылдың исін искеп жүрседе оны жұтпады. Сондықтан да ол ауылдан оңаша өмір дағдысын қалыптастырды. Көбінесе ол тас павильонында тығылып кітап оқиды, музыка тыңдайды, кофе ішеді, кун-фу шайын бықтырады, әрине, онда желдің сырлы үнін көп тыңдайды. Осылай ол өз туған қаласын Янерпоның тау шатқалына мүлдем айырбастап жіберді.

Тау шатқалы сілкініс белдеуіне орналассада бұнда жер сілкінісі ешқашан болмаған, ол мұндағы барлық қонақ үйлердің жобасын өзі жасады. Басқа  аймақтағы құрылыс жобаларының толық біткен-бітпегенін анық білмейді, оның білетіні осы ауылдағы желдің үнін тыңдайтын тас павильондағы қонақ үйді өзі жобалап жасатты. Бұл құрылысқа кеткен қаржының 40% жер астына көмді, солай сегіз балдық жер сілкінісіне төтеп береді деп топшылады. Бұл жақсы сақтық шарасы еді. Сун Лян да Янерпо шатқалының адамдары сияқты дені сау адамдар ауырып қалатынына, тірі адамдардың өлетініне сенбейді, жер сілкінісінің болатынына тіпті де сенбейді.

Тамыздың 9-ы күні түстен кейін әдеттегідей алдыңғы ауладағы шезлонгқа жатып, кітап оқыды.

Жарты бет оқып, ұйықтап кетті.

Ұйқыға кетісімен ол басқа бір кітап оқып кетті.

Шанхайда жүр екен, әне тағы да атақты Батыс көліне келіпті. Күн сәулесі суға сұғынады, көлдің беті көгілдір, алысқа көз салды, қалың тұман шөгіп тұр. Өткен әдемі эсселері осы тұманның ішінде жасырынпты. Қазір оның бәрі тарих болды. Қырық жасқа келгенше ол ешқашан шын ғашық болып көрмеген, сондықтан үйленуге тым жалқаулық танытты. Бірақ жарты жыл бұрын бір әйел жарқыраған Батыс көлінің оңтүстік жағалауынан оның мазасыз да құлазыған жалғыздық өміріне араласты. Онымен қураған сезіміне гүл шықты. Махаббаттары су буында толысты. Апта сайын ол Шанхайдан Ханчжоуға ғашығын көру үшін келді. Оны көрген сайын махаббат салмағы мысқалдап ауырлай түсті. Ол махаббаттың адамды ауыртатынын алғаш білді. Ол бұрын ешкімді сүймеген, сондықтан да ол ешқашан бұлай ауырып көрмеген. Алайда ол болашақ өмірін сол қыздың қолына тапсырғалы тұрғанда қу қыз басқа біреуге ғашық болды. Сол "басқа біреу" өзінің досы еді. Бұл байқұс ойында ештеме жоқ қызына барғанда сол досын өзімен бірге бірнеше рет ертіп барған.

Осы кезде оған барлық нәрсе қызыл болып көрінді. Жолдың арғы бетіне өтіп бара жатқандағы жасыл бағдар шам да қызыл болып жанды. Артынан бебеулеген машина сегиналына қатты ашуланды, жан-дүниесі боркемік болып, быт-шыты шықты. Тәні мен жүрегін терең құдыққа лақтырды, махаббаттын да құдыққа тастай бергенде күтпеген жерден өзінің қаңбақтай жеңілдеп, мазасы қашып, құр сүлдері қалғанын білді, енді ол нағыз қаңғыбасқа айналды. Талай түнді шарапханада өткізіп, мас болды, көше кезді. Кейде таң атқанға дейін далада кезіп жүрді, қаланың бұлыңғыр шамдары бұған мейіріммен қарап жаны ашыды, ол сонда ғана өзінің адасқанын білді. Ол махаббатына ренжіп, жаны қиналғанда оны туған жері шақырды.

Ол елдің өсегінен қашып онда бармады. Бар тапақан сылтауы «ел сөзіне не дейімін» деп жалтарды.

Бүгінде туған жер бір бөлек, ондағы туған ел өз алдына бір бөлек. Әрбір ұсақ-түйек ісіңді аңдып тұрады, сөйлеген сөзің, жүріс-тұрысыңа дейін зер салады. Бәрі мені жеті атасына дейін біледі.

