Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5346 0 пікір 23 Қыркүйек, 2009 сағат 06:12

Айтмұхамбет Тұрышев. Мәдени мұраның лингвистикалық ғылыми негіздері (2-бөлім)

Біздің тарихи мәдениетіміздің түп-тамыры алғашқы-қауымдық құрылыстан басталады. Алғашқы  қауым - адамның балалық шағы. Адамзаттың тарихының көп бөлігі алғашқы қауымдастыққа келеді. Американдық этнограф Л.Г. Морган (1818 - 1881) адамдардың пайда болуын («Көне қоғам», 1877) алғашқы қауымдастықты «тағылық» дейді.   У.К. Ясперса схемасында әлем тарихында алғашқы қауымдық дәуір «тарихқа дейін», «прометтік дәуір» - деп атаған. Біз 200000 жыл бұрын тұрған адамдардың жан - дүниесі туралы ештеңе білмейміз. Дегенмен, тарихи даму өмір сүру барысында адамзат биологиялық және психофизикалық жағынан өзгеріске түскен жоқ. Содан бері бар жоғы 100 ұрпақ өтті. Біздің ата - бабамыз біз бара алмас дәуірде тобымен оттың маңында өмір сүрген сияқты. От және қару адамның адамға айналуының негізгі факторы болып табылады. Алла жаратқан жерде Адам ата мен Хауа ана пайда болды дейді аңыз. Алла адамды, жан - жануарды, аңдарды, егінді бір мезгілде жаратқан дейді тағы да. Адам көзі ашылғаннан бергі маймылдың өзгеріп адам болғанын көрген жоқ. Олай болса, адам маймылдан пайда болған деген жорамал теріске шығады. Ең алғашқы еңбек құралы 2,5 млн жыл бұрын пайда болған екен. Адамдар жасаған еңбек құралының материалынан археологтар алғашқы қауымдық әлемді: тас, мыс, қола және темір заманына бөлді.

Біздің тарихи мәдениетіміздің түп-тамыры алғашқы-қауымдық құрылыстан басталады. Алғашқы  қауым - адамның балалық шағы. Адамзаттың тарихының көп бөлігі алғашқы қауымдастыққа келеді. Американдық этнограф Л.Г. Морган (1818 - 1881) адамдардың пайда болуын («Көне қоғам», 1877) алғашқы қауымдастықты «тағылық» дейді.   У.К. Ясперса схемасында әлем тарихында алғашқы қауымдық дәуір «тарихқа дейін», «прометтік дәуір» - деп атаған. Біз 200000 жыл бұрын тұрған адамдардың жан - дүниесі туралы ештеңе білмейміз. Дегенмен, тарихи даму өмір сүру барысында адамзат биологиялық және психофизикалық жағынан өзгеріске түскен жоқ. Содан бері бар жоғы 100 ұрпақ өтті. Біздің ата - бабамыз біз бара алмас дәуірде тобымен оттың маңында өмір сүрген сияқты. От және қару адамның адамға айналуының негізгі факторы болып табылады. Алла жаратқан жерде Адам ата мен Хауа ана пайда болды дейді аңыз. Алла адамды, жан - жануарды, аңдарды, егінді бір мезгілде жаратқан дейді тағы да. Адам көзі ашылғаннан бергі маймылдың өзгеріп адам болғанын көрген жоқ. Олай болса, адам маймылдан пайда болған деген жорамал теріске шығады. Ең алғашқы еңбек құралы 2,5 млн жыл бұрын