Жұма, 22 Қараша 2024
Саңлақ 3735 2 пікір 1 Қазан, 2024 сағат 14:09

Министр: 180 түрлі спортқа қаражат жұмсағанбыз

Сурет видео скрині.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Jibek Joly телеарнасындағы «УӘДЕ» бағдарламасына берген сұхбатында Қазақстанның 180-ге жуық спорт түріне қаражат жұмсағаны туралы айтты.

«Біз вертикаль бойынша, әр өңірге өзінің географиялық орналасуына, инфрақұрылымына және бұрынғы тарихи нәтижелеріне, мамандарына байланысты басым спорт түрлерін бекітіп жатырмыз. Олар – 15-18 жазғы олимпиадалық спорт түрлері және 7-8 қысқы спорт түрлері.

Географиялық орнына байланысты дегенім – бүкіл өңірде барлық спорт түрлерін дамыту деген сөз емес. Олимпиадада Косово деген ел бар, кеше олимпиадада дзюдо спортынан 2-3 алтын алды. Бір спорт түрінен. Біздің бір қаламыздай ел. Ол бір спорт түріне бар қаражатты дұрыс бөліп, соған акцент жасағаннан. Германияда 25 спорт түрі, Ресейде 30 спорт түрі маңайында, Өзбекстанды алсақ 17-18 спортқа мемлекеттік қаражат бекітеді. Ал біз 180-ге жуық спорт түріне қаражат қамтығанбыз», – деді Ербол Мырзабосынов.

Сұхбаттың толық нұсқасы:

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5255