Енді ол қызбен ешқандай байланысы болмаса да, әр қашан әр жерде бір жұп көз, тіпті екі жұп көз қадала өзіне қарап тұрғанын сезетін. Жақсы өмір сүріп, сол бір-екі жұп көзді алдамақшы болды. Енді махаббатты, қызғанышты бір жола ұмтқысы келді, енді ғашықтықпен ауырмайм деп ойлады, бірақ тамыры бар нәрсе қайта өсіп шығады емес пе. Біраз уақыт өткен соң баяғы әнін тағы айтты. Желдің үні, желдің күші оның беп әлпетінен көріне бастады. Оның беті барған сайын үлкейді.

Ол қыз оны тастап кетті. Енді бұған бәрі тұл. Махаббатты жек көрді. Бірақ сол құрғыр қу қызды ешқашан ұмытқан емес. Онымен он жылдан астам кездесіп жүрді. Бүгін түсте ол вестибюльдегі шезлонгта жатып оқыған кітапты сол қыз сыйлаған. Ол қызды жақсы көргендіктен ол берген кітапты дерлік жаттап алған. «Аң патшасы арыстан жүзі қызара бөртіп, жемтігін іздеп кетіп бара жатыр...» Сол күні осы сөйлемді оқыған жерден тоқтап, сол бір кермет көріністі  көз алдына елестетті. Ары ойлап, бері ойлап шатасып кетті. Ежелгі мифологияда ұйқы құдайы мен өлім құдайы егіз екен. Анау қызыл жүзді арыстан да өлім құдайы сияқты ма? Ол басқа аңдарға өмір мен өлімді береді, күн мен түнін сыйлайды. Күнің таңғы шығуын көрмеген адам толық адам емес, ол адам байқұс.

Тәні ұйқыда жатсада жаны сол азапты естеліктерімен арпалысты, тағы да арыстанның қорқынышты қызыл жүзін көрді.

Арыстан оның қарнына тырнағын жүгіртті, денесін бүре түсті, ол шошып оянды. Көзін ашқанда лампочкалар қозғалып, үй қабырғалары дірілдеп тұрғанын байқады. Ең бірінші ойына екі сұрақ келді: Үйді кім шайқап тұр? Кім бұл тауды тербеген? Сұрақ санасына жетпей жатып, қатты гүріс-гүріс еткен дыбыс есін шығарды. Ғажайып дыбыс, ешқандай дыбыс шығармайтын, шалдырламайтын заттардан  өзінен үн естіледі. Бұл әлем мүлде басқаша күйге енген.

«Сяоци...». Ол он жылдан астам уақыттан бері бірінші рет сол өқыздың атын дауыстап шақырды.

«Сяо Ци, мен өліп барамын!»

Бұл кезде ауыл кіре берісіндегі тас павильонын қонақ үйінде туристер бар болатын. Ол туристерді қорықпауға сабырлы болуға шақырды, бірақ олардың есі шықты. Қашып кетуге қамданды, солай жан сақтауға ұмтылды. Алайда ұялы телефонның байланыс жүйесі өшіп, жамбас ақысына төлем жасау мүмкіндігі болмай қалды. Туристтердің мазасызданғаны сонша, айғайлап, жылап жіберді. Анау бір қырықтан асқан көкайыл қатын жаңа туылған сәбидей шырқырайды. Ол жолаушыларға WeChat идентификаторын берді, туристер оның нені меңзегенін түсінді. Олар өздерін жіберсе, байланыс қалпына келген соң артығымен төлем жасауға уәде берді. Туристер әлі кетіп үлгірместен бұнда істейтін қызметкерлердің өзі қашып кетті. Олардың бәрі ауылдың адамы. Тезден үйлеріне бару керек.

Янерпо мен тас павильоның арасы жүз қадамнан азақ асады. Бірақ қарасаң көзің жетпейді, ондағы барлық дыбыс толық естіледі. Биік метасеквоиялар, бұталардың шоғырлары және төңкерілген қазандай жүзім ағаштары көз алдыңа көлденең болады, деседе дыбысты тоса алмайды. Дыбыс жертөледен шыққандай естіліп, есіңді шығарады. Шошынған иттер ұлып, сан түрлі сасық истер тарады, сол күні күн жарқырап тұрды, күн еш бұлыңғырланбады да. Ештеңе болмағандай күн тау мен өзенге мейірлене қарайды. Бірақ жерден ащы дыбыс шыққанда күнде аздап тұнжырады.