пайда болған екен. Адамдар жасаған еңбек құралының материалынан археологтар алғашқы қауымдық әлемді: тас, мыс, қола және темір заманына бөлді. Көне заман тас дәуірі: (палеолит) (грек тілінде рalaios - көне және litos - тас), мезолит (орта тас дәуірі) және неолит (жаңа тас дәуірі) - деп үшке бөлінеді. Тас дәуірінің хронологиялық шекарасы шамамен 2 миллионнан - 6 мың жыл бұрын қамтиды. Палеолит үш кезеңге бөлінеді: төменгі (ертелі), орта және жоғарғы (кеш дамыған кезең). Тас дәуірді 4 - 3 б.з.д. мыңға созылған  (неолит) қола ауыстырды. Артынан (4 - б.з.д 1 мың жылдық жез (мыс) дәуірі созылды. Академик Ә.Марғұлан атап көрсеткендей: «жез» деген сөз (кейбір түркі тілдерінде - jaz, jäz ) санскрит, грек, латын, гот сияқты ерте дүние тілдерінде пайдаланылған (Археологические исследования в Казахстане, 1973. - С . 4-5). Мұның өзі бұл жерлерге «жез» сөз ретінде «экспортталуы» мүмкін емес, Орталық Қазақстаннан металл ретінде жеткізіліп, өз атын сақтап қалғанға ұқсайды (кейінгі кезеңде ғана «купрус» - деп атаған) [29, 14]. Бұны темір дәуірі алмастырды. Полеолиттің аяқ кезіне қарай адамның қазіргі пішін - келбеті қалыптасты [30, 14]. Во - первых, на рубеже среднего и верхнего палеолита заканчивается эволюция ископаемых гомонит и появляется «настоящий» человек - Homo Sahiens [31, 142]. Қазақстан аймағындағы ең ертедегі адам баласының құралдары Сарысу өзенінің бойында неополитикалық Бөрібас I, II тұрақ табылды. Үңгір тұрағы Теректі әулие жартасқа, қабырғасына  салынған суреттерімен және тағы аттардың, бизон мен барыстың суреттерімен таң қалдырды - деп жазды Ә.Х. Марғұлан     [32, 20]. Сол сияқты Жезқазғаннан темір дәуіріне дейінгі мәдениетке жататын көне адамның қаңқасы табытымен табылды. Ұлытауда қола дәуіріне жататын көптеген ескерткіштер атап айтқанда: Жанайдар, Тоғызбайкөл, Айбас - Дарасы, Едіге (Қорғантас), сол сияқты қола дәуіріндегі құрылыстар Ұлытау, Жанғабыл (Смырқон) Орталық Қазақстанның батыс шекарасынан айғақ боларлық көптеген заттар қазып алынды [32, 20]. Жаманөзенге таяу Ортау жақта шығыс және солтүстік шығыс тау бөктерінде ерте дәуірдің үш кезеңі ерте, орта, кеш кезеңі (қола) ескерткіштері жақсы сақталғаны анықталды. Ортаудың терең үңгірлерінде қола дәуір ескерткіші сақталса, маңындағы орда - қорғандарды қосатын тас жолдар салынып, гранит тас төселгені анықталды. Демек, бұл материалдар көне Қазақстанда мәдениеттің ерте басталғанын көрсетеді. Отырықшы елде ұсталық дүкендер жұмыс істеген. Олар қару жарақ соққан, ат әбзелдерін жасаған. Көшпенділердің арбасын жөндеген. Көшпелі мәдениет таспен тері өңдеуді ойлап тапқан. Кейіннен қола, мыспен өңдеген.

