Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 2067 18 пікір 4 Маусым, 2024 сағат 14:12

Баспасөздің басынан бағы тайды ма?

Сурет: egemen.kz

Кейінгі кездері еліміздегі баспасөздің жағдайы мүлдем мәз еместігі ешкімге де құпия емес. Бір қызығы, қазіргі таңда елімізде қанша газет шығатындығы туралы нақты мәліметті де еш жерден кездестіре алмайсың.

Ресми деректер жұртты әбден шатастырып бітеді. Мәселен, еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі былтырғы тамыз айында барлығы 2204 газет тіркелгендігін хабарлайды. Мұның ішінде қазақшасы қанша екендігін тіпті, бөліп те айтпайды. «Елімізде газеттер негізінен қазақ және орыс тілдерінде шығады» деген жалпылама ақпаратпен шектеледі. Ал википедияға жүгенсек, ол 1156-ға дейін түсіп кетеді. Сонда мұның қайсысына сендік? Ал осыншама газеттің шын мәнінде шығып тұрғандығы қанша? Ол жайлы ешкім де тіс жармайды.

Өйткені бізде, сірә, бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде тек әлемжелі ғана қалатын шығар. Мысал ма? Жетіп артылады. Айталық, Мәжіліс жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі, «Халықаралық социология және саясат» қоғамдық қоры директорының орынбасары Марат Шибутовтың жазуына қарағанда, Ұлттық кітап палатасы мен «ТМД баспасөзі» атты жинағының берген мәліметтеріне сәйкес, елімізде 2010 жылы барлығы 1197 газет шығып тұрған. Ал содан кейін құлдырау басталған. 2015 жылы бұл көрсеткіш 1131-ге түссе, 2020 одан небәрі 644 газет қана қалған. Одан бергі жағдай мүлдем құпияға айналды. Өйткені бұл саладағы статистикалық мәліметті еш жерден кездестіре алмайсыз. Бұдан шығатын қорытынды біреу-ақ.  Егер газеттер саны өсер болса, оны ешкім де құпия ұстамас еді. Демек, кейінгі төрт жылдағы жағдай тіпті де мәз емес.

Газеттердің таралымы да дабыл көтерерліктей. Ол көрсеткіш жалпылай алғанда 2014 жылдан 2022 жылдар аралығында сегіз есеге дейін құлдыраған. Жарнама берушілер азайып кетті, оларды оқырмандарға жеткізетін пошта қызметі де сын көтермейді, газеттерді өткізетін жер де жоқ. Өзгесін былай қойғанда, үлкен қалалардың өзінде газет дүңгіршектері саусақпен санарлықтай ғана. Негізінен біреуі әкімдіктің қасында, ал екіншісі темір жол бекетінде орын тебеді. Осымен газет саудасы аяқталады.

Сонымен шынымен газеттердің тіршілігімізден баз кешіп кетуіне аз ғана уақыт қалды ма? Өзімізше ой ойлап, пікір қорытуға жетелейтін, санамызды жаңғыртып отыратын газет деген қүдыреттен айырылып қалсақ не боламыз? Бұған кім кінәлі? Оқырман ба, әлде заман талабына сәйкес келмейтін газеттің өзі ме?

Жайберген Болатов

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357