Сун Лян да өз аяғына өзі шалынып құлап қалды.

Тоңқаңданына қарағанда екі тас тақтаның арасына ана бір турист қолындағы минералды суын түсіріп алған сияқты.

Есін жиғаннан кейін Сяоциді шақырып, өліп қала жаздағанын  тағы айтқысы келді.

Тас павильонын қонақ үйінде одан басқа ешкім қалмады. Ауданнан шақырылған аспаз да апат жағдайын көру үшін ауылға кетті. Ол Сяоциден үміттенді. Жалғыздығын көрсеткісі келеді. Ол өзін тастап кеткен әйелді жалғыздығымен жазалағысы келеді. Өзін-өзі аяу мен өзін-өзі сүюдің мұндай түріне еш жауап жоқ.

Сіз көптен бері Сяоцидің көмегіне мұқтажсыз, алайда оған енді сіздің өлі не тірі екендігіңіздің қажеті шамалы. Ол салдақымен байланысын үзгеннен кейін, екі жылға жуық уақыт бойы ол ұялы телефонын тәулігіне 24 сағат қосып, одан хабарламалар күтті. Оның өз күнасын мойындап кешірім сұрауын тіледі. Бірақ ол шөп желке тым болмаса түсініктеме де бермеді. Ол сол бойы ешқандай хабарласпады. Сун Лян енді өзіне телефон шалып, хабарлама жібергендердің барлығын жек көреді, себі олардың бәрі өзі күткен жандікі емес.

Кейін ол телефонын кеш батпай өшіріп тастайтын болды. Янерпоға келіп тұрақтаған соң да солай істеді. Күннің шығуы мен батуына қарай уақытты есептеді. Күн таудағы қарағай шоғырына ілініп, ағаш түбіндегі шөп ұяға сүңгігенде, жерге салқын көлеңке пайда болады, содан соң ол ұялы телефонын өшірді. Кейбір күндері ол күні бойы телофон қосуды ұмытып кетеді. Бірақ бүгін байланыс желісі болмағаны анық, бірақ онымен бір рет болсада сәлемдесуге асықты.

Өзіне сәлем берген адамға: «Мен өлгелі жатырмын. Сен маған ештеңе айтпа не мүлдем жауап берме» деді. Сол қыздың мен туралы ойлауына мүмкіндік беріңіз. Ол мені шынымен өлді деп ойлады. Енді менің әр күнім түпсіз қараңғыға айналды деп топшылады. Алайда жалғыздық пен «жазалау» талабы ақыры суицидке ұласа жаздады. Ол қорқып кетті. Тас павильон қонақ үйі ең қауіпсіз орын, бірақ ол осы уақытта өзінен қатты қорықты. Өзін-өзі ұстай алмай ауылға қарай жүрді. Оның тегінде қашқысы келмеді, бірақ өзінен қорққанынан безіп кетті.

Әдетте, ол ауыл адамдарымен аз араласады, ауыл адамдары да онымен аз араласады. Ауылдағылардың оған ренжігенін іштей сезеді. Қарапайым егінші отбасы саяхатшыларға тамақ беріп, жатын орын қызметін ұсына алмайды. Ауылдан бірнеше даяшыларды жұмысқа ала алмайды. Ауыл тұрғындары үй салғылары келсе не әйел алғылары келсе, ауылдан сыртқа шығып жұмыс істеуден басқа амалы жоқ. Оның сырт келбеті ауылдастарына да ұнамады. Бойы 1,82 метр, нағыз ұзын тұраның өзі. Бұл тау шатқалдағы адамдар тапал келеді, олар тауға оңай өрмелеуге генетикалық тұрғыдан осылай бейімделген халық. Сондай-ақ оның иығына дейін салбырап тұратын ұзын шашы бар және сол шашын резеңке баумен байланған. Бұндағылар оны «әйелдерше шаш қойып, қатынша киінген бәле» деп жақтырмайды.

Ең жиіркеніштісі оның әйелі жоқ. Таудағы кедей еркектердің де әйелі жоқ, олардың үйленуге шамасы жоқ, ал бұл бай, неге әйелі жоқ? Әйелдерше киініп, қатынпазша болғың келе ме әлде? Ауылдағылардың бұған осылай қарайтынын біліп, іштей ойлады, менде әйел жоқ емес бар-ғой, бірақ ол басқа біреумен әуейі болып жүр-ғой.