Неолит дәуірінде шаруашылықтың екі түрі: мал өсіру мен егін салу мәдениеті қоса дамыды. Қола, мыс өндірушілермен «полистармен» мал шаруашылығымен айналысатындар сауда жасасып, мал, аң терісімен айырбас жасасып тұрған. Көл, өзен жағасындағылар балық шаруашылығымен айналысты. (Адамзаттың палеолит заманынан 15 - 10 мың жыл бұрын ең бірінші қолға үйреткен аңы ит болды. Иттің  шыққан тегі де қасқыр болған. Ит адамның ең сенімді досына айналды. Түз тағысы, дала баласы түріктердің қолына тез үйренді. Қасқырдың айға қарап ұлуынан «ұл» «ұлы» сөздерінің шығуы мүмкін. Одан «ұлыс» сөзі туындауы мүмкін. Бұл туралы Кляшторный budarag ulus budun тіркесіндегі ulus «халық», «ел» дегенмен мағынасы жағынан ешқандай қатысы жоқ дейді [33, 129].         Е.Н. Жанпейісов «көне түркі  ulus сөзі орыс тіліне ХI ғасырда «волость» болып кірген. ULUS (ulus) > волость > болыс» - деп дыбыстық жағынан жаңғырған нұсқасын көрсетеді [34, 30]. Ұлыманың күшіктерін түріктер «ұлы» деген. Тотемдік түсініктер халық жадында архетиптік қызмет атқарған. Басқа бір рәміздер мен таңбаларға айналған. Мысалы, барыс (ібіліс) кейіннен көк бөріге алмасқан. Ата - тек тотем Көкбөрі жаугершілік пен еркіндіктің, батырлық пен қайсарлыққа шақырған символ болған. Бөрілердің өз ара қырқысып, жеміне таласы көшіріліп ұлттық ойын түрі «Көкпарға» түскен. Күн түрік дүниесі үшін құдай болды. Күн ұясына кіргенде оның орнын ай басты. Күннің жылылығын, нұрын түн мезгілінде ай атқарды. Айға байланысты: «Толық ай» сияқты адамның бет әлпеті толық болса, дөңгелек ай секілді жамалы, нұры - деген эпитеттерге ие болды. Әр айдың 14 түнін қырғыздар бедер  «әдемі әлпет» - деп жазды (Будагов, 247 б.). Түн (қараңғылықтың) белгісі, зұлымдық тек қана түнде істеледі. Оған қарама - қарсы тұра алатын ізгілік иесі «ай». Бөрі екеш бөрі ай сәулесімен өзінің барар барысын, жемін аңдиды. Түз тағысы бөрілер ұлу арқылы бір - бірімен хабарласады. Ұзақты күн дала кезген түрік бұл құбылыстарды жадына сақтап, өздері тотем санаған бөріні айға табынған деп есептеп, өздерінің сенімдерін одан әрі күшейте түсті. Ай түрік үшін барар бағытын адаспай таба алатын, ауа райын болжай алатын қасиетті иеге айналды. Өлген адамның жаны ұшып, мәңгілікке кетеді деп ұқты. Ай символикасы мәдени гомогендік дәстүрмен тығыз байланысты. Мұсылмандық әлемде ай діни таңбаға айналды. Өлген адамның басына ай таңбасын қойды. Жер астындағы өмір жер үстіндегі өмір арқылы көктегі (аспан, күн, ай, жұлдыздармен) тоғысып жатады деген ұғым болды. Аспан планетасына байланысты түріктің өзіндік таным сипаты көп болды және ол әр уақытта өмірлік тәжірибеден алынып отырды. (Жұлдызшылар, жаурынмен бал ашқандар, жорушылар) т.б. өмірден сабақ алғандар болды [35].  Оларды Л.З. Будагов: астрологъ, предсказатель - дейді (17 б.). Өзінен кейінгі ұрпақтарына материалдық мәдениеттің қайталанбас үлгілерін қалдырған мемлекеттер дәуірлеп өсіп, кезеңі жеткенде күйреп өшіп те жатты. Көшпенді мәдениет те соның кейпін кешті. Көшпелі мәдениет ғаламат әлемнің ішінде өз орнын таба білген. Шексіз кеңістікте адам өзімен өзі және табиғатпен жеке қалып, оңаша сұхбаттасу, сырласу үстінде болған. Ол өзінің бүкіл рухымен, табиғатпен шынайы жақын екендігін сезінген. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Әрбір ұлт мәдениеті бос кеңістікте емес, адамдардың қоршаған ортасында әрекет етеді. ХV ғасырда Еуразия даласында тарихи аренаға «қазақ» деген атпен көшпенділердің ұрпағы келеді. Олар көрші елдермен этносаяси, эномәдени қарым - қатынас орнатады. Тарихта «қазақ» есімі арқылы аталған ел әлі де толық зерттеліп болған жоқ. Қазақтың заттық, рухани мәдениеті алыста антикалық тайпалар қойнауында жатыр. Қазақтар көшпелі тайпалардың ұзақ жылғы бірігу мен бөлінуі нәтижесінде тарих сахнасына шығып, кең байтақ жерге ие болып қалды. «Қазақ» көне түркілердің саяси және мәдени нәтижеге жеткен бірден - бір мұрагері болып табылады. Сондықтан да болар зерттеушілердің көбі көне еуразия көшпелілерінің тарихын зерттегенде