Сенбі, 23 Қараша 2024
Пікір 1560 15 пікір 25 Қазан, 2024 сағат 16:37

Республика күні - Тәуелсіздікті қайта жеңіп алған күн!

Суреттер: mysl.kazgazeta.kz, qazaqtimes.com сайттарынан алынды.

Бүгін Қазақстанның егемендігі жарияланып, декларация қабылданған күн! 1990 жылы 25 қазан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын.

Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері айқындалды.

Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. 2009 жылдан бері Республика күні ұлттық мерекелер тізімінен сызылып қалды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңға түзетулер енгізілді.

Құжатқа сәйкес, Республика күні – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) – мемлекеттік мерекеге айналды.

Осыған байланысты біз ел азаматтарынан пікір сұрадық.


Бұл күнді «Тәуелсіздік күні» немесе «Желтоқсан күні» ретінде қарастыру қажет!

Сурет qazaqtimes.com сайтынан алынды.

Дос Көшім, саясаткер:

– Кезінде Республика күні 25 қазан болып бекітілген еді, кейіннен 16 желтоқсанға апарып тіреді. Бұл да сол биліктің жасаған қитұрқы саясаты деп білемін. Қазір қайтадан бекітті, бірақ жеке өзімнің көңілім толмайтын тұстар бар...

Біріншіден, «Республика күні» деген атаудың өзі дұрыс па, бұрыс па, тағы бір ойланайық?! Себебі, Кеңестік кезеңнің өзінде 1920 жылы автономиялық республика болдық,1936 жылы одақтас республикалар құрамына кірді, яғни осы кезде-ақ бізде республика деген атақ болды.

Республика - мемлекет деген сөз емес, басқару түрі екенін нақтылайық. Монархия немесе республика. Біз республиканы таңдадық. Сондықтан бұл күннің атауын «Тәуелсіздік күні» деген дұрыс болады. Бірақ, «Тәуелсіздігіміз қайта келген күн» немесе «Тәуелсіздікті қайта жеңіп алған күн», деп нақтылау қажет.

Сонда ғана атауы мереке мазмұнына да, ұғымына да сай келеді.

Екіншіден, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат –Мемлекеттік егемендік туралы декларацияда біз қазақ халқы