Бірақ бұл байқұс жүрегінде әйелін әлі өзімдікі деп санайды. Ол осы жүрегіндегі жазуға сенеді. Шынмен әйелім бар деп ойлайды.

Бұл ой оны талай рет алдады, тіпті оны басқалаға жиіркенішті етті, сондықтан да ауыл адамдары оны жек көреді. Ол ауылдағылар мен араласқан жоқ, оларға аздап арамдығы да бар.

Бұл өмірде ақылыңа симайтын нәрселер өте көп, ол бұрын да болған және болада береді. Өмір деген сондай сырлы. Ол қыз оны тастап, өзінің досына үйленді. Сун Лян қаладан кетіп, далаға келді. Жер сілкінісін өз басынан өткерді. Дұшпандық пен қорқынышқа толы өмір. Қорқыныш алдында өшпенділік ештеңе емес... Осы ойлармен беймаза болып, аяғын айқұш-ұйқыш басып тауға көтерілді.

Тауға шығатын тақтай жол сынған, енді орманды аралап өту керек. Бұтақтар мен тікенектер аяғыңа әр қадам сайын инесін сұғады. Ол орманнан сыртқа шығып көз алдындағы көрініске таң қалды.

Үйлердің көбінің төбесі опырылып жерге құлаған. Шашылған қиранды. Иттердің есі шығып жүгіре үреді, адамдар қуыршаққа айналған. Кейбіреудің шашы қанға боялған, бірақ оны өздері көрмейді. Ешкім бәлендей ештеңе демейді, адамнан ғана шығатын ащы азан-қазан дыбыстар барлық жерден естілді.

«Сәби қайда? Біздің үйдің отағасы қирандының астында қалды ...»

Қанша уақыт өткенін білмейді, енді дыбыс анық естілді. Осы дыбысты шығарған қария алға ұмтылып, оның қолынан ұстады. Кішкене уақыттан соң оның айналасына адамдар жиналыпты, сөздері анық: Қиранды астында інім қалды, әкем қалды, немерем қалды... Азапты көтере алмаған жұрт тағы үнсіз егілді. Ауыл халқының бәлкім, ренжіп қана қоймай, өзіне арқа сүйегісі келетінін енді сезген болар. Бұған дейін де оған осылай сенім артатын бұлар. Жүрегіндегі бос құдықтың ішін мүк басып, мүкте кеуіп, жарғанатқа толған еді. Осы кезде... ол қартты қолтығынан демеп, даяшыға ызбарланған үнмен «барлық қарттар мен балалар дереу тас павильонына жеткіз» деп нұсқау берді. Қайтадан күркіреген үнмен« үй бойынша адам санын анықтауды тапсырады. Тау шатқалына кіретін және шығатын жолдардың көпшілігі қатты зақымдалған, құтқару тобы ол жерге қазір жетуі мүмкін емес, сондықтан өзімізді өзіміз құтқаруымыз керек. Адам саны анық болса жұмыс оңайласады.

Құтқару тобы сол күні кешке жетті. Олар келгенге дейін алты жаралы адам құтқарылды, барлығы жеңіл жарақат алған екен. Үшінші күні таңертең екі өлі және басқа да жаралылар табылды. Жедел-құтқару тобы ауыр жарақат алғандарды алып кетті.

Янерпоны ауыл деугеде де келмейді, шын мәнінде, ауылдың кішкене бөлімшесі. Тау шатқалының аумағы кең, ондағы басқа кез келген ауылдың бас-аяғы он шақырымнан асады. Янерпо кішкене болсада қонақ үй салынуының себебі, бұнда ыстық су арасаны мен шаңғы тебуге арналған алаңқайы бар және табиғаты адамды тамсандырады. Янерпо Джишаң ауылына қарайды. Ауыл әкімшілігінен жаяу жүрсең үш сағаттан астам уақыт кетеді. Үшінші күні ауыл кадрлары әлі келмеді. Таудың әр жерінде жар көшкіні жүріп жатыр, көшкін тау тұрғындарын қорқыта алмайды, көмекке жұқтаж ауылдар тым көп және олардың арасы алыс. Ауыл әкімшілігіндердің өзі аман-есен бе, ол жағы белгісіз. Ауыл басшысы да бұл жерде емес, осыдан бірнеше шақырым жерде тұрады. Бірнеше күннен бері елдің бәрі тас павильон қонақ үйінен ас-су ішті. Электр қуаты болмаса да, үлкен қазанды далаға қойып, астына от жақты. Су тоқтасада, су бар. Жер сілкінгенде ыстық су арасаны мен тау бұлақтары тартылды, бақытымызға орай, тас павильонының астында тас көлшік бар, оның мөлдір суын ішуге болады. Азық-түлік тапшылығы жоқ. Тас павильонында азық-түлік қоры жеткілікті.