қазақ мәдени әлемінен тірек іздейтіні. Расында да қазақ этнографиясы көшпенділер мәдениетін ашатындай құндылыққа өте бай. Қазақтың этномәдениеті ерте көшпенділердің - ұялмай көрсете алатын, айта алатын айнасы іспетті. «Қазақ» этнонимі туралы тұңғыш деректі «Қобыланды батыр» жырынан: Қызылбасқа жан тартқан, Қазақ десе оқ атқан; Қазақ көппін дегенде, Көппін деп айтар тілім жоқ ұшыратамыз [36, 64, 84]. Одан кейін Міржақып Дулаттан таба аламыз. Ол: «Қазақ қырғыздың ата тегі туралы» атты еңбегінде Әбілқасым Фирдауси (940 - 1020) «Шахнамада»: «қазақ хандығы» деген ел көк теңіздің (Арал теңізінің) солтүстігін мекен етіп тұрған күшті және көп санды ел» - деп көрсеткен. Бұдан кейін «қазақ» 1245 жылы құрастырылған көне қыпшақ шығармасы (түркі - араб сөздігінде) кездеседі. М. Қозыбаев: «Қазақ» атауының даңқы қыпшақ одағы әлсіреген, қыпшақтан қазақ, ноғай, өзбек, башқұрт т.б. болып бөліне бастағанда ғана әйгілі болды» - деп жазды [37, 2]. Академик Н.А. Баскаков «қазақ» атауының орыс тілінде тұңғыш рет 1395 жылы жазылғанын көрсетеді. Көне қазақ мәдениеті жез материалының негізінде қалыптасып, неолит заманынан бастау алған идеясы жаңа сапаға ие болды. С. Ақатай: «В век компьютера нам трудно понять, что каждое изобретение, простое на вид, давалось древним нелегко, за каждым из них стоят не только огромные умственные и физические усилия человека, но лежит опыт тысячелетий» - дейді [38, 10-11]. Сонымен мәдениетті тану үшін адамның әрекетін білу қажет. Қазақтардың мәдениеті тұрмыс - салты мен әдет - ғұрпы арқылы ғана танылады. Ал, оларды жоғарыда айтылған жайттар  анықтайды. Мәдениет адамнан тыс өмір сүрмейді. Адам тұрмысының маңызын түсінген сайын, мәдениет сол заттың мәнін, қажетін оның дамуын тездете түседі. Адам әлеуметтік болып жаратылмайды, шаруашылық қызметінің үрдісінде сондай болады. Білім беру мен тәрбие беру адамзат баласының маңдайына жазылған еншісі, мәдениеттің жоғарғы формасы ол ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Мәдениет адамды, әрине, қоғамға бейімделуге, ымыраға келуге үйретеді. Қазақтар өзінің бастапқы мәдениеті қандай болса, сол мәдениеттен бастау алады да, өзінің замандастарынан тәжірибе жинай түседі. Және де сол қоғамның мүшесі ретінде сол мезетте оған өзінің қол таңбасын қалдырады, байытады. Мәдениетті болу үшін адам жеке басына байланысты формада болуы мүмкін: мектепке дейінгі оқу орындарында, жоғарғы оқу орындарында, кәсіпорындарда, саяхатта, отбасында, өзімен - өзі дайындалуында т.б. Мәдениетке ерекше рөл ойнайтын - радиоқабылдағыш, теледидар, баспасөз, компьютер т.б. бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтендіру үрдісін үздіксіз мәдениет пен адамның жеке басының бірлігінде қарастырған жөн. Бұл адамның жеке басының: мінез - құлқы, психикасы, темпераменті, оның менталитеті, ұлттық тәрбиесімен тығыз байланысты. Жеке бастың өзіне өзі есеп беруі жөнінде орыс философы Н.А. Бердиев (1874 - 1948) қызық тәжірибе жасады: ол - әлеуметтік үрдіспен және соның ізін ала бере мәдениет, өз ара күрделі антиномикалық (қарама - қарсылық) системасын құрайды дейді. Оның қарама - қарсылығы қарама - қарсылықта анықталады: 1) әлеуметтік пен жеке бастың тұлғасында; 2) мәдениетті нормалау және де сол бостандық, адамға (норма мен бостандық - екі полюс, мәдениеттегі екі күресетін бастаушы); 3) дәстүрлі мәдениет арасымен және оның  жан - дүниесінде өтетін жаңғыру. Осы және тағы басқа қарама - қайшылықтар мәдениеттің барлығына мінездеме беріп қана қоймай оның дамуының көзі де болып табылады. Мәдениеттің негізгі көзін қарастыру арқылы оның ішкі құрылымының қандай екендігіне көз жеткіземіз. Мәдениеттің негізгі әлеуметтік құбылыс және әдеттегі негізгі құбылыс ретінде: статикалық мәдениет және динамикалық мәдениет деп екіге бөлеміз. Біріншісі, мәдениетті тыныштықта, өзгермейтінін және қайталайтынын мінездесе, екіншісі - мәдениетті үрдіс ретінде қозғалыс және өзгеріс үстінде көреді. Мәдениет базис элементінің екі түрі: заттық және рухани болады.

