«Шығыс» ауылы биылғы қыстан қалай шығар екен?
Елдің есінде болар, Алтайдың алты ай қысынан әрең шыққан «Шығыс» ауылының тұрғындары көктемнің көкөзек шағында Өскемен қаласына қарай лап қойған болатын. Өйткені, ҚХР-дан қоныс аударған ағайынның ауылы – «Шығыстағы» тұрғын үйлердің бәрі электерліжылтпа пешпен (теплофон) жылиды екен. Жылиды дегеніміз жай сөз, шындығында әлгі жылтпапештер саршұнақ аяз сақылдап кеп қысқанда қамсау бола алмайды екен. Оның үстіне бағасы да қымбат. Сөйтіп әр отбасы 100-150 мыңнан қарызға батқан, әрі «шықпа, жаным, шықпамен» әрең күнелткен ауыл тұрғындары жергілікті билікке арыз-мұңдарын шағып, ақиқатты жария етпек болған. Мәселенің мәнісін бірден ұққан облыс әкімі наразы жұртты қалаға жеткізбей қарсы алып, үйлерді сапасыз салып кеткен «Бытстрой» құрылыс компаниясының әкесін тантуға уәде берген-ді. «Шығыстықтардың» бүгінгі ахуалы қалай? Олар қылышын сүйретіп келіп қалған кәрлі қыстың қысымына төзе ала ма? Облыстық «Дидар» газетінің хабарлауына сүйенсек, «Шығыс» ауылының тұрғындары алдағы қысты қапысыз қарсы алуға қамданып жатқанға ұқсайды. «Шығыстықтар» үйлерін жылылап, теплофондардың орнына қатты отынмен жанатын кәдімгі пештерді орнатуға көшкен.

Қазір аталған елді мекенде салынған 463 баспананың 461-інде адамдар тұрып жатыр. Ағымдағы қыркүйек айынан бері әу бастағы мердігер мекеме «Бытстрой» ЖШС сапасыз салып кеткен 80 үйдің жөндеу жұмыстарын демеушілік көмек ретінде «Берел Құрылыс» ЖШС мойнына алып, аяқтауға жақын қалыпты.
«Құмаров және К» компаниясы тұрғызған 65 шаңырақтың жөндеуді қажет ететін бесеуін демеушілікке тартылған «Агем» ЖШС тас түйін қылып беріпті.
Сол сияқты «777 және К» мердігер мекемесі де өзі салған жүз баспананың тең жартысында қосымша жөндеу жүргізуге міндеттеме алыпты.
– Сапасыз үйлерді жөндеуге, сыртын жылылап қаптауға, сондай-ақ, пеш салып беруге бюджеттен бір тиын ақша бөлінген жоқ. Бәрі демеуші компаниялардың қолдауымен істеліп жатыр. Глубокое ауданынан жылылайтын материалдар жеткізіліп, тұрғындар үйлерін өздері қаптап алуда. Сол секілді демеушілік көрсеткен «Имсталькон» ЖШС 20 пеш жасап, сыйға тартты. Оны біз ауылдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың, жалғызбасты аналардың үйлеріне тегін береміз. Ал жағдайы бар, мүмкіндігі жеткілікті отбасылар өз есептерінен от жағатын пеш орнатып алуларына рұқсат, – дейді Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов.
Сондай-ақ, қала басшысы Жасұлан, 8 мекенжайындағы тұрғын үйде жылу берудің қосымша көзі ретінде пеш орнату бойынша 500 мың теңгеге қанатқақты жоба іске асырылғанын жеткізді. Сынақ нәтижесі сәтті болып, артынша Кербұға, 37, Бәйтерек, 24, 26, Жасұлан, 1, Алаш, 32/1 мекенжайларында орналасқан үйлердің иелері де өз қаражаттарына пеш салуға кірісіп кеткен. Бұның сыртында 114 отбасы URSA материалымен үйлерінің сыртын жылылап, қаптап алған.
– Пешті Қытайдан өз ақшамызға сатып алып қостық. Осында әкелгендегі жол және басқа шығындарды қоса есептегенде 300 мың теңгеге шықты. Қазір күн жылыда бір қалақ көмір салсақ үйдің іші қайнап кетеді. Батареялар қол тигізбейді. Қыста да суық бола қоймас деп ойлап отырмыз, – дейді Алаш көшесі, 32/1 үйдің тұрғыны Кәуен Жидахан.
Бір айта кетерлігі, осыған дейін жұрт арасында «қағаз» үйлерге от жағу аса қауіпті деген сыңайда гу-гу әңгіме тараған. Алайда, бұл пікірді теріске шығарған мамандар қатты отынмен жанатын пештерді қолданғанда өрт қауіпсіздігі техникасы қатаң сақталатынын ескертті.
Алда қыс. Биылғы қыс былтырғыдай қатал болады деген болжамдар бар. Басқасы-басқа, Алтайдың қысы тіпті ерекше. Сондай ерекше қыстан шығыстықтар қысылмай шықса болғаны.
Abai.kz