Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4958 17 пікір 20 Тамыз, 2024 сағат 15:02

Ресей тарихты бұрмалағысы келеді

Фото:https: ks-yanao.ru

ТМД елдері өз тарихында 40 жыл ішінде түрлі өзгеріске ұшырап, қос империя кезінде отаршылар жазып берген мәдени-тарихи концепциялар мен мифтерден арыла бастады.

Алысқа бармай, Мәскеудің іші бауырына кірген басшысы бар Беларустің шын мәнісінде Литва екендігі, ал жемайт халқының литван аталғандығын мысал үшін айта аламыз. Дәл осы Орталық Азиядағы тарихта ұйғырдың бір тармағы саналатын Мавернахрлық қарлұқтардың қыпшақ тілді өзбек атауын иеленуі Ресей отарлауының ұлттар мен олардың тарихына тиігізген кері әсері екені айқын.

Тіпті Қазақстандағы ашаршылықтың 90 жылдығы тұсында орын алған нәубетке КСРО емес, қазақ байлары кінәлі деген тезисті жәймен өткізбек болғаны да есімізде. Орыс отаршылары бүлдірген, күзеген һәм түзеген тариха қатысты гуманитарлық жаңаша көзқарастардың бәріне Ресей тарапы ғылыми-мәдени өркіректік танытып, талай рет өз дөң айбатын жасаған болатын.

Енді келіп, тиісерге қара таппаған Ресей шын тарихы жоқ сыған сияқты қаңғыған ұлт армиянның тарихына тиісуге кірісті. Өтірік жазылған тарихқа жалған баға берудің көкесі осы арадан басталады. Иә, мемлекеттігі болмаған армяндарға топтаса қоныстануға мүмкіндік беріп, әзербайжаннан жер тартып алып берген Ресейдің ашуланатын жөні бар.

Бірақ бұл ғылыми шамдануда түркі тарихына түкіріп тұрып, империялық кеудемсоқтық бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Сонымен Ресей армян тарихшыларына не үшін шамданды соны оқырмандарымызға сөз ете кетейік.
РФ СІМ Ресейдің Армениядағы тарих жөніндегі жаңа оқулықтардағы өздерінің рөлінің бұрмаланғанын алға тартып, ел билігін бұған «көз жұма қарамауға» және мектептерде мұндай оқу құралдарын оқытпауға шақырды. Тиісті хабарлама Ресей дипломатиялық ведомствосының сайтында жарияланды.

РФ СІМ мәтіні Арменияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты құрылымының ресми сайтында жарияланған «армян мектептерінің 8-сыныптарына арналған тарих оқулығының аса күмәнді мазмұнына» назар аудара отырып, оның «Шығыс Арменияның Ресейге күштеп қосылуы» атты жаңа оқулық тарауларының бірінде XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басындағы Оңтүстік Кавказдағы оқиғалар бұрмаланған түрде баяндалған дегенді біршама орынды уәжді алға тартты. Атап айтқанда, 1826-1828 жылдардағы орыс-парсы соғысының қорытындылары бас-аяғы төңкеріліп берілген деп атап өтеді ресейліктер. Бұдан бөлек Түркменшай бітімі Шығыс Арменияның «аннексиясы» деп аталатындығы да ресейлік СІМ шамдандырды.

Түркменшай бітімі арқасында жері мен мемлекеті болмаған Армения ұтып, жаулап алынған жердегі жергілікті тұрғындардан тартып алынған өңірде жаңадан ашылған Ереван уезіне иелік етіп, Ресейдің Кавказдағы қолшоқпарына айналғандығын жайында екі жақта ләм-им деп жақ ашпайды. Бұл орайда Ресейдің ашуланатын жөні бар. Енді еш түсініктемесіз Батыс Әзербайжанның жеріне қоныс берген Ресейді де, оған жаңа қожайын болған жерсіз күйсіз армянды да жайына қалдырып, Ресейлік мәлімдемеге көшейік.

- Егер елеулі дереккөздерді, соның ішінде армян дереккөздерін оқысақ, 1828 жылғы бейбіт шартқа қатысты мүлдем басқа көзқарасқа тап боламыз. Соңғы кезге дейін республикалық оқулықтарда ол «армян мемлекеттілігін болашақта қалпына келтіру үшін орасан зор мәнге ие» деп бағаланған. Ресей империясының, ал кейіннен КСРО мен Ресейдің қазіргі Арменияның қалыптасуындағы ерекше рөліне күмән келтіру жалпыға белгілі фактілерге қарсы тұруды білдіреді. Әңгіме біздің ортақ тарихымызды қайта жазудың кезекті бет қызармайтын әрекеті туралы болып отыр, - деп атап өтті дипломатиялық ведомствода.

- Армян билігі мұндай оқулықтың мектептерде оқытылуына жол бермейді деп үміттенеміз, сондай-ақ алдағы уақытта біздің ортақ өткенімізді бұрмалау әрекеттеріне «көз жұма қарамаймыз, - делінген мәлімдемеде.

РФ СІМ аталған оқулықтарда «батыстық насихат пен саяси инжинирингтің үздік дәстүрлеріне сай өз демеушілерінің ығына жығылып құлдық ұру үшін ақты қара деп көрсетушілік кейбір армян зиялылары тарапынан орын алған» деп мәлімдеді.

«Мұндай тұжырымдарды енгізу армян басшылығы тарапынан тарихи жадтыны есте сақтау міндеттемелерге тікелей қайшы келеді. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянның 2022 жылғы 19 сәуірдегі бірлескен мәлімдемесінде былай делінген: «Тараптар ортақ өткенге ортақ көзқарасты сақтай отырып, Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындыларын қайта қарауға және тарихты бұрмалауға қарсы күресті жалғастыруға ниет білдірді», - деп еске салды РФ СІМ.

Осылайша, Орталық Азия және Балтық бойымен шынайы тарихи тақырыпта айтысып-тартысып болған, әрі айтқанын еш орындата алмаған Ресей енді нағыз өткенін ұмытқан армяндарға шын мәнісінде дұрыс сес көрсетті.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321