Р.Г.Ахметьянов: «К этнокультурной лексике относятся, во - первых, названия природных явлений, характерных для той области, где живут носители данного (определенного) языка, во - вторых, лексика материальной культуры и, в-третьих, лексика духовной культуры, куда включаются: 1) термины родственных и семейных отношений, 3) слова относящиеся к духовной жизни людей (музыка, искусство, развлечения), образованию и воспитанию, 4) слова, харектеризующие людей в системе общественных связей и ценностей, 5) слова, относящиеся к мифологии, фольклору и обрядам» - дейді [39, 3]. Заттық элементтің өзіндік құнын заттық мәдениет құрса, заттық еместі - рухани мәдениет құрады. Бірақ, олардың бөлінуі шартты түрде ғана болады. Көбіне шындық өмірде олар өте тығыз байланыста болады және өзара араласып тұрады. Заттық мәдениеттің маңызды ерекшелігі - оның өміршеңдігі  емес, қоғамдағы заттық өмірі де емес, өндірілетін  затта да емес, заттың қызметінде де емес. Заттық мәдениеттің бұл - қызметті адамның дамуына әсер ету көз қарасымен сипатталады. Адам баласының қандай мөлшерде талабы ашылып, мүмкіндік туатынын, шығармашылық мүмкіндігін, тума талантын айқындайды.            Р. Г. Ахметьянов: «Термины метериальной культуры, как известно, отражают важнейшую сторону человеческой деятельности - производство материальных благ (пищи, одежды и жилища). Поэтому их разбор представляет первостепенную важность для изучения истории народа» - дейді [40, 170]. Заттық мәдениетке кіретін: еңбек мәдениеті, заттық өндіріс, тұрмыс мәдениеті, топос мәдениеті - өмір сүріп отырған жері (үй - жайы, қыстағы, аулы, қаласы), өзінің дене - мүшесіне деген мәдениетті құрмет, дене - шынықтыру мәдениеті. Заттық емес мәдениеттің құндылықтар элементін рухани статикалық мәдениет жағы құрайды: норма, ереже, тәртібінің нормасы мен үлгісі, заңы, рухани құндылықтар, түрлі әдет шаралары, дәстүрлер, символдар, мифтер, білім, идея, әдет - ғұрып, тілі, салт - дәстүрі т.б. Кез келген заттық емес мәдени нысандар заттық мәдениеттің араласқанын қалайды. Мысалы, білім алу үшін мұндай аралық делдал кітап болып табылады. Адамның шығармашылық еңбегімен, қолымен жасалған заттық және рухани шындық, «артефакті» - деп аталады (табиғи жасалған) [41, 50].  Сонымен артефакті - заттық немесе рухани бағалылығымен құнды. Ол - табиғи емес, табиғат жасамаған, бұл үшін сапалы заттық материалдың нысанын, энергиясын, табиғаттың шикізатын қолданып, табиғаттың заңымен келісе отырып қимылдайды. Жіті байқаған кісіге адамның өзі артефакті класына жатады екен. Бір жағынан табиғат эволюциясының жемісі, табиғи өткен жолы бар, заттық тіршілік сияқты өмір сүреді, тіршілік етеді, ол - рухани және әлеуметтік тұрғыда өмір сүреді, жаратушы сияқты өмір сүреді қимылдайды, рухани байлықтың тұтынушысы және тасушысы болып табылады, сол сияқты табиғат «өзінен - өзі» жасауға қабілеті жоқ екендігі байқалады. Сонымен адам табиғаттың баласы ғана емес мәдениеттің де құлы, қаншама биологиялық тіршілік болса, соншама әлеуметтік, ал оның табиғаты қаншама заттық болса, соншама рухани болады. Адам өзі табиғаты жағынан сапалы табиағаттың өзінікі болып табылады, заттық бәрінен бұрын биологиялық - физиологиялық болса, сол сияқты рухани, заттық емес, неғұрлым жетілген мәдениетімен және интелектуальді еңбегімен, көркемдігімен, ғылымилығымен немесе техникалық шығармашылығымен белгілі болады. Бұнымен бірге адам өзінің табиғаты жағынан рухани - заттық тіршілік иесі, ол заттық мәдениеттен нәр алатын сияқты рухани мәдениеттің де артефактісі. Материалдық қажетін өтеу үшін ол - тамақты, киімді, үй - жайды, техниканы, материалды, ғимаратты, кешенді, құрылысты, жолды т.