Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4624 0 пікір 13 Желтоқсан, 2013 сағат 04:45

Баһадүрлер қорымы – Астана тарихының тамыры

Ұлт тарихында ұлт-азаттық көтерілістің ту ұстаушы көсемі Кенесары Қасымұлының ерен ерліктері замана кеңістігінде Құс жолындай сайрап жатыр.

Хан Кене жасағының құрамында атақ-абыройы асқақ үш жүздің айбалтадай жарқылдаған арыстан туған батырлары болған. Олар: шұбыртпалы Ақжолтай Ағыбай батыр, сүйіндік Жанайдар батыр, қыпшақ Дулатұлы Иман батыр (Амангелді батырдың атасы), табын Тіленшіұлы Жоламан батыр (әрі би), дулат Бұғыбай, Жәуке, Сұраншы, Байсейіт батырлар, атығай Аңғал батыр, қыпшақ Басығара батыр, арғын Жеке батыр (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 г. ХІХ века. Т. 2. Павлодар, 2005. С. 199).

1838 жылдың 7 тамызы. Қазақ жерінің кіндігіне орналасқан Ақмола үшін Кенесары сарбаздары ақмолалық Басығара батыр, Иман батыр, Ағыбай батыр, Наурызбай батыр таңның атысынан бастап қас қарайғанша жанқиярлықпен шайқасты. Бекініс алапат отқа оранды. Кенесарының бір отрядын басқарған Басығара батыр қалаға өршелене ұмтылып енді. Басығара батыр мерт болды. Хан Кене алған бағыттан қайтпауға және батырдың мәйітін қалдырмауға жарлық берді. Хан жарлығынан жігерленген Ағыбай, Иман, Наурызбай батырлар бастаған отрядтар дұшпан шебіне басып кірді. Ұрыс кең қанат жайды. Қараңғы түскенше бәсеңсімеді. Түн ішінде әскери старшина Карбышев пен аға сұлтан Қоңырқұлжа азғантай отрядтарымен қашып шықты (Бұл да сонда.  253-б.)

Ұлт тарихында ұлт-азаттық көтерілістің ту ұстаушы көсемі Кенесары Қасымұлының ерен ерліктері замана кеңістігінде Құс жолындай сайрап жатыр.

Хан Кене жасағының құрамында атақ-абыройы асқақ үш жүздің айбалтадай жарқылдаған арыстан туған батырлары болған. Олар: шұбыртпалы Ақжолтай Ағыбай батыр, сүйіндік Жанайдар батыр, қыпшақ Дулатұлы Иман батыр (Амангелді батырдың атасы), табын Тіленшіұлы Жоламан батыр (әрі би), дулат Бұғыбай, Жәуке, Сұраншы, Байсейіт батырлар, атығай Аңғал батыр, қыпшақ Басығара батыр, арғын Жеке батыр (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 г. ХІХ века. Т. 2. Павлодар, 2005. С. 199).

1838 жылдың 7 тамызы. Қазақ жерінің кіндігіне орналасқан Ақмола үшін Кенесары сарбаздары ақмолалық Басығара батыр, Иман батыр, Ағыбай батыр, Наурызбай батыр таңның атысынан бастап қас қарайғанша жанқиярлықпен шайқасты. Бекініс алапат отқа оранды. Кенесарының бір отрядын басқарған Басығара батыр қалаға өршелене ұмтылып енді. Басығара батыр мерт болды. Хан Кене алған бағыттан қайтпауға және батырдың мәйітін қалдырмауға жарлық берді. Хан жарлығынан жігерленген Ағыбай, Иман, Наурызбай батырлар бастаған отрядтар дұшпан шебіне басып кірді. Ұрыс кең қанат жайды. Қараңғы түскенше бәсеңсімеді. Түн ішінде әскери старшина Карбышев пен аға сұлтан Қоңырқұлжа азғантай отрядтарымен қашып шықты (Бұл да сонда.  253-б.)