Жақын күндерде туристер келмейді, ауыл тұрғындарының сынған көңілін көтеру керек. Олар тас павильон қонақ үйінде өздері қалаған бөлмеде ұйқтауына болады.

Екінші күн түнде ұялы телефон сигналын қосылып, су мен жарық келді, бұрынғы қалыпты өмір болмасада біраз нәрсе реттелді.

Ауыр жараланғандарды әкетіп, өлгендерді қирандылардың үстіне шығарды.

Жертөледен табылған кейбіреудің денесі сасып кеткен. Жертөле ыстық. Тағы біреудің денесі қан, бірақ ол сасымапты. Тез арада жерлеу керек. Бірақ тау шатқалы аймағындағылардың әдет-ғұрыпы бойынша, адам денесі кем дегенде үш күн үйде болуы керек, діни рәсімдерді орындайтын адамды шақыру керек. Яньэрпоның өзінде ондай адамдар жоқ. Жиырма шақырым қашықтықтағы Саншупин дерген жерге бару керек, ол жердің жолы таулы қырат. Бүгінде бүкіл таулы аймақ апатты жағыдайда олардың кезегі келе қояр ма бізге? Олай күтуге болмайды. Үлкен апаттан кейін біз үлкен індеттің алдын алуымыз керек. Сун Лян дереу жерлеу керек десе, мәйіттің туыстары айғайлап, басқалар қостап: «Өлген шошқа, не ит емес қой...» деп қарсылық білдірді. Сун Лян көпшілікке: бүгін үшінші күні таңғы сағат оннан өтті, біз әлі ас ішкен жоқпыз. «Бәріміз ашғып кеттік, алдымен тамақтанып алайық» онда деді.

Сун Лян аспазға екі тәрелке тамақ дайындауды өтінді. Екі тәрелке тамақты көтеріп даяшы екеуі өлгендердің рухына тағзым етуге барды. Ол даяшыны осында тұрғызып қойып, қайтыс болғандардың туыстарын тас павильонға шақырды.

Тағам беру рәсімі басталу алдында, Сун Лян көпшілікке: "Чун Ва мен Ран жеңгелерді тездетіп, терең қазып жерлеу керек. Бұл ел үшін пайдалы. Бұл менің сіздерге жасаған жақсылығым емес, керісінше екі отбасының елге жасаған жақсылығы. Кеттік, қазір жерлейік. Бүкіл ауыл Чун Ва мен Ран жеңгейге тағзым етуге келген. Бұл табиғи апат, Янерпо бұрын соңды болмаған апат. Бір адам өлсе – барлығымызға оңай болмайды. Мен сіздің ата-бабаңыз екі-үш жүз жылдан бері осында өмір сүргенін білемін және оларға тағызым етемін. Біздер бүгін екі адамның алдындағы қарызымызды өтейік!»

Барлығы үнсіз қалды. Ешкім қозғалмады. Сәлден соң Чүн Ванның шешесі орнынан тұрды.

Бұндағы адамдар белгілі бір жасқа жеткенде ғана табыттарды алдын ала дайындайды. Ран жеңгейдің табыты бар шығар, бірақ Чун Ва да жоқ, енді табытты кімнен қарызға аламын. Үйі қирасада табыт төсегіне зақым келмеген болар. Өлгендерді жерлейік, қағаз ақшасы барлар әкеліп өртесін деп өтінді. Тас павильонындағы екі даяшы мәйітке тамақ беруді бастады. Жерлеу алдында Чун Ваның анасы тамақты көтеріп қайтыс болған ұлына әкеліп: «Балам, нағашы ағаңда осында. Ет, көкөністеріңді нағашың берген. Жеңдер, жеп қойыңдар. «сосын жолға шығыңдар...»

Мұны естіген Сун Лян көзіне жас алды.

Өлгендер жерленгеннен соң ғана тірілер ас жей алады.

Одан кейін ауылдың жолын тазалап, күл-қоқыстан тазарту керек.

