Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6280 0 пікір 12 Қараша, 2013 сағат 04:40

Латынға әркімнің бар таласы...

 

Бүгінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты елімізде бірқатар бастамашыл тұлғалар өзіндік жобаларын қоғам талқысына ұсынып жатқаны белгілі. «Аbai.kz» сайтының редакциясына кезекті сондай бір жобалық нұсқа келіп түскен еді. Осы орайда аталған жобаны оқырман назарына ұсынуды жөн санадық. Айтар ой, тың ұсыныстарыңыз болса, мархабат!

 

Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің Арман Байқадам (суретте) ұсынған жобасы

Мақсаты:

 - Латын графикасы негізіндегі қазақ жазуын енгізу.   

Міндеті:

- Латын графикасын енгізуде қазақ тіліндегі сингармонизм заңын негізге алу;

- Қазақ тілінің технологиялық, ақпараттық, коммуникациялық мүмкіндігін кеңейту;

- Мемлекеттік тілдің және қазақ халқының бәсекелестік қабілетін арттыру үшін тиімді графика ұсыну;

- Қазақстан қоғамын лингвоцентризм арқылы мемлекеттік тілдің аясында ұйысуын жеделдету және қалыптасқан қоғамды нығайту.

 

Талабы (Байқадам стандарты):

1. Латын әліпбиі 26 әріптен аспауы шарт;

2. Қолдануға өте ыңғайлы әрі қарапайым болуы тиіс;

3. Сингармонизм заңын барынша тиімді пайдалану;

 

Бүгінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты елімізде бірқатар бастамашыл тұлғалар өзіндік жобаларын қоғам талқысына ұсынып жатқаны белгілі. «Аbai.kz» сайтының редакциясына кезекті сондай бір жобалық нұсқа келіп түскен еді. Осы орайда аталған жобаны оқырман назарына ұсынуды жөн санадық. Айтар ой, тың ұсыныстарыңыз болса, мархабат!

 

Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің Арман Байқадам (суретте) ұсынған жобасы

Мақсаты:

 - Латын графикасы негізіндегі қазақ жазуын енгізу.   

Міндеті:

- Латын графикасын енгізуде қазақ тіліндегі сингармонизм заңын негізге алу;

- Қазақ тілінің технологиялық, ақпараттық, коммуникациялық мүмкіндігін кеңейту;

- Мемлекеттік тілдің және қазақ халқының бәсекелестік қабілетін арттыру үшін тиімді графика ұсыну;

- Қазақстан қоғамын лингвоцентризм арқылы мемлекеттік тілдің аясында ұйысуын жеделдету және қалыптасқан қоғамды нығайту.

 

Талабы (Байқадам стандарты):

1. Латын әліпбиі 26 әріптен аспауы шарт;

2. Қолдануға өте ыңғайлы әрі қарапайым болуы тиіс;

3. Сингармонизм заңын барынша тиімді пайдалану;

             а) жіңішке және жуан дауысты дыбыстарға байланысты заңдылықты назарға алу;

             б) еріндік және езулік дауысты дыбыстарға байланысты заңдылықты назарға алу; 

4. Транскрипция енгізу және сингармонизм заңына бағынбайтын өзге тілден енген сөздер мен қосымшалар, жалқы есімдер және терминдер, сондай-ақ,  жазылуы дау тудыратын сөздер мен қосымшаларды ұтымды берудегі транскрипцияның рөлін арттыру;

5. Сөздің жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда оны (‘) дәйекше арқылы анықтау;

6. Халықаралық терминдердің және адам аттары мен географиялық атауларды жазылуын бұзбай, түпнұсқа күйінде беру;

7. Қаржылық-экономикалық тұрғыдан барынша үнемді болуы шарт.  