Осы бір күнгі қанды оқиғаны шежіреші Мәшһүр Жүсіп былайша әңгімелейді: «Қараөткелге өрт саламын! – деп қамағанда, Қоңырқұлжа қарсы тұрып, ұрыс-соғыс қылған. Ақтау, Ортауда Кенесары мен Қоңырқұлжа тағы да қарсыласып соғысқан. Қараөткелді қамағанда, Кенесары күлдірмамай деген мылтығымен Тайтөбенің басында тұрып, орыстың қарауылшысы Баласайкесін атып, мұрттай ұшырған екен. Тама Танаш батыр бір шапанды майға бұлғап-бұлғап, бір шетін отқа жандырып тастай берген екен. Басқа шапқан батырлардан оққа ұшқан қыпшақ Басығара батыр қан майданда қала берген екен. Тама Басығарамен құшақтасқан дос екен:

Өлсем, өлейін, Басығарамен сүйегім бір жерде қалсын! – деп, қайта шауып барып, Басығараның сүйегін алдына алып өңгеріп келгенде, Кенесары хан айтқан екен:

- Дос болсаң, тама Танашпен дос бол! – деп.

Ақмола қаласын келімсектерден қорғауда көрсеткен керемет ерлігі үшін Хан Кене өзінің оғыландарына мынандай сипаттама берген екен: «Басығара батырлықтың бірегей тұйғыны екен, ешқандай үрейді білмейді; Нысанбайдай төкпе ақынды көргем жоқ, нешеме күндер толассыз жырлағанда, бірде-бір сөзді екінші қайталамайды».

Кенесары бастаған дауылпаз баһадүрлердің Ақмола үшін бір күнгі соғысының дүбірі – мыңжылдықтардың еншісі, ұлт тарихының алтын парағы, рух сабағы.

Осыған дейін жергілікті халық та, Астананың көкірегі ояу жаңа тұрғындары да «Ақмоланы жаудан алған, ғасырлардан келе жатқан тәуелсіздік мұратының алтын арқауын жалғаған Хан Кене сарбаздарының қорымы қайда?» деп сұраушы еді. Бұл сұрауға бүгінгі өлкетанушылар тосылғанымен, көнекөз қариялар «Қайда дейтіндерің бар ма? Шайқас өткен жердің тұсында да...» деп тұспалдаушы еді.

Құдайдың кереметі демеске лажыңыз жоқ, қызыл империяның өктемдігі мен бейіттерді тегістеген бульдозерінен аман қалған бір сүпітас (арнайы зират тасы) таяуда аңызға айналған ежелгі мұсылман қорымынан табылды. Содан бері Астана жұрты бұл бейітті «Баһадүрлер қорымы» деп атап кетті. «Қара жер қартаймайды, халық қартаймайды» деген осы да.

Астана шаһарының ішіндегі баһадүрлер қорымында әнші-ақындар, сал-серілер, композиторлар да мәңгілік мекенін тапқан. Үйткені, осы қалада ғұмыр кешкен атақты өнерпаздар Бабақ әулеті, Ғазиз Файзоллаұлы, Әздембай сал, Исабай әнші, арқалы әнші Сәтмағамбет (1880-1918), Шитеннің Мақажаны, Балтекей, Қапаш, Тұрсынбай, Кәрімжан секілді саңлақтар ән көрігін қыздырған. Бұлар Ғазиз үйінде бас қосады екен. Мәселен, 1915 жылы Ақмола жәрмеңкесінде мол дәулет иесі болған Қосшығұлдың балалары граммофонға ән жазады екен және кімде-кім жақсы ән шырқап жаздырса, оларға лайықты қаражат ұсынатын болған.

Біржан сал, Ақан серілердің қасында жүріп, олардың «Ләйлім шырақ», «Құлагер», «Көкжендет», «Алтыбасар», «Адасқақ» әндерін өз аузынан естіп, тамылжыта орындаған Бабақ 1855 жылы туып, 1928 жылы осы батыр бабалар қабірстанына қойылған. Құлтума, Жаяу Мұса, Біржан, Ақан әндерін асқан шеберлікпен жеткізуші, 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің декадасына қатысқан Қосымжан сүйегі де (1891-1954) осы бейітте. Бұл зиратта Балуан Шолақтың Ғалиясының ескерткіш тасы да тұр. Ақмолалық әкелі-балалы көпес Уәли және Ғалиакпар Халфин әулетінен тараған үрім-бұтақтарын, зәузат-жұрағаттарын қосыңыз. Алаш арыстаны Хайретдин Болғанбай қуғындалған жылдарда панасыз қалып шетінеген үйелмелі-сүйелмелі бөбектері, аға сұлтан Ыбырай Жайықбаев сынды көптеген жақсы-жайсаңдар осы қорымға жерленгенін ұрпақтары тебіреніп еске алады.

