Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2686 0 пікір 18 Қыркүйек, 2009 сағат 11:32

«Телқоңырдың» тұсауы кесілді

Мәдени саясат және өнертану институты рухани қорымызды тағы бір құнды дүниемен байытты. Аталған институтта  осыған дейін 18-19 ғғ қазақтардың тұрмыс салтынан нақты дерек аңғартатын фотобейнелер жинағының тұсау кесері болғанын зиялы қауым жақсы біледі. Жинақтағы суреттер Кунскамерадан табылған болатын. Суреттерді ақ патшаның тұсында қазақ даласына қадам басқан Шығыстанушы ғалымдар, саяхаткерлер фотоаппарттарға түсіріп алып, сол кездегі Ресейдің мұрағаттарына қалдырып отырса керек.

Мәдени саясат және өнертану институты Мәдениет және ақпарат министрлігінің тікелей басшылығымен бұдан өзге де игілікті шаралар өткізумен келеді.

Мекемеге басшы болып тағайындалысымен саясаттанушы Ерлан Саиров ұлт өнері мен оның болашағына сергек қарайтын ортаға «ұлттық бренд», «мәдени код» деген терминдер енгізу арқылы да көп ой салып жүрген азамат.

Ал, бүгін, яғни, 18 қыркүйек күні, институттың мәжіліс сарайындағы жиын Моңғолия қазақтарының әндері мен күйлерін топтастырып, «Телқоңыр» атты партитуралар кітабын көпшілікке таныстыруға арналыпты.

Қазақ баспасөзінде «аспан асты мұражайы» деп айтыла бастаған Бай Өлке мен Қобда аймақтарын қаймағы бұзылмаған қазақ өнерінің  қордалы мекені десе болады.

Жұртшылықтың есінде шығар, ілгеріде Моңғолиядағы бауырлар мекендеп отырған жерлерді аралаған Бекболат Тілеухан, Жанар Айжанова сияқты саңлақ әншілер мұндағы жұрттың құлағынан қалып бара жатқан әндердің інжу-маржанын теріп қайтқан еді. Бай Өлке мен Қобда әнге ғана емес, сыбызғы, домбыра күйлеріне де кенен өлке. Ол жақтағы қазақтардың сыбызғы күйлері өз ерекшелігімен атаққа шыққаны мәлім. Мұны жиын барысында халық әртісі, профессор Алдаберген Мырзабеков сияқты білгірлер екпін түсіре айтып өтті.

«Телқоңырға» халық күйлері мен әндері, берідегі композиторлардың туындылары бар жалпы жиыны жиырма екі шығарма еніпті. Әндер мен күйлердің ұлттық-музыкалық оркестрлерге арналған партитурасын Мәдени саясат және өнертану институтының қызметкері Қайырғазы Төлен мен профессор Алдаберген Мырзабеков жасапты.

Конференцияға қатысып сөз сөйлеген шешендер 1960 жылдары Баянөлгейде құрылған Баянөлгей қазақтарының ұлттық-музыкалық оркестрі туралы еміне еске алды. Бір кезде сол оркестр туралы Моңғол басшысы Сейдембал: «Бұл қандай биікке көтерілген өнер? Оркестр Баянөлгейден емес, басқа елден келгендей әсерге бөлейді», -  деген екен.

Халқымыздың  төлтума өнерін саф күйінде сақтай алған Баянөлгей, Қобда аймағында тұрып жатқан қазақтардың арасындағы сыбызғышылар, әншілер мен күйшілер Ерлан Саиров басқаратын институттың ғана қамқорлығына зәру болып қалмауы керек. Оған мемлекеттік қамқорлық керек деп тарасты «Телқоңырдың» таныстырлуына келген жұрт.

Естеріңізге сала кетекеніміз абзал, «Телқоңыр» - Алтай, Арқа өңіріндегі дәулескер домбырашылардан қалған бағзы күйлердің бірі.

«Абай-ақпарат».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394