б. тұтынады және жасайды. Өзінің рухани талғамын өтеу үшін ол - көркемдік құндылықтарды, адамияттық, эстетикалық талғамды, саяси, идеялогиялық және діни мұраттарды, ғылым мен өнерді жасайды. Сондықтан да адам шығармашылығы барлық каналдармен заттық сияқты рухани мәдениет те жан - жаққа тарайды. Мінеки, біз адамды межелі, жүйелі қалыптастырушы фактор ретінде, мәдениетті дамытушы ретінде қарастырамыз. Адам мәдениетті жасайды, қайтадан жасайды және де өзінің дамуы үшін пайдаланады. Табиғи әлемнің, «мәдениет әлемі» - деп аталатын «екінші табиғат», «табиғи жасалған» адам өмір сүретін, архитекторы да, құрылысшысы да адамның өзі. Бұл - адам аяғы баспаған планетадағы шындық. Бұл - адам өмір сүріп отырған уақытқа дейін созыла беретін ащы шындық. Адамның объективті бағалы шындығы оның шығармашылығының тұтастығымен байланысты. Оның бағалылығы жүйелі мәдениеті типтенеді де негізгі үш бағытта жүреді: генезистік, құрылымдық, функционерлік. Генезистік және даму мәдениеті тұтас үрдіс ретінде өзінің бойында өткен құндылықтарды сақтап, қабылдап, трансформациялайды және құндылықтарды байыта отырып материалдың негізі ретінде мәдениетті болашаққа жеткізеді. Құрылымдық тұтастық мәдениеттің құны иерархиялық бейнемен жымдасып келсе, екінші жағынан теңдік дәрежені сақтайды оның бірі - орталық және фунтаментальді орынды алады, басқасы - екінші қатарда және қосалқы жағдайда болады, оның бірі - жалпы тотальді маңызы болса, басқасы - локальді және нақты болады. «Материальная культура, в другом смысле слова, - это человеческое «Я», переодетое в вещъ; это духовность человека, воплощенная в форму вещи; это человеческая душа, осуществленная в вещах; это метериализовавший и опредметившийся дух человека» [42, 52].  Материалды мәдениет өзіне әр түрлі типтегі артефактіні қабылдайды, оның табиғи нысаны трансформаланғаны соншалықты нысан затқа айналып кетті, демек, зат, оның қасиеті және берілген мінездемесі адамның шығармашылық қабілетімен өңделген, сондықтан ол - өте нақты, толықтай «homo saрiens» ретінде адам қажетін қанағаттанарлықтай болуы керек. Академик М.С. Каган бұл арада адамның «хомо сапиенстан» (қабілетті адам), «хомо фабер» (жетілдіруші) және т.б. - ал «хомо агенс» (әрекет етуші адам) деп алмастыруды ұсынды [43, 89]. «Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен де ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды» - деген сөздің жаны бар [44, 35]. Рухани мәдениет - кейбір мәдениеттанушылар мәдениеттің әр түрін атап, оларды тек қана заттық және рухани мәдениетке жатқызуға болмайтыны да болады дейді. «Разнообразна и богата духовная культура народа, составной частью которой являются многообразные формы народного поэтического творчества - фольклор, включающий в себя сказки, предания, легенды, песни, поговорки, загадки. Особое место занимают в поэтическом творчестве казахов героический и социально - бытовой эпос, айтысы. Эпический жанр, выступающий способом изустной передачи межпоколенной информации, возник в древности, втечение столетий обогащался, развивался и в основном отобразил условия кочевого быта, патриархально - родового уклада предков» - дейді [45, 101].