 

 

Латын графикасына көшу мәселесі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы Халыққа Жолдауында «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады» – деп атап көрсеткені көншілікке белгілі. Қазақ жазуы қоғам дамуының заманауи талаптарына лайық болу үшін латын графикасына көшу елдік, мемлекеттік деңгейдегі проблемаға айналды. Әлемдегі елдердің 70 пайыздан астамы латын тілін қолданады. ХХІ ғ. латын тілі – технология, ақпарат, коммуникация тіліне айналып отыр. Бұл латын тілінің экономикалық тиімділігін айқындайды. Компьютердегі жазу графикасының негізгі драйвері латын тілі. Біздің пікірімізше криллица әліпбиі орасан зор экономикалық шығынмен қоса уақытты талап етеді.

1. Компьютерлік құрылғыларға криллица негізіндегі қазақ әліпбиінің драйверін орнату үшін миллиарттаған теңге жұмсалады.

2. Компьютерде қазақ әліпбиінде бір беттік мәтін теру үшін орта есеппен алғанда 15 минут уақыт жұмсалса, латын әрпінде 10 минут жұмсалады. 1 сағатта кирилл әрпінде 4 парақ жазылса, латын әрпінде 6 парақты теруге мүмкіндік бар.

3. Кирилл әрпінде 15 баспа табақ шығатын болса, латын әрпінде сол мәтін 10 баспа табаққа дейін азаяды.

4. Латын тіліне көшу мемлекеттің және халықтың бәсекелестік қабілетін арттырады.  

   

Жалпы сипаттама

1. Қазақстанның латын әліпбиінің жаңа жобаларын талқылау барысында лингвист ғалымдар мен әлеуметтанушы, саясаткерлер жаңа сападағы жазуды қалыптастыру туралы қоғамдық пікір қозғап, БАҚ арқылы өз ұсыныстарын жариялап келеді. Латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілгеннен бері қазақ тілінің әліпбиін жасау үшін лингвистер, программистері және тағы басқа саланың мамандары өзіндік жобаларын ұсынды. Кейбір жобаларда қазіргі қолданыстағы 42 әріп автоматты түрде латын әрпінде берілсе, ендігі бір топ жобаларда орыс тілінен енген кірме дыбыстар қосар таңбамен, мысалы, в, ф, ш дыбыстары bh, fh, ch әріп тіркесімдері арқылы берілген. Сонымен қатар негізінен тағы бір тобы түрік тіліндегі жазу вариантын да беріп отыр. Ол бойынша ә, ө, ү, і, ғ дыбыстарының төбелерін арнайы диакретикалық белгілер арқылы беруді ұсынған. Және де дауыссыз дыбыстарға қатысты ш әрпін ş түрінде, ж әрпін ç түрінде, ң дыбысын ŋ түрінде, ғ әрпін ğ түрінде берген. Ғалымдардың пікірінше, Microsoft Word форматындағы мәтіндерде арнайы таңбалары бар әріптердің өзгеріске ұшырап, бүлінуі мүмкін. Ағылшын тіліндегі мәтіндердің өзгермей, жақсы сақталатындығының бір себебі, оларда ешқандай диакретикалық таңбалар жоқ деп түсіндіріледі.

2. Латын графикасын енгізудің екінші варианты – дауысты дыбыстардың жіңішке нұсқаларын дәйекше арқылы беру. Ол бойынша ә әрпін а’, ө - о’, ұ – u’, ү – y’ түрінде берген.  Бірақ әріптерді дәйекше арқылы беру жазу тәжірибесінде оңтайлы болмайды. Ол үшін әрбір жіңішке әріптерден кейін тағы бір таңба салу керек. Бұл пернатақтада жазу жылдамдығын баяулатады.

Осы орайда қазақ тілінің сингармонизм заңын басшылыққа алудың қажеттілігі туындайды. Себебі қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде сингармонизм құбылысы барынша жетілген тіл. Бұл туралы В.Радловтың, П.М.Мелиоранскийдің, Казем-бектің пікірлері бар.

 

Латын әріптерін үндестік заңдылығына сай бейімдеу

Көрші буындардың, дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндестік заңы деп аталады. Сингармонизм – гректің syn «бірге» және harmoni – «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин. 

