Гете: Адам жаны суға ұқсайды...
Иоганн Вольфганг Фон Гете (1832-1749 ж.)
И.В.Гете Мейін өзенінің сағасындағы франфурд қаласында ауқатты қала тұрғыны отбасында дүниеге келген. Германяның әйгілі ойшылы, ең ұлы жазушысы, көрнекті ғалымы, әйдік ақын. Комедия, театр, суреткерлік қатарлы салаларда шоқтығы биік әлем адебиет-көркемөнеріндегі алып тұлға. Еуропа әдебиетін көркейтуге елеулі үлес қосқан, Маркс, Энгелс, Хигер қатарлы ұлы тұлғалар ерекше ауызға алып құрметтеген осынау әдебиет алыбының «Фауст» қатарлы 2000-нан астам поэзиялық шығармалары, «Өспірім Вертердің назалары» қатарлы қыруар роман-повесть және драмма-комедия прозалық шығармалары, 2700-ден астам классик сурет туындылары бар.
1813 жылдан бастап Қытай әдебиетіне назар аударып, көптеген қытай классик шығармаларынан нәр алып, «Қытай-Германия ерте заман және қазіргі заман өлеңдері» атты жырлар жинағын шығарған ұлы қаламгердің әйгілі шығармалары 1922 жылы Қытайдың әйгілі ақыны Гомороның аударған «Өспірім Вертердің назалары», «Фауст» шығармаларының аударма нұсқалары арқылы елімізге таралған. қазір елімізде ханзу тілінде жаряланған 10 томдық шығармалары бар.
Адамдық шегерасы
Басталғанда әлмисақ, адамзаттың атасы,
Жұмсақ жылы алақан, ақ бұлттардан жайғанда.
Нажағай боп жарқылдап, айтқан тілек батасы,
Жер шарының аспаны, айналды айқас майданға.
Сол кезде мен еңкейіп, жұмып тұрып көзімді,
Бар ынтаммен беріліп, сүйдім оның етегін.
Дүрсіл қақты жүрегім, билей алмай өзімді,
Білдім әйтеу ғажайып, бір құдырет жетегін.
Әулие мен пендені, салыстырып қараса,
Пенде жасық болады, өзін көзге ілмейді.
Жұлдыздар да қолына, қонар еді қаласа,
Кереметін пенделер көрсетуді білмейді.
Кереметін пенделер, көрсете алса асыра,
Бәлкім байыз таппайды, жалпақ жерден тайраңдап.
Екі аяғы тоқтамас, әлденеге асыға,
Ақ бұлттарды аралар, саят құрып сайрандап.
Бәлкім жасай береді, мәңгілікке мекендеп,
Талап етсе табылып, қара жерден керегі.
Қолынан сол келері, тамыр тартып бекемдеп,
Өсе беру секілді бейне каучүк терегі.
Әулие мен пенденің, парқы қайдан көрінер,
Толқын қуған толқынды, тек әулие байқайды.
Ал адамдар тек қана, толқындарға көмілер,
Іздерін де қалдырмай, толқын жуып-шайқайды.
Тағдырымыз таңылған, тар бесікке құндақтай,
Ойланбаймыз, осылай өмір сүру тати ма?
Ұрпақтардан ұрппаққа, ұластырған жұмбақтай,
Кейде тілеп аламыз, сап-сау басқа сақина.
Қырда өскен раушан гүл
Бала жігіт байау басып барады,
Қыр гүлінің иісі мұрын жарады.
Нарттай қызыл раушан гүлге нәп-нәзік,
Жетіп барып құштарлана қарады.
Қырда өскен қызыл раушан тамаша,
Құлпырады сұлулыққа таласа.
Деді жігіт: көрдім гүлдің талайын,
Раушан, раушан, тек сені үзіп алайын.
Деді раушан: тікенім бар сұғатын,
Саған естен кетпес жара салайын.
Қырда өскен қызыл раушан тамаша,
Үзіп алар кім көрінген қаласа.
Нарттай қызыл раушан гүлге түздегі,
Жігіт қолын созды, мәлім үзбегі.