Ата - бабамыз қалыптастырған заттық және рухани мәдениеттің бір бөлігі уақыттың тезіне шыдап, келесі ұрпаққа өте бағалы және асыл  мұра ретінде қалды. Бұндай мәдениет - «мәдени мұра» - деп аталады. «Мұрагерлік» - ұлтты біріктіретін өте маңызды фактор. Ол - елді қиын жағдайда ұйымдастырады. Ахметьянов: чуваштар мен татарлардың эпосы мен мұралары өзара байланысы жоқ және тілдік  материалдарды аз береді екен. Себебі, шуваштар да, сол сияқты татарлар да өзінің ұлттық эпосын иеленбегенін өкінішпен еске алады. Бұл дегеніміз, түріктердің эпикалық поэмалары рулық - тайпалық бөлініспен байланысты болған. Ал, тайпалық одақ татарлар мен шуваштарда өзінің құнын ХIV - ХV ғасырларда - ақ жойған екен. Рулық- тайпалық құрылымның бұзылуымен бірге о дүниеге рулық дәстүр болып саналған ата - бабаның ерлігін жырлайтындарда кетіпті. Қыпшақ эпосы тек қана көрші татарларда - ноғайларда, башқұрт пен қазақтарда ғана сақталыпты. Сібір татарларында «Едіге» жыры сақталса, жалпы түркілік эпос «Алпамыс» татар мен шуваштарда қысқа ғана қарасөз үлгі сымағы ғана табылады екен [46, 184-185].  «Мәдени мұрадан» басқа, мәдени статикаға «мәдени ареал» ұғымы да кіреді. «Мәдени ареал» - әр түрлі мәдениеттің ішінен ең маңызды сипаттары бір - біріне ұқсас болып табылып жататын географиялық аймақ. Әлемдік масштабта мәдени мұрагерлік «мәдени әмбебапты» - шығарады. «Мәдени әмбебап» - нормы, құндылық, ереже, дәстүр, қасиет бұлар географиялық орынға, тарихи уақытқа және қоғамның әлеуметтік құрылымына тәуелді емес. Американдық антропологтар жетпістен астам әмбебапты бөліп қарайды олардың арасында: жас ерекшелік градациясы, календарь, тазалықты сақтау, тамақ пісіру, еңбек кооперациясы, би, декоративті өнер, білім, этика, этикет, семья, той, заң, медицина, музыка, мифология, күн (число), күштеу санкциясы, жеке аттар, діни дәстүрлер және т.б. түрлері бар. «Мәдениет» бұл - атап өткендей  аса күрделі, көп деңгейлі жүйе. «Мәдениетті» тасушысына байланысты бөлу дәстүрге айналған. Осы тәуелділікке байланысты «әлемдік» және «ұлттық мәдениет» болып бөлінеді. «Әлемдік мәдениет» - бұл біздің планетаны мекендеген барлық әр түрлі халықтардың ұлттық мәдениетінің ең жақсы жетістіктері. «Ұлттық мәдениет» өз кезегінде әр түрлі мәдени кластың синтезі ретінде, қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік қабаттың және топтың мүддесінен шығады. Ұлттық мәдениеттің әр түрлілігі оның қайталанбауы және жасампаздығы руханилығынан (тіл, әдебиеті, музыкасы, майлы бояу, діни), сол сияқты заттық мәдениетінен (экономикалық ерекшелік жағдайы, шаруашылықпен айналысу, еңбек дәстүрі және өндіріс) шығармашылық пен тіршілік сферасында т.б. көрінеді. Қоғамның көптеген мүшелері мәдениетінің құндылығын, сенімді, салт - дәстүрді басшылыққа алады. Сондықтан ол - «доминант мәдениеті» - деп аталады. Бірақ, қоғам бірнеше топқа (ұлттық, демографиялық, әлеуметтік, кәсіби т.б.) бөліне бастағандықтан әрқайсысында ақырындап өзіндік мәдениет қалыптасады, дәлірек айтқанда құндылық жүйесі және өзін - өзі ұстау ережесі қалыптасады. Осындай «кіші мәдениет әлемі» - «субмәдениет» - деп аталады. Мысалы: жастар субмәдениеті, кәрілер субмәдениеті, ұлттың азшылық субмәдениеті, кәсіби субмәдениеті, қалалық, ауылдық т.б. болып бөлінеді. «Доминант субмәдениеті» тіл ерекшелігі жағынан, өмірге көзқарасы, өзін - өзі ұстауы жағынан ерекшеленіп тұрады. «Субмәдениеттің» «доминант мәдениеттен» тек қана айырмашылығы болып қана қоймай, оған қарсы тұра алады, және де доминант құндылығымен әрқашан іліністе болады. Бұл - қарсымәдениет (контркультура) деген атпен жүреді. Қылмыс әлемінің субмәдениеті адамзат мәдениетіне қарсы болады. Мысалы, 60 - 70 жылдардағы жастардық қозғалысы «хиппи» Батыс Еуропа және АҚШ-тағы, америкалық құндылықтарды: атап айтқанда - әлеуметтік құндылықты, моральдық норманы және қоғамның тұтынушылық адамгершілік мұраттарын, ішіп - жеуді, саяси ымырашылдықты, сексуалды тұрақтылықты, конформизмді және рационализмді теріске шығарды. Қазақстандағы орыс тілді жастардың өз тілін, салт - дәстүрін, дінін білмей басқа дінге, секталарға енуі, батыстың кейбір мәдениетіне қол созуы, шетелдің порнографиясын, видиокасетасын дәріптеуі т.б. қосар едік. Бұған орай А.В. Гулыга: «Человек трояким образом осваивает окружающий его мир - практически, теоретически и практически - духовно. Отличительной чертой практически - духовного (ценностного) освоения действительности является его эмоциональная насыщеннность» - деп жазды [47, 57].