А.Байтұрсынов сингармонизм заңы жөнінде былай деген: «Тіл-тілде сөздің құрамындағы дауысты-дауыссыз дыбыстарды ұйыстырып, бас-аяғы бүтін бір сөз (немесе бір буын) етіп тұратын лингвистикалық құбылыс – үндесім (сингармонизм) құбылысы немесе үндесім заңы (сингармонизм заңы) болып табылады. Буын не сөз құрамындағы дыбыстардың (дауыстылардың да, дауыссыздардың да) бір әуезбен айтылуын сингармонизм құбылысы дейді».  

Сингармонизм заңдылықтары:

1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: ба-ла-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ы-мыз. 

2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-і-міз.

Осының бәрінің негізінде А.Байтұрсынұлының «Қазақ сөзі екі түрлі: бір түрі – жуан, екінші түрі – жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі де жіңішке болады» деген пікірі жатыр.

А.Байтұрсынұлы сингармонизм заңына сәйкес, қазақ тілінде 43 дыбыстың бар екендігін, бірақ оны 24 әріппен беруге болатындығын ескерткен. Тек кейбір жуан, не жіңішке екендігі даулы болып қалатын сөздердің жіңішкелігін белгілеу үшін дәйекше қолдану керектігін көрсеткен. Оған сәйкес, қазақ тілінде 5 дауысты дыбыс бар: а, о, ұ, ы, е. Ал қалған дауысты дыбыстарды сингармонизм заңына байланысты туындайды деп түсіндіреді. Олар: ә, ө, ү, і. Ал, - е дыбысы ылғи да жіңішке айтылады.  

3. Қазақ тілінің айтылу заңдылығына сәйкес, сөздің алғашқы буыны еріндік дауысты дыбыстан басталса, қалған буындары да еріндік дауыстылармен дыбысталады. Мысалы: өнер – өнөр, көгершін – көгөршүн, жүрегім – жүрөгүм.

Қазақ тілі табиғатынан өте үнемді тіл. Яғни, еріндік дауысты дыбыстарынан басталған буын соңына дейін еріндік дауысты болады. Академик І Кеңесбаевтың айтуынша қазақтарда ерін үндестігі соңына дейін созылмаса да, кемінде үш буынға дейін жетеді. Яғни, көгершін деген сөз ерін үндестігіне салғанда көгөршүн болып айтылуы керек. Кирилл әліпбиі пайда болған кезде, бұл үндестік заңдылығы сақталмады және жоғалды. Сондықтан, Арман Байқадамның әліпби нұсқасы аясында ерін үндестігі заңдылығын қайта қалпына келтіруге болады.  

Бұдан шығатын қорытынды, қазақ жазуына негізделген латын графикасының мүмкіндігі сингармонизм заңына тікелей тәуелді.

Арман Байқадам ұсынған әліпби нұсқасы бойынша 26 әріп беріліп отыр. Олар:

Әліпби

Айтылуы

Транскрипциясы                              

Кирилшe

1

Аа

A

[ʌ], [ә]

а

2

Bb

By

[b]

бы

3

Cc

Cy

[k]

кі

4

Dd

Dy

[d]

ды

5

Ee

E

[e]

е

6

Ff

Fy

[f]

фы

7

Gg

Gy

[g]

гі

8

Hh

Hy

[h]

хы

9

Ii

I

[і], [i:]

и

10

Jj

Jy

[j]

жы

11

Kk

Ky

[k:]

қы

12

Ll

Ly

[l]

лы

13

Mm

My

[m]

мы

14

Nn

Ny

[n]

ны

15

Oo

O

[ɔ], [ɔ:]

о

16

Pp

Py

[p]

пы

17

Qq

Qy

[q]

ғы

18

Rr

Ry

[r]

ры

19

Ss

Sy

[s]

сы

20

Tt

Ty

[t]

ты

21

Uu

U

[ɛ], [ɛ:]

