Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3453 0 пікір 5 Қараша, 2013 сағат 06:57

Сағат Арынұлы. Мұхтар Мағауин ініме хат

Оралшы, жайраң қағып Шыңғыстауға

Мұхтар Мағауин ініме

 

 Уа, Мұха, Мұхтар десе Мұхтарсың,

Бәйгі бермес құлагердей тұлпарсың.

Дабысың бар әлемді шарлап кетті,

Қандыгөз, болат қанатты сұңқарсың.

 

Алладан соң сыйынарың Абай, Мұхтар,

Өзіңсің Қазыбектей әділет туын ұстар.

Тірегің де, тілегің де, Алашың ғой,

Жүрекжарды лебізіне елің құштар.

 

Әуре боп қамын жемей қара бастың,

Марқайып кісілік шыңнан астың.

Айтқаның ойдан шығар тебірентіп,

 Бөлендің құрметіне бар Алаштың.

 

Хат жаздың ел болудың жолын нұсқап,

Нығайар күш-қуатымыз соны ұқсақ.

Дер кезіміз шарболаттай шамырқанар,

Бордай тозамыз ләпбайлап ылғи бұқсақ.

 

Қарсы жүзді ағысқа мінген қайығың,

Ақиқатты айту болды бар айыбың.

Ешқашан еңсең түсіп мойымадың,

Ішсеңде у запыранын қайғының.

 

Даналыққой тарихынды біл дегенің,

Сол арқылы құлдық бұғауын үз дегенің.

Қаймықпай бел байладың тәуекелге,

Капитаны боп шындық дейтін кеменің.

 

Қол сүйіп бүгежектер құл емессің.

Бәрі бар – кемеңгерлік, сұсты кескін.

Өкпелеп туған жерін тастап кетті,

Дейтіндерің көре алмас өңкей міскін.

Оралшы, жайраң қағып Шыңғыстауға

Мұхтар Мағауин ініме

 

 Уа, Мұха, Мұхтар десе Мұхтарсың,

Бәйгі бермес құлагердей тұлпарсың.

Дабысың бар әлемді шарлап кетті,

Қандыгөз, болат қанатты сұңқарсың.

 

Алладан соң сыйынарың Абай, Мұхтар,

Өзіңсің Қазыбектей әділет туын ұстар.

Тірегің де, тілегің де, Алашың ғой,

Жүрекжарды лебізіне елің құштар.

 

Әуре боп қамын жемей қара бастың,

Марқайып кісілік шыңнан астың.

Айтқаның ойдан шығар тебірентіп,

 Бөлендің құрметіне бар Алаштың.

 

Хат жаздың ел болудың жолын нұсқап,

Нығайар күш-қуатымыз соны ұқсақ.

Дер кезіміз шарболаттай шамырқанар,

Бордай тозамыз ләпбайлап ылғи бұқсақ.

 

Қарсы жүзді ағысқа мінген қайығың,

Ақиқатты айту болды бар айыбың.

Ешқашан еңсең түсіп мойымадың,

Ішсеңде у запыранын қайғының.

 

Даналыққой тарихынды біл дегенің,

Сол арқылы құлдық бұғауын үз дегенің.

Қаймықпай бел байладың тәуекелге,

Капитаны боп шындық дейтін кеменің.

 

Қол сүйіп бүгежектер құл емессің.

Бәрі бар – кемеңгерлік, сұсты кескін.

Өкпелеп туған жерін тастап кетті,

Дейтіндерің көре алмас өңкей міскін.

 

Өзгермеген сырбаз мінезің, жүрісің,

Қабақ шытпас, мажыражай күлісің.

Жан күйттеп, бас амандап кеткен жоқсын,

Бәрі де, баяғы сол қалпың – ірісің.

 

Атандың тірі классик елден ерек,

Жасыңнан әдебиетке болдың зерек.

Жүргенде өз арамызда ғұламамыз,

Біреуді төрге шығарып неге керек.

 

Тұрлаулы, тиянақты әрбір ісің,

Танылды қалың көпке ақыл, күшің.

Ел қамын күні, түні ойлайтұғын,

Сен бүгінгі қазағымның Абайысың.

 

 Ризамын, тебірене ой толғайсың,

Нақты айтып, сөзбұйдаға салмайсың.

Шемен болған шерді қозғау оңай емес,

Жұлқынып ауыздықты шайнайсың.

 

Есірді ғой жемқорлар билеп, төстеп,

Ел байлығын түк қоймастан алды үптеп.

Бұрқанған жаhандану мұхитынан,

Қалт-құлт еткен қазағым қалай өтпек?

