Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3109 0 пікір 14 Ақпан, 2014 сағат 04:35

Тұрсынбек Әлиұлы. Тайгадағы той. Қазақтар...

Суреттер интернеттен алынды.

1991 жыл. Алматы.  Мен ұнатқан бойжеткеннің құрбысы бір жігіттен аяғы ауыр болып қалыпты. Айы-күні жақындағанда бір-ақ айтқан ғой. Кейіннен босанып, шекесі торсықтай ұл туды. Ал жігіті болса, оқуын бітіріп, еліне кетіп қалған. Не істеу керек?

      Әрине,  құрбымызды жігітінің үйіне апарамыз деп шештік. Оңтүстіктің заңы қатал. «Жолдан бала туып алыпты» дегенше, бір-екі күн болса да сол үйде тұрсын, кейін дәм-тұздары жарасып кетер деген ой да біздікі.

      Бір қуанарлығы, жігіттің адресі бар екен. Краснояр өлкесі, «Бахт» дей ме, «Тахт» дей ме бір ауыл, әйтеуір. Алматыдан Красноярға ұшақпен ұштық, Красноярдан Енисей түсіп кемемен, кейін вездеходпен жүріп отырдық, әрі қарай қар жатыр, жол жоқ, ит жеккен шанамен, қойшы әйтеуір, бес күн дегенде жеттік-ау өліп-талып...

      Біз Алматыдан шыққанда жаз болатын, келсек кәдімгі қыс, 40 градус бар-ау! Тайга. Бұғылар, бұғының терісін киген адамдар. Маңайдың бәрі ну орман, ағаш, ағаш тағы да ағаш...

      Бір уақытта бала жылап қоя берді. «Елін сезіп келе жатыр-ау», деді шана айдап келе жатқан адам. Сезсе сезе берсін, бізге құрбымызды құрсағындағы құлынымен тастап кеткен жігіт керек, көрсек түтіп жейтіндей болып келеміз.

      Бір уақытта бес-алты күрке ме, киіз үй ме, бір елді мекенге келдік. «Баланың әкесі осы үйде тұрады», деді жаңағы кісі. Кірдік. Ешкім жоқ. Отырдық. Ортада от жанып тұр. Бір кезде бір үлкен кісі кіріп келді. Келе сап баланы бас салып, көтеріп алды да иіскеп, сүйіп жатыр.

- Сіз кім боласыз? - дедім. Атасы боламын, - деді.

- Біз келеміз деп жеделхат салған едік, алдыңыз ба? - деп сұрадым. Рациямен айтқан деді.

-   Баланың әкесі қайда?

- Келіп қалуы керек. Оған да айтылған деді. Ол қайда? - деп едім, Мәскеуде жұмыс істейді деді.

      Бір уақытта адамдар жинала бастады. Көбі қазақтар. Баланы көтеріп, құшақтап, сүйіп жатыр. Көңіл біраз жайланайын деді. Өйткені бізді қалай қарсы алады екен, қабылдай ма деп алаң көңілмен келгенбіз ғой. Маңайдың бәрі орман, тайга, ұрса не істейміз, өлтіріп, анау ағаштың түбіне көме салса ше? Кім іздеп табады сені?

      Бір жақсысы бәрі қуанышты, атасы немересін құйрығынан, әтпішінен иіскеп, иіскеп қояды...

      Бұғы әкелінді. Сойды. Бәрі қанын сол бойда-ақ шикідей ішіп жатыр. Біз де татып көрдік. Дастархан жайылды. Балықты шикідей жейді екен. Оны да жедік. «Құда», «құда», деп төрге отырғызып, арақты құйып жатыр. Ішпесіңе қоймайды. Бір уақытта араққа нан турап ішіп отырғанымды білемін, ары жағы есте жоқ...

      Таңертең тұрсам, жас жұбайларға салынған төсекте, шымылдықтың ішінде жатырмын. Күйеу жігіт келіпті. Баланы көтеріп жүр. Қуанғаны түрінен көрініп тұр. Ештеңе дегеніміз жоқ. Біз де қуандық. Той тойға ұласып, үш күн іштік.

Бұл жақта қайдан жүрсіздер, құда? - деймін ғой, бір ес жиғанда үлкен кісіден сөз сұрап.

Біздің әкелеріміз баяғы ұжымдастыру, байларды тәркілеу заманында осы жаққа жер аударылған екен. Көрсеткен өз ағайындары болса керек. Содан қатты ренжіп, көрместей болып кетіпті. Осы жерде ағаш кесумен өмірін өткізген. Ұрпақтарына да енді Қазақстанға жолаушы болмаңдар деп өсиет тастаған екен. Сонымен, жүрміз, міне...

      «Айтпақшы, сен журналистпін дедің бе? Менің әкем елге қанша өкпелеп кетсе де, Арқаны сағынады екен, бірнеше рет көшпекші де болыпты, бірақ тағы да көзге түсіп, сотталып кетемін бе деп қорқыпты. Соның елді, туған жерді сағынғанда жазған бір өлеңі бар еді. Соны саған берейінші. Оқы,  керек болса қажетіңе жарат, бірақ кімдікі екенін айтпай-ақ қой», - деді.

      Жарайды,- дедім.

      Міне, сол өлең:

Сарыарқа жерім, самал-ау желің,

Айдауда жүріп қайысты-ау белім.

Бір көріп сені, өлсем де мейлі,

Сағындым сені, туған жерім.

Сарыарқа елім, сағындым керім,

Көзіме бір рет көрінер ме едің?

Қадіріңді сенің түсіндім енді,

Ыстықсың қандай, туған елім!

Құс болып ұшып, бір барар ма едім,

Жүйткіген желмен аралар ма едім.

Туған елім-ау, туған жерім-ау,

Шіркін-ай, саған бір қарар ма едім?

Сарыарқа жерім, самал-ау желің,

Қош, аман бол, ағайын дедім.

Арманым жоқ, айтарым жоқ,

Тек өзіңнен бұйырсын кебін....

      Ақыры елге қайттық. Екі жас жиырма жылдай Мәскеуде тұрып, Астанаға көшіп келді. Тағы да тойладық. Ал баяғыда біз апарған бала қазір жиырма үште. Шанхайда модель болып жұмыс істейді.

Астана

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394