ұ

22

Vv

Vy

[v]

вы

23

Ww

W

[u], [u:]

у

24

Xx

Iks

[ks]

икс

25

Yy

Y

[ı], [ı:]

ы

26

Zz

Zy

[z]

зы

 

 

 

 

 

 

 

Дифтонгтар немесе екі әріппен белгіленетін дыбыстар:

 

 

1

sh

Shy

[ʃ]

шы

2

ch

Chy

[tʃ]

чы

3

ng/ing

Ng

[ŋ]

ң

Біріншіден, әлемдік тәжірибені ескере отырып, латын әліпбиінің реттік орналасу тәртібін сол күйінде қалдырдық. Мысалы, ағылшындар, немістер, италиялықтар, түріктер, тіпті әзірбайжан мен өзбектердің де латын әліпбиінің орналасу реті (кейбір ерекшеліктерді қоспағанда) бірдей. Ал, айтылуы, оқылуы басқаша. Біз әріптердің дыбыс беруін сол күйінде қалдырдық. 

Екіншіден, латын әліпбиін пайдаланатын елдерге ортақ заңдылық транскрипция. Транскрипция – сөздің оқылуын, дыбысталуын білдіреді. Сондықтан Қазақстандағы жазу тілі латын графикасына көшкен жағдайда, оның транскрипциясы да қоса ұсынылады.

 

Дауысты дыбыстардың ережесі

Латын әліпбиіндегі a, o, u, y дыбыстары арқылы а – ә, о – ө, ұ – ү, ы – і сыңар дыбыстарын таңбалауға болады. Жуан буынды сөздерде бұл заңдылық толық сақталады. Ал жіңішке буынды сөздерді айқындау үшін мынадай заңдылықтар керек:

- а әрпі жуан дауыстылар келген кезде [ʌ] болып оқылады. Ал жіңішке е, і, ө, ү дыбыстары келген кезде [ә] болып оқылады, яғни полатаризация (жұмсарту) заңдылығы жұмыс істейді.

                   а 

[ʌ]                               [ә]

Karakat  [kʌrʌkʌt]         arecet  [әrecet]

Arna      [ʌrnʌ]              alem    [әlem]

Aspan    [ʌspʌn]         aсe      [әce]

Егер бір сөз жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда жіңішке буынды сөзден кейін (‘) дәйекше белгісі қойылады. Бұл жерде А.Байтұрсынұлының дәйекшенің жіңішкелік белгісі екендігін көрсететін пікірін басшылыққа алдық. Мысалы,

Аi:   1. Зат есім (ай). Астрономиялық атау.

        2. Одағай (әй). Бұл жерде мағынасына қарай екеуін ажырату үшін, егер ол одағай сөз ретінде қолданылған жағдайда сөздің соңына дәйекше қоямыз: ai’ [әi]. Ал, дәйекше қойылмаған жағдайда ai [ʌi] зат есім күйінде қалады.

- о әрпі сөз ішінде жуан дауыстылар келген кезде [ɔ] болып оқылады. Ал жіңішке ә, і, ү дыбыстары келген кезде [ɔ:] болып оқылады. 

                   о 

[ɔ]                               [ɔ:]

orak     [ɔrʌk]                oner   [ɔ:nɔ:r]

orman  [ɔrmʌn]                      ornec [ɔ:rnɔ:c]

otan     [ɔtʌn]              ozen   [ɔ:zɔ:n]

Егер бір сөз жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда жіңішке буынды сөзден кейін (‘) дәйекше белгісі қойылады. Мысалы:

Оz:  1. Етістік (оз). Іс-қимылды білдіреді: озу.

       2. Өздік есімдігі (өз). Осы жерде мағынасына қарай екеуін ажырату үшін, егер ол өздік есімдігі ретінде қолданылған жағдайда сөздің соңына дәйекше қоямыз: oz’ [ɔ:z]. Ал жалғау немесе жұрнақ жалғанған жағдайда дәйекше түсіп қалады. Мысалы: oz’ – oz + ge [ɔ:zgɔ:].