Гүл үзілді, жерге тамды мөлдір шық,
Бұтақты ырғап тұрды салқын күз лебі.
Қырда өскен қызыл раушан тамаша,
Жұтар әлем жұпар иісің тараса.
Адам жаны суға ұқсайды
Адам жаны суға ұқсайды, кезде былай қараған:
Көктен түсер, көкке шығар, бу болып су тараған.
Көкте тағы тұра алмайды, жерге тағы түседі,
Қайталанған су секілді, қайталанар бар адам.
Күміс бұлақ сарқырайды, құлама құз тасынан,
Күміс қар-мұз жарқырайды, асқар шыңдар басынан.
Күміс шуда көк аспанда, желкілдейді жел айдап,
Күміс толқын шыңырауда, шым-шым қайнар тасыған.
Ағар жолы асқар таумен кейде бөгеп тосылар,
Орап өтіп ағар тағы ағыл-тегіл жосылар.
Жазар бауыр жазықтарда, көл бетінде көк айдын,
Жұлдыз жайнап, көзді байлап, сәнге сән кеп қосылар.
Жел мен толқын айтар болса, аумас бір жұп ғашықтан,
Жел қуалап, толқын қашар, жағалауға асыққан.
Дауыл тұрса, толқын ұрса теңіз болар зелзала,
Долырғандай адам кейде ашу кернеп, тасып қан!
Адам жаны суға ұқсайды, кезде былай қараған:
Сен де ұқсайсың, сұрағы жоқ суға ұқсайды бар адам.
Адам жаны желге ұқсайды, кезде былай қараған:
Сен де ұқсайсың, тұрағы жоқ желге ұқсайды бар адам.
Айға қарап
Ай сұлуым аспаннан сен аппақ сәуле төккенде,
Жыныс орман, терең шатқал нұрап нұрға бөккенде.
Менің мынау жүрегімді жібересің жайнатып,
Түнек басқан түкпіріне қараңғылық шөккенде.
Шуағыңмен шұрайланып, жаным менің жауланды,
Күміс сәулең күндізгідей жарқыратты ауламды.
Тағдырымды тұрған шолып, секілдісің сен бейне,
Жан досымның жанарындай мейірлі де баурамды.
Сен жалғыздап кең аспанды кездің тұрақ таппастан,
Мен жалғыздап кездім әлем шатыққа мұң шаптасқан.
Әлемдегі әрбір үнді естір менің жүрегім,
Бірде күліп, бірде жылап, тағдырға мін тақпастан.
***
Жүрегімді бір өзен бар, аға берсін, ағылсын,
Қам көңілге қайғы деген қамыт келіп жабылсын!
Күлім көздер, шырын сөздер, үкілі үміт үркіген,
Кетті бәрі оралмасқа, енді қайдан табылсын?
Кем дегенді келді-ау бір рет бақыт басқа теппейтін,
Ең асылым, ең қымбаттым екен баға жетпейтін.
Енді білдім асылынан айрылудың азабын,
Өмір бақи өкініш боп есіңнен еш кетпейтін.
Ойхой өмір, өркеш өзен, аға бер сен жосылып,
Таудан құла, сайға сұла, тоқырама төсіліп.
Сен ағарсың, семпония секілденіп сезілер,
Сарқылмайтын сарыныңа менің әнім қосылып.
Мейлі қыста түнде болсын кездеріңде тасыған,
Көремін де көтеремін көңілімді жасыған.
Көктемде әлде көк бүршікті кездеріңде суарған,
Бұдан артық рахат жоқ деп көруге мен асығам!
Әсемдіктің әлемінде ләззаты мол сарқылмас,
Жамандық жоқ, жауыздық жоқ кең құшағын тар қылмас.
Айлы түнде ел баспаған, жан білмейтін жаһанды,
Жан досыңмен бірге кезсең, бұдан рахат артылмас.
Қытай тілінен аударған Қанатбек Жұмабайұлы,
Дайындаған Әлімжан Әшімұлы.
Abai.kz