Сун Лянда ауылдағы елмен бірге сыпырғыш, күрек ұстап, кірпіш көтеріп, ағаштарды жылжытты. Демалуға кеңес берді жаны ашығандар. «Мен шаршаған кезде демаламын» деді. Түстен кейінгі сағат төрттер шамасында ол шаршап тас бассейінге келді. Ыстық бу бұрқырап тұр, бірақ тас бассейн салқын екен.

Оған салқыны ұнады.

Жер сілкінісі таби апат. Күндіз сілкінгенін ол құдайдың мейірімі деп ұқты.

Ол бастапқыда тыныш отырып демалғысы келді, бірақ жантайып жата кетті. Ұйықтап қалсам, ауыл адамдарынан ұят деп, темекісін тартып, ұйқтамауға тырсты. Аспандағы бұлттар шұбалаңдайды. Көк жүзі үнсіз. Ақ бұлттарсыз аспан болмайды. Дүние бір біріне солай байланған ба? Жер сілкініссіз жер де болмайды емес пе? Бұл ой оған қарттар үйінде тұратын бір адамды есіне түсірді. Ол әдетте қызметкерлерді боқтап, тіпті ұрып-соғатын. Ол мерекеде өзіне берілген раушан гүлдерін халықтың көзінше жұлып тастайтын. Кейін қайтыс болды, өлер алдында: «Мен сендерді ренжіткім келмеді, тек мені сол бір істерім үшін ұмытпауыңды қаладым» деген хат қалдырды. Бұл кісі менің бұрынғы досымның әкесі еді. Ол оңбаған досым қазір Сяоцидің күйеуі. Шынымен де біртүрлі, бүгін неге "оны" ойладым? Аспан мен жердің байланысынан қарттар үйіндегі адамға, қарттар үйіндегі адамнан «оған» деген ойларға ұласты. «Оны» есіне алғанда көп нәрсе көз алдында шұбырады. Он жылдан бері «ол» бұның ата жауы болды, атарға оғы болмады. Оны ойлағысы келмейді, сондада есінен кетпейді. Бұл қорқыныш емес, жек көрушілік. Деседе, жек көру де қорқыныш. Қызығы сол бүгін ол туралы ойладым, бірақ неге жек көрмеймін және қорықпаймын одан? Енді міне ол адамның атын ашық айтуға батылы барды: Ху Инхуа. Ол тіпті «Ху Инхуа Ху Инхуа» деп екі рет айқайлады. Ху Инхуа жаман адам емес, ол әкесіне де жанашыр болды. Әкесі ішімдікке әуес, мінезі біртүрлі кісі еді. Ху Инхуа универге түскен соң ата-анасы ажырасып кеткен. Осы кезден бастап әкесі маскүнем болып, алпысқа да жетпей денсаулығы сыр береді. Ху Инхуа жұмыстан қолы босамай, әкесіне қарай алмағандықтан, әкесін қарттар үйіне беруден басқа амалы қалмады. Бірақ қанша шаршаса да апта сайын барып тұрды. Ол Сун Ляннан бірнеше жас кіші еді, бірақ ол ерте үйленген, бір қызы болды. Қызы төртке толмай ерлі-зайыптылар ажырасып, Ху Инхуа қызын өзі бақты.

«Ғашығым маған тигенше, соның қызна өгей шеше болғанды жақсы көрді».

Сун Лян жарақат алды, жарасын үш жіппен тікті.

Бүгінде жарасы толығымен жазылды.

Тас бассейнде жатып, көк аспанға қарап, кеудесін қатты уқалады. Еш ауырмайды. Бәрі өтті. Оларға бақыт тіледі.

Ол баста айтқан«біз бәріміз өлеміз» деген сөзін ұмытпады.

Сөз айтылмас бұрын су, айтылғаннан соң тасқа айналып, уақыт өте келе балталасаң кетпес болады екен.

Бұл сөз бір кітапта жазылған. Ғашығының өзіне берген кітабында жазылған. Ол оған бес кітап берді, ол олардың әрқайсысын дерлік оқып, жатқа айтатын. Айтылсын, уақытқа ойып жазылсын. Бәрі өтеді. «Тас павильоны» деген сөздер сияқты өз сөзінің табиғи тастан жасалған қабырғаға ойылуын қалайды. Алайда бұл сөзде мәңгілікке сақталмайды.

Аспанның кеңдігі мен биіктігінің өзі мәңгілік пе?

"Жарайды! Жарайды!"

Бір әйел оған қарай ақырын жүгірді. Ол әйелдің есімі Сяоя.