- u әрпі сөз ішінде жуан дауыстылар келген кезде [ɛ] болып оқылады. Ал жіңішке ә, і, ө дыбыстары келген кезде [ɛ:] болып оқылады.

                   u 

[ɛ]                               [ɛ:]

urpak  [ɛrpʌk]                 ustеm [ɛ:stɛ:m]

uran    [ɛrʌn]                 ulken  [ɛ:lkɛ:n]

ustam  [ɛstʌm]              urcer   [ɛ:rcɛ:r]

Егер бір сөз жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда жіңішке буынды сөзден кейін (‘) дәйекше белгісі қойылады. Мысалы,

Ush1. Етістік  (ұш). Іс-қимылды білдіреді: ұшу 

          2. Сан есім (үш). Осы жерде мағынасына қарай екеуін ажырату үшін, егер ол сан есім ретінде қолданылған жағдайда сөздің соңына дәйекше қоямыз: ush’ [ɛ:ʃ]. Ал жалғау немесе жұрнақ жалғанған жағдайда дәйекше түсіп қалады. Мысалы: ush’ – ush-ten [ɛ:ʃtɛ:n].

- y әрпі сөз ішінде жуан дауыстылар келген кезде [ı] болып оқылады. Ал жіңішке ә, e, ө, ү дыбыстары келген кезде [ı:] болып оқылады. 

                   y 

[ı]                                [ı:]

yntymak  [ıntımʌk]             ylmec [ı:lmec]

yngqaily  [ıŋqʌilı]              yscer   [ı:scer]

yrymdar  [ırımdʌr]                     ylgery [ı:lgerı:]

Егер бір сөз жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда жіңішке буынды сөзден кейін (‘) дәйекше белгісі қойылады. Мысалы:

Ys1. Зат есім (ыс). Түтіннің қалдығы.

    2. Зат есім (іс). Жұмыс. Осы жерде мағынасына қарай екеуін ажырату үшін, егер ол жұмыс ретінде қолданылған жағдайда сөздің соңына дәйекше қоямыз: ys’ [ı:s]. Ал жалғау немесе жұрнақ жалғанған жағдайда дәйекше түсіп қалады. Мысалы: ys’ – ys-cer [ı:scer].

- i [i] әрпі кириллица графикасындағы и [i], й [i:] әрпін білдіреді.

- w [w] әрпі кириллица графикасындағы у әрпін білдіреді.

А.Байтұрсынұлы i мен w әрпін шала дауысты дыбыстар қатарына жатқызады. Өйткені олар дауыссыз дыбыспен қосарланып келсе дауысты, дауысты дыбыспен қосарланып келсе дауыссыз дыбыс болып табылады. Егер – і немесе w әріптері дауысты дыбыспен қатар келсе, дауыссызға айналып транскрипцияда [i:], [w:], болып оқылады. Ал, дауыссыз дыбыспен қатар келсе [і], [w] болып жазылады.    

- е [e] дыбысы қазақ тілінің төл ережесіне тек жіңішке дауысты дыбыстармен ғана үндесіп келеді.

Бұдан бөлек сингармонизм заңына біріккен, кіріккен, кірме, қосарлама қос сөздер және шет тілінен енген қосымшалар бағынбайды. Оларды тек транскрипцияның көмегімен пайдаланамыз:

 

1.

Біріккен сөздер (оның ішінде жалқы есімдерді де қарастырамыз)

атамекен, қараөткел, сарыбел, желбау, Болатбек, Нұрлыбек, Жанаркүл

2.

Кіріккен сөздер

кейуана, керенау,  қыстыгүні, жаздыгүні,

3.

Кірме сөздер

кітап, мұғалім, қазір

4.

Шет тілінен енген қосымшалар мен көмектес септігінің жалғауы

- қой, - паз, - гей, - нікі, - дікі, - тай, - хана, - қор, - кер, - мен, пен, бен

Сингорманизм заңына бағынбайтын сөздер мен қосымшаларға байланысты алдағы уақытта арнайы ережелер әзірленетін болады.

