Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5765 0 пікір 28 Ақпан, 2014 сағат 06:08

Ресейлік БАҚ-тың таралымына тыйым салынуы керек!

Солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясының аймағында тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының таралымын Қазақстанда шектеу қоятын уақыт шегінен асып кетті. Алайда, қазақ үкіметі мемлекеттік тұтастық пен ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне шындап мән беріп, жанашырлық танытып отырған жоқ. Керісінше баяғы тәртіп, баяғы инерциямен жұмыс жасап Ресей баспасөзіне сұхбат беріп, алдымен орыстілді БАҚ-та көрініп қалуға тырысуда. Бүгінгі жас ұрпақ біле бермеуі мүмкін, Совет Одағының кезінде бұрынғы партиялық саптағы саяси басшылар Мәскеуге барып, Мәскеуде басылатын «Паравда», «Известия» сияқты газеттердің босағасында жатып сұхбат беріп немесе жазған шимай-шатпақтарын жариялатып келетін. Соған дардай болып, ісіп-кеуіп, дүрдиіп жүретін. Қазіргілер де сол: айна-қатесіз. Бір мысқал өзгерсе не қыл дейсіз?!. Бұл нені білдіреді? Бұл – орысқа басы бүтін бағыныштылықты білдіреді. Рас, геосяси немесе геоэкономикалық жайттарға қатысты халықаралық баспасөз орталықтарынан (мысалы, Би-би-си, Си-эн-эн, т.б.) сөз алып сөйлеу, пікір білдіру тәжірибеде бар нәрсе. Бірақ ешбір елдің ресми тұлғасы аталған БАҚ-тың біріне соншалықты тәуелді емес. Тәуелділікті, турасын айтсақ, орыс баспасөзіне тәуелділікті біздің шенеуніктердің ортасынан  ғана табасыз.

Солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясының аймағында тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының таралымын Қазақстанда шектеу қоятын уақыт шегінен асып кетті. Алайда, қазақ үкіметі мемлекеттік тұтастық пен ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне шындап мән беріп, жанашырлық танытып отырған жоқ. Керісінше баяғы тәртіп, баяғы инерциямен жұмыс жасап Ресей баспасөзіне сұхбат беріп, алдымен орыстілді БАҚ-та көрініп қалуға тырысуда. Бүгінгі жас ұрпақ біле бермеуі мүмкін, Совет Одағының кезінде бұрынғы партиялық саптағы саяси басшылар Мәскеуге барып, Мәскеуде басылатын «Паравда», «Известия» сияқты газеттердің босағасында жатып сұхбат беріп немесе жазған шимай-шатпақтарын жариялатып келетін. Соған дардай болып, ісіп-кеуіп, дүрдиіп жүретін. Қазіргілер де сол: айна-қатесіз. Бір мысқал өзгерсе не қыл дейсіз?!. Бұл нені білдіреді? Бұл – орысқа басы бүтін бағыныштылықты білдіреді. Рас, геосяси немесе геоэкономикалық жайттарға қатысты халықаралық баспасөз орталықтарынан (мысалы, Би-би-си, Си-эн-эн, т.б.) сөз алып сөйлеу, пікір білдіру тәжірибеде бар нәрсе. Бірақ ешбір елдің ресми тұлғасы аталған БАҚ-тың біріне соншалықты тәуелді емес. Тәуелділікті, турасын айтсақ, орыс баспасөзіне тәуелділікті біздің шенеуніктердің ортасынан  ғана табасыз. Оған басты себеп, осы уақытқа дейін не Парламент, не Үкімет «мына Ресейдің баспасөзі біздегі баспасөз нарығын басып алды, ақпараттық агрессия байқалады. Сондықтан оған шектеу қою керек» деген жоқ. Керісінше, Ресейден кеңесші-басшы шақырып жекеменшік арналар былай тұрыпты, мемлекеттік телеарналардың екі тізгін бір шылбырын солардың қолына беруде. Сөздің қысқасы, Ресей баспасөзінің (бұқаралық ақпарат құралдарының) таралымына шек қоймау – алдымен Президент Назарбаевтың билігін мансұқтау,тәрк ету, Назарбаев билігіне қауіп төндіру болып табылады (дәл осылай жазып, осылай демесек, біздің құқық қорғау органдары, Парламент пен Үкімет ұқпайды). Неге? Тегінде, «жаман айтпай жақсы жоқ», Ресеймен арамызда қандай да бір істер жөнінде келіспеушілік бола қалса, әр-әркімнің  үйінде қақсап-зарлап сөйлеп тұрған «РенТВ» мен «НТВ»-ақ  талмау тұстан ұстайтын талай жайттың басын ашып,  қоясын ақтарып тастауы мүмкін. Қауіпті ме? Қауіпті. Ең басты қауіп Ресей арналарының қазақ жерінің бүтіндігі мен тұтастығына шәк келтіретін сандырақтарды эфирден жіберіп қойып, қарап отыратындығында болып тұр. Тым құрығанда осыған тиым жасауға болмай ма? Болады. Егер Бас прокуратура мен Үкіметіміз ұмытып қалмаса, бізде БАҚ туралы заң бар, ол  заңның ішінде мынандай бір бап бар:       

4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті өршітуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады.

(ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы. 13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық  ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру  және тоқтату)

Яғни, дәлел келтірілген БАҚ туралы заңның 13-бабының 4-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді көздеп пікір білдірген Ресей саясаткерлерінің мәлімдемелерін жария еткен, үнемі жария етіп келе жатқан Ресейдің телеарналары мен өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының таралымы біздің елде тоқтатылуы керек. Осыны қақсап, зарлап айтып келе жатқанымызға әй, бір 20 жылдан асқан шығар. Ең бастысы бізде ақпараттық шабулдардан еліміз бен жеріміздің тұтастығын қорғайтын Заң бар екен. Одан да әрісін айтсақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен шекарасын БҰҰ сияқты халықаралық ұйым танып, мойындап қойған. Сонда дейміз-ау, Прокуратура қайда қарап отыр? Азаматтық позициясын білдіріп, үн қатқан өз елінің ұлы мен қызын айдап апарып мал сияқты қамап тастауды білетін Прокуратура мемлекетіміздің бет-беделіне нұқсан келтіретін, бейбіт өміріне қауіп төндіретін ақпарат беріп отырған арнаны неге жауып тастауға пәрмен етпейді?! Әлде біздің құқық қорғау органдарына Президент Назарбаевқа қарсы сөз айтылмаса болғаны ма? Біле білсек, Жириновский мен Лимоновтың сөзі заманауи мемлекетіміздің архитекторы Назарбаевтың ісін мансұқтау болып табылады. Соны ұға алмаған Бас Прокуратура қызметкерлерін Президент толық құрамда отставкаға жіберсе жөн болар еді. Осыны қауіп еткендей өткен сейсенбі күні Президент қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп, қазіргі ақпараттың жылдам тарайтындығын, бірдің сөзі мыңды дүрліктіретінін ескертті.  Ал біз қазақ қоғамына Ресей баспасөзінің дәл Қазақстандағыдай өзін қожайын сезінуі ешбір елдің баспасөз кеңістігінде кездеспейтіндігін, мұндай қожайындықтың соңы ел ішін алатайдай бүлдіретін пәлеге ұрындыруы мүмкін екендігін кезекті рет ескертеміз.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965