1928-1932 жылдарда ел ардақтылары қуғынға ұшырап, дәм-тұзы таусылғандар да, аштықтан шыбындай қырылған қазақтар осында. Соның бірі – Жолымбет батырдың тұқымынан шыққан сілетілік Малғозы (Малтай) 1931 жылы 70 жасында кісенделіп, 2 айдан соң осы жерден топырақ бұйырған.

Көрнекті дінтанушы С.Ғылманидің құнды дерегіне сүйенген өлкетанушы Мейрам Сәрсетұлы «500 білікті молда даярлаған әйгілі Ақтамақ қалпенің 37 жасында обадан қайтып, Ақмола мұсылмандары зиратына қойылғанын» айтады (М.С.Бөкеш. Сәкен қалпе дәуірінен бүгінге шейін. Астана, 2013. Қолжазбаның 20-беті).

1933 жылы Мәскеуде құпия жағдайда өлтірілген Алаш арысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Садуақасұлы сүйегінің күлі күні кеше елге әкелініп, осы тарихи қорымға қойылуының да Тәуелсіздік мұраттарымен сабақтастығы бар деп есептейміз. 20-жылдары голощекиндік саясатқа қарсы тұрған Смағұлдың саяси жөн-жобалары жүзеге асқанда, халық мұншама қынадай қырылмас еді...

С.Садуақасұлы құлпытасындағы «Артымызға – анық көңілмен, алдымызға ашық көзбен қарайық!» деген қайраткердің өз сөзі ел тарихы мен Астана тарихының терең қатпарларын парасатпен зерделеуді нұсқағандай.
        Астана қаласы мәдениет басқармасы басшысының кеңесшісі Кәмила Қоқымова былай деп дерек береді: «Бұл қорымға 10 мың адам жерленген, соның 400-ге жуығының аты-жөні анықталған. Өкінішке қа­рай, мүжілген, сынған, жазулары өш­кен күйінде бүгінгі күнге тек 2169 құл­пытас жетіп отыр.
Бұл қорымда ел аузындағы Тәуке ханның ұрпақтары Бел­гі­байұлы Тәуке қажы (1861-1957), Досқо­жаұлы Күшік қажы (1810-1894), Құ­даймендин Қоңырқұлжадан кейін Ақмоланың аға сұлтаны Жайықбайдың Ыбырайының баласы, атақты дәрігер Жайықбаев Дәнду Рахымжанұлы (1903-1956), Жанасбайұлы Сүйірбай қажы (1878-1953), Есім ханның ұрпағы - Бегалы Қоңырқұлжа болыс­тың ұлы Мейрам, Бұхар, Қазан қала­ларынан келген бел­гілі мұсылман қайраткерлері Нагимбек-оглы Абдул­джаббар (1870-1909), Наж­муддин Омар (1910-...), Ныгметжан оглы Мухаммад Омар, Фазлаллах ұлы Абдал-Бари (1866-1920), Хусейн оглы Абдулхалик (1843-1910), Ямул Уали-дин Мухаммед Хус­нуддин (1860-1913), Оспан Мау­сымбай ұлы (188...-1945), Оспан Әбді­рах­манұлы (1894-1945), Мақыш Досқажаұлы (1904-1962), Сәкен Сей­фул­линнің әріптестері Жақия Айна­бекұлы, Абдулла Батырбеков және басқалар жерленген» («Астана ақшамы» газеті, 22.10.2013).

Тоқетері, «Баһадүрлер қорымы» – Астана тарихының тамыры,  елеулі бір парағы. Себебі, құлпытастағы жазулар қазақ халқының басынан кешкен ерлік-қаһармандық дәуірдің терең сырын шертері сөзсіз.

Серік НЕГИМОВ,

 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің профессоры,

филология ғылымдарының докторы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443