 

Қазақ тіліндегі термин сөздер

Қазақ тілінің термин сөздігіне қатысты үш ереже ұсынамыз.

1). Қазақ тілінің ережесінде - қой, - паз, - гей, - нікі, - дікі, - тай, - хана- қор, - кер, мен, пен, бен қосымшалары бұрыннан бар. Сондықтан, бұл ережені -шын, -шіндеген қосымшалармен толықтырамыз. Себебі, қазақ тілінің терминологиясына орыс тілі арқылы енген информация, коммуникация, станция сынды сөз аяғы -ция қосымшасымен аяқталатын сөздер бар. Мамандардың айтуынша –ция қосымшасы қазақ тілінің дыбысталу ерекшелігіне қайшы келеді. Себебі, -ц, -я дыбыстары қазақ тілінде жоқ. Сондықтан, жоғарыда аталған информация, коммуникация, станция сынды сөздерді латын әліпбиінде бергенде information, communication, station түрінде беруді ұсынамыз.

Біріншіден, бұл сөздер халықаралық термин. Латын тілін қолданатын елдердің 80% халықаралық терминдердің жазылуын сол күйінде қалдырған. Бірақ, айтылуы әртүрлі. Сондықтан, әлемдік озық елдердің тәжірибелерін пайдалана отырып, біз де халықаралық терминдердің жазылуын сол күйінде қалдырамыз. Бұл қазақ тілінің ережелеріне қайшы келмейді. 

Екіншіден, оның айтылуына келгенде -шін, -шын деген қосымшаларды пайдалануды ұсынамыз. Себебі, жоғарыда айтып өткендей, - ц, -я  дыбысы қазақ тілінің дыбысталу ережесіне жат әрі күрделі. Сол үшін, ағылшын тілінің тәжірибесін пайдалана отырып, -tion, -sion қосымшаларын  -шын, -шін түрінде оқуды ұсынамыз. Қазақ тілінде алшын, баршын, аршын, көгершін, лашын сынды сөздер бар.

Үшіншіден, жастар арасында және бизнес, дипломатия саласында -tion, -sion (-шын, -шін) қосымшалары арқылы жасалатын information, communication,, station сөздерін информейшін (информация), коммуникейшін (коммуникация), стейшін (станция) түрінде айту тәжірибеге еніп кетті. Сондықтан, оны қолданыс тәжірибесіне қалдырған жөн. Алдағы уақытта tion, sion (-шын, -шін) қосымшасы арқылы жасалатын сөздердің тізімін жасап бекітеміз.                 

2) Ц немесе ts әрпімен берілетін сөздер қазақ тілінде санаулы. Атап айтқанда, цирк, цемент, цистерна т.б. Сондықтан, олардың халықаралық термин екендігін ескере отырып және оның пайдаланылуын оңтайлы етіп, түпкі жазылымын сол күйінде circus, cement, cistern деп қалдырамыз. Шеттен енген сөздер сингармонизм заңдылығына бағынбайтын сөздер болғандықтан, оның айтылуын транскрипцияда ұсынамыз. Тек жалқы есімдерді ғана екі әріптің қосындысы, яғни –ts арқылы беруді ұсынамыз. Мәселен, Tsoi, Tshai  

3) Компьютер, футбол, баскетбол, волейбол сынды танымал халықаралық терминдер мен бренд сөздердің де жазылу ережесін computer, football, basketball, volleyball, Coca-Cola, Toyota, iPhone түрінде қалдырамыз. Ал, оқылу тәртібін транскрипцияда жүйелейміз. Себебі, аталған сөздердің жазылуы жұртшылыққа өте таныс. Алдағы уақытта жазылуы сол күйінде қалатын бұл термин сөздердің де тізімін жасап бекітетін боламыз.   

 

Арман Байқадам,

«Baikadam» холдингінің бас директоры

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517