Ол аса қабілетті және адал жан. Сун Лян оны кассир етіп қойған. Ол Сун Лянға ұялы телефонының жұмыс істеп тұрғанын және туристер WeChat-қа қосып төлемдер жасағанын айтты. Сун Лянның туристерге Сяояның WeChat аккаунтын берген еді. Ол басын изеп отыр. Құрғақ топырақ басы-көзге ұшады. Ол басын сипады, сосын бетін сипап, одан соң қайта-қайта беті мен басын сипалай берді. Интернет бар жерде отыруы «олардың бәрі қауіпсіз жерде екенінің дәлелі», - деді. Содан кейін ол Сяоя екеуі ауылға келіп, көпшілікке көмек жасады.

Біраз уақыттан кейін Сун Лянға әкім телефон соқты. Әкімнің тегі онымен бірдей, жайшылықтада ол үнемі хабарласып тұрады. Сун әкімнен бұрын Джичаң ауылының партия хатшысы Янерпоның топ басшысына телефон шалды, топ басшысы бір ауыл тұрғынынынан мұндағы барлық жағдайды ұғысып, партия хатшысына жауап берді.

Сун әкім қоңырау шалып, Сун Лянға алғыс айтты. Кешкі ас кезінде Сун әкімнен тағы да телефон келді, бұл жолы Сун Лянға былай деді: Ертең провинциялық телеарна сұхбат алу үшін Янерпоға келеді. Ол кезде аудан басшылары мен қала басшылары ілеседі.

Сун Лян ел тамағын ішіп алсын деп, бұл жаңалықты айтуға асықпады. Бірнеше күннен бері елдің бәрі жалғыз сыңар таяқшамен тамақ жеді. Айтуға асықпауының тағы бір себебі, тележурналистер келіп сұхбат алатын кезде камераға қалай таңқала лап қойсын деп ойлады. Ол Тас павильон қонақ үйін басқарғалы бері камераның алдына шықпаған. Ол алғаш рет ауданға келгенде, одан сұхбат алды, аудандық телеарнада берді. Мына келе жатқан провинциялық станция. Аудандық арналардың аумағы тар, ал провинциялық арналар басқаша. Провинциялық станция бағдарламалар мен бейнероликтерге толы. Бейнероликтердің барлығы көзді ашып-жұмғанша мыңдаған шақырым жол жүретін маймыл патшасы Сүн Укүң сияқты жылдам, ел көп көреді. Менің ауырмады деп ойлаған жерім қайтадан ауырды.

Иә, ол сол салдақының кесірінен ауырмаса екен деп ойлады.

Тіпті жер сілкінісі де оның көңілін сындыра алмады, тек сол қыздың кесірінен көңілі сынды.

Деседе ол әлі де жігерлі өмір сүрді.

Әйтсе де, осы ой келе салысымен жүрегінде лықсыған мұңды сезді, бірақ не мұң екенін аңғара алмады. Сірә, басқа нәрсе шығар. Әйтсе де ол мұң оны одан бетер толғандырды, өзіне өзі таң қалды.

Оның ұлылығы жалғыз өзінен емес.

Ауыл адамдары тамақ ішіп болған соң, ол орнынан тұрып, әкімнің айтқан сөзін халыққа жеткізді. "Басшылық апат аймағын көру үшін келеді. Телеарна сұхбат алады. Апат аймағын кескінге түсіреді. Тас павильон қонақ жайы дін-аман, бұнда апат болған жоқ, сондықтан мен камераға түспеймін. Сіздер түсіңіздер. Бұқаралық ақпарат құралдарында көрсітілетін апат районындағы адамдар сияқты болмауларыңыз керек. Көбінде зардап шеккендердің сыртқы келбеті де ішкі жан дүниесінен де көрініп тұрады. Біздің Янерпода үлкен апат болғанының нақты дәлелі үйлер құлап, адамдар өлді, бірақ Янерпо халқы өте жігерлі, өзара жанашыр, батыл және позитивті. Өзімізді құтқару үшін барымызды салдық, біз бұған мойымаймыз!»