 

Меңдеді рушылдық деген індет,

Жалынып, жалпаң қағу болды міндет.

Қорғайтын ел намысын ерлер қайда,

Арбасар рухсыздар бірін бірі күндеп.

 

Жіберді жетесіздер көп қаталық,

Уланған күншілдікпен шаталып.

Ойлану бұл қалай деп естен шығып,

Ұрылар жымқырғанға жүр маталып.

 

Кім көңіл бөлер елдің жағдайына,

Оралып құрмет тұтып шалғайына.

Зорлыққа қарсы келмей бойұсыну,

Жазылғанба қазақтың маңдайына.

 

Ынтықпыз бізде тәуір жаңалыққа,

Ой салар жұртты ұйытып даналыққа.

Не шығар даңғазадан айқай-шулы,

Бір пайда тимеген соң халыққа.

 

Шулайды бәрі бірдей, дейді нарық,

Кім білген, қайтсе соған қалар жарып?

Қол жаяр сыртқа шықсам бауырларым,

Еңіреген өз елінде болып ғаріп.

  

Амалсыз саған айтам бір мұңымды,

Абай аруағы Жамбыл жерінен қуылды.

Театрды беремін деп шапыраштыға,

Мұны істеген Үмбетов деген жырынды.

 

Содан бері сырғанап он жыл өтті,

Әкім үйсіндер бірі келіп, бірі кетті.

Абай десең соларың үрке қарар,

Танытпады-ау  біреуі оң ниетті.

 

– Араша, – деп қолқа салдым Сауытбекке,

Амал не, уақытым кетті текке.

Жауап бермей әділ сынға Құл-Мұхаммед,

 Мардамсыр, танауын көтеріп көкке.

 

 Хат жаздым талай рет Назарбаевқа,

Үмітпен тиым салар деп рушылдыққа.

 Олдағы дыбыр етпей үнсіз қалды,

Осы лайық па мәртебелі ұлыққа?!

 

Түбім түрік болғанда бабам қазақ,

Жауға шаптым ту алып Абылайлап.

Қос қолдап ұстанамын сол ділімді,

Болмаймын досқа күлкі, жатқа мазақ.

 

Ұйытқысы алты Алаштың біздің қазақ,

Бұл жолда қан төгісіп, тартты азап.

Іргесін тәуелсіздік бекітпесек,

Күмәнсіз жейтініміз содан таяқ.

 

Оңбайды өз қағынан жерінгендер,

Көбейді батысқа бет бұрып емінгендер.

Болмайды мәңгі достық, мәңгі қастық,

Құр босқа бас қатырып елірмеңдер.

 

Айтатын коммунистер де көп өтірікті,

«Көкжал» деп көз ашылмаған бөлтірікті.

Ал, нұротандықтар елу жылдан бірақ аттап,

Асықты бұлар қайда, сонша неге желікті?

 

«Нұр Отан» бұрын да көпіртіп не демеді,

Бұл қалай дегенін халықтың елемеді.

Бармайтын байыбына ешнәрсенің,

«Патаму штошыларға» кім сенеді?              

                                               

Жаhанданудың көшіне түйе тіркеп,

Билік жүр масайрап жауырды бүркеп.

Бұлар  жаhаннамға қашан кетеді деп,

Дұшпандар аңдып отыр қақпай кірпік.

 

Күншілдік пен парықсыздық ағайын,

Жау қайдалап салар ылғи ойбайын.

Жармасып жағасына шын жақсының,

Қара ниеттілер құртуға тұр дайын.

 

Қарағым, өзіне арнап айттым датты,

Жүргенің жырақта бәрімізді алаңдатты.

Арқаның ақ самалы өбпеген соң,

Байқадым реңін біраз қуқыл тартты.

 

Сен көптің бірі емессің, орта болсын,

Қыдырсың ғой деп тілейтін үйге қонсын.

Елің үшін түн ұйқынды төрт бөлесің,

Алла қолдап, ылғида жолың болсын.

  

Жігіттің халқым деген басы дауда,

 Сұрамас ол ешқашан бер деп сауға.

Көп болды батысқа біз көз сүзгелі,

Оралшы, жайраң қағып Шыңғыстауға.

                                          

Атым аян қазаққа бір ағаңмын,

Өздеріңді мүйет етіп, қуат аламын.

Болмаған соң естір құлақ айтқанымды,

Қол жайып, бір Алладан сұрағанмын.

 

Сағат АРЫНҰЛЫ,

Тәуелсіз журналист.

Тараз қаласы.

Қарашаның 5-і, 2013 жыл.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371