Сенбі, 23 Қараша 2024
1843 0 пікір 6 Маусым, 2024 сағат 16:58

Әкеден қалған асыл мұра

Сурет: Н. Төреқұлов мұражайынан алынды

Нәзір Төреқұлов мұражайында қазақтың тұңғыш дипломатына арналған экспонаттар рет-ретімен көз сүйсінерліктей етіп қойылған.  Мұражайдағы экспонаттар қатарында көзге түсетін ерекше жәдігердің бірі –Нәзірдің әкесі Төреқұлдан қалған жез құман.

Әуелі құманның қысқаша тарихы жайлы сыр шертер болсақ, осыдан екі ғасыр бұрын қазақ даласында құман үй тұрмысында күнделікті қолданылатын ыдыстардың бірі болған. Сол кезде құманды әдетте қол жуғанға, шай қайнатқанға пайдаланған. Ісмер  қолды хас шеберлер құманды түрлі металдардан: мыс, жез, темір, қола, күміс, қыштан жасаған. Қол жууға арналған құманды алып жүргенде суы шайқалып төгілмес үшін мойны, шүмегі ұзыншалау, биіктеу етіп жасалынған.

Сол кездегі үлкен астарда, жиындарда қарттар мен жасы үлкен адамдардың қолына құманмен су құйып, батасын алу жастар үшін әдептілік, ибалық белгісі болып есептелінген.

Құманды сәндік бұйым ретінде күмістен, алтыннан, жезден жасаған. Құманның сыртқы көрінісін әртүрлі ою-өрнектермен бедерлеп, әшекейлеген. Хас шебер құманға салған ою-өрнекті оның астына қоятын тұғырына сәйкестендіріп бедерлейтін. Сол кезде осындай әдемі, айшықты құман бұйымдарын шеберлер саудагерлер арқылы сатылымға шығарып отырған.

Ал мұражайдағы Нәзір тұтынған құман жайлы әңгіме қозғап, оған сипаттама берер болсақ, құманның екі жақ бүйірі шығыңқы, жапырақ тәріздес өсімдік өрнектері салынған. Құманның тұтқасы болмағандықтан мойын жағы жіңішке, ұстауға ыңғайлы. Құманның биіктігі 33 см, сыйымдылығы 3,3 литр. Құманның қақпағы жоқ. Оның жиектері айналдыра тістер тәрізді өрнектермен көмкерілген. Металдан жасалынған жез құман күйіне қарағанда сол кездегі күнделікті тұрмыста көп пайдаланылғаны байқалады.

Жалпы алғанда, шағын мақаламызға арқау еткен Нәзірдің әкесі Төреқұлдан қалған жез құман екі ғасырға жуық тарихы бар құнды жәдігер. Осы жез құман мұражайға келген көрермендерге Нәзір өмір сүрген кезеңнің сан қилы тарихынан сыр шертіп тұрғандай әсер береді.

 Айжан Жайынбаева

Н. Төреқұлов мұражайының экскурсия жүргізушісі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369