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. - Алматы: Ана тілі. 1998. - Б. 11.

2 История мировой культуры. Под редакцией профессора А. Н. Марковой. - Москва, 2000. - С. 12.

3 Философский энциклопедический  словарь. - М., 1983. - С. 292-293.

4  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі. 1992. - Б. 424

5 Әуезов М. Әдебиет тарихы. - Алматы: Ана тілі. 1991. - Б. 19.

6 Қарағұлова Б.С. Тарихи жырлар лексикасы. - Алматы, 2000. - Б. 7.

7 Песень Козы - Корпече и Баян - слу. Авторизованный перевод с казахского Г.Н.Тверитина. - Алма - Ата: Казахстанское краевое издательство,  1935. - С . 52.

8 Кочевое общество казахов в ХVII - начале ХХ веке. Издательство «Наука» Казахской ССР  - Алма - Ата, 1971. - Б. 192.

9 Культурология. Под научной редакцией д. философских наук, профессора.  Г.В. Драча. Ростов - на Дону: Фенекис, 1995. - С.  77.

10 Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХVII - начале ХХ веке. Издательство «Наука» Казахской ССР. - Алма - Ата. 1971. - С .  195.

11 Кокумбаева Б, Сағындықұлы Б, Кокумбаева Л. Мәдениеттану негіздері. - Павлодар, 2002. - Б. 20, 21.

12 Толыбеков С.Е. Кочевое общество в ХVII - начало ХХ веке.  - Алма - Ата: Казахской ССР  Наука, 1971. - С. 197.

13 Қазақстан тарихының хрестоматиясы. Құраст. Н.Е. Бекмаханова, М.А. Зарифова.  - Алматы. Рауан, 1992. - Б. 8.

14 Әлиханұлы Ж. Terra incognito (Белгісіз жер) «Егеменді Қазақстан» 2003, № 152-155 (23365) - Б.  5.

15 Песень Козы - Корпече и Баян - слу. Авторизованный перевод с казакского Г.Н. Тверитина. Казакстанское краевое издательство. Алма- Ата: 1935, - Москва. - С. 3 - 117.

16 Қыз Жібек. - Алматы: Ғылым,  1963.  - Б.  1- 49.

17 Қыз Жібек. - Алматы: Ғылым,  1963. - Б. 49-122.

18 Ғабитов Т., Мүтәліпов. Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негізі. -Алматы: Дәнекер, 2000. - Б. 170.

19 Қазақ ертегілері. - Алматы: Балауса, 2001, - Б.  258.

20 Ақсауыт. Батырлар жыры. 1 том. -Алматы: Жазушы, 1977. - Б. 355.

21 Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. -Алматы: Евразия, 1995. - С. 71

22 Сейдімбеков А. Күңгір - күңгір күмбездер. - Алматы: Жалын, 1981. - Б. 58.

23 Маргулан А.Х. Сочинения. Том. 1. Бегазы - Дандыбаевская культура Центрального Казахстана.  - Алматы: 1998. - С. 31.

24  Мурад Аджи. Полынь половецкого поля.  - Москва: ТОО «ПИК - КОНТЕКСТ» 1994. - С. 169.

25 Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко - татарских наречий Том. II. - Санктпетербургъ. Типографія императорской академіи наукъ. 1871. - С. 121, 173.

26 Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы. - Алматы: Мектеп, 1966. - Б. 197.

27 Махмут  Қашқари. Түрік сөздігі. «Хант» баспасы,  - Алматы  қаласы, 1997. - Б. 125.

28 Манкеева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы // ф.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты - Алматы, 1997. - Б.  27.

29 Есмағамбетов К. Көне Қазақстанды көргендер. - Алматы: Мектеп, 1979. - Б. 14.

30 Қазақ ССР тарихы. - Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1957. - Б. 14.

31 Культурология. - Ростов-на Дону: Фенекс, 1995. - С. 142.

32 Маргулан А.Х. Сочинение.  - Алматы: 1998, - С. 20.

33 Кляшторный С.Т. Древнетюркские рунические памятники. -Москва: Наука, 1964. - С. 129.

34 Жанпейісов Е. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. -Алматы: Ғылым, 1976. - Б. 30.

35 Бабақұмар Х. Этнография  (Жаурынмен бал  ашқандар) // Ана тілі. 2003. № 15.

36 Ақсауыт. Батырлар жыры. - Алматы: Жазушы, 1977,  - Б. 64, 84.

37 Қозыбаев М. Ата тарихы туралы сыр. (Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы) Сарыарқа самалы. 1992. № 136    (2019)  - Б. 2.

38 Акатай Сабетказы. Евразийство в контексте казахской культуры. Заман - Қазақстан. 27 март, 1998. - Б. 10-11.

39 Ахметьянов Р.Г. Общая лексика духовной культуры народов среднего поволжья. - Москва: Наука, 1981, - С. 3.

40 Ахметьянов Р.Г. Сравнительное исследование татарского и чувашского языков. - Москва, Наука, 1978. - С. 170.

41 Культурология.  Под редакцией А.А. Радугина. - Москва, Центр. 2000. - С.  50

42 Культурология. - Москва: Центр, 2000.  - С. 52.

43 Культурология. - Ростов-на-Дону: Феникс. 1995. - С. 89.

44 Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері. -Алматы: Дәнекер, 2000. - Б. 35.

45 Тимошенко В. Культурология. -Алматы, 2001.  - С. 101.

46 Ахметьянов Р. Г. Сравнительное исследование татарского и чувашского языков.  - Москва: Наука, - С.  184-185.

47 Гулыга А.В. Что такое эстетика? - Москва: Просвещение, 1987. - С. 57.

 

СОҢЫ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313