Ауыл адамдары оның сөзінің жалғасын күтті, ол былай деп жалғады:

"Демек, камераның алдында таза киіммен болуымыз керек! Жер сілкінісі бізді шаң топырақа көмді, бірнеше күн бойы жуынбадық, киімде ауыстырмадық. Көптеген отбасылардың ауыстыратын киімдері де жоқ. Үйінділерден табылған киімдер жыртылған не мүлде киуге келмейді. Бірақ біз амал тауып, үстіміздегі киімді тазартып қайта киеміз. Көпшілік оның не айтқысы келгенін түсінбей қалды, ол арықарай сөзін сабақтап: Бүгін түнде барлығымыз жуынамыз, сосын жақсы ұйықтауымыз керек. Біз бірнеше күннен бері ұйқы көрмедік. Осылай жалғаса берсе құрыштан соғылған дене болсада үзіліп түседі. Осы орайды мықты ұстап жақсылап ұйқтап алмасақ болмайды. Киімдерді шешіп осындағы қызметкерлерге беріңіздер олар жуады, еркектердің киімдерін таң атқанша сыртта жел қағып кебеді. Әйелдердің киімдерін киім кептіргішпен кептіріп, көп ұзамай қайтадан киюге береміз.

«Менің шынымен жақсы ұйықтағым келеді».

«Менің шынымен шомылғым келеді» деп жұрт мақұлдады. Түнде тас павильонының әр бөлмесінің есігінің сыртында шаң мен терге бөккен соры сыртына шыққан киімдер жатты, артынша шалпылдап жуылған киімнің дыбысы шықты, бұл судың дыбысы түн ортасына дейін созылып, даяшылар әбден әлекке түсті. Келесі күні сағат 10:07-де басшылар мен тележурналистер келді.

Ең ауыр апат Юелияң шығанағы, Тухуаң жотасы, Шанзия және Саңшупиң деп жариалады, ол жерлерде бес адамнан қаза тапты. Янерпо да апаты ауыр болды. Әйтсе де, Янерполықтар таза киініп, жігерлері тасып тұр. Қираған үйдің алдында бір топ « жеңілмес темір адамдар» тұрды. Сол күні кеште провинциялық телеарна жаңалықтарында Янерпо туралы жаңалықты басты тақырыпқа қойып «жеңілмес темір адамдар» деп редактордың жазбасымен таратылды. Сун Лян барлық ауыл тұрғындарына тас павильонындағы жаңалықтарды көрсетті. Ол өзі бір бұрышта отыр, қиялы қиырды шарлап Цзяңнанға ұшып кетті. Әйелім бізді көрді ма екен? Менің Янерпода екенімді білеме? Ауыл тұрғындарының бәрі Сун Лянды мақтады, оған шексіз алғыс айтты. Алайда ол үшін бұл аса маңызды емес еді, оның бар ойы ана әйелінде, сол көрсе деп армандады. Басқалардың өзін мақтағанын шіркін сол естісе екен деп аңсады.

Осылай өзінің, жалғызбасты қаңғыбас жанның енді көпшілікке қайта қосылғанын көргісі келді. Бұл адамдармен бірге ол қайғы мен қасірет бөлісті. Бұл ісі ассимиляция емес, интеграция. Ол шынымен енді ол өзін шырмаған жалғыздықтан құтылды.

Ол іштей сол әйелге, осындағы барлық елге шын жүректен бақыт тіледі.

Бірнеше күннен кейін телеарнадан көрсетілген сол жаңалыққа байланысты Янерпо тұрғындарының өздерінің шомылғандарына, таза киінгендеріне ренжіген сөздерін естіді. Сун Лян ол сөздердің бәрін бұрынғыдай ішіне жұтпады.

Бұндай көзқарасты өзгертуге, ол мәселені шешуге болатынын сезеді.

Қытай тілінен қазақ тіліне аударған Нұрхалық Абдырақын

Автор туралы мәлімет: Луо Вэйчжаң – «Жүз жылғы аштық», «Өзен биі», «Күн астында», «Әлем  бір қалыпты», «Кім есік қағып тұр», «Шаң басқан дүние трилогиясы» және т.б. «Уақытты ашу» және «Жол бойындағы кітап» сәнуіндер мен эссе жинақтардың авторы, «Ляньшань хикаясы» және «Сячжуан ауылының жолы» атты фантастикалық романы бар. Оның шығармалары қытай романдарының рейтингісінде алдыңғы қатарда, жаһандық қытай романдары сериясына қосылған, «Заманауи» романының үздік бестігіне, «Таңдалған романдардың алтын тізімне», Азияның жақсы кітаптар тізіміне және «Asia Weekly» журналының әлемдегі ең жақсы он қытай кітабы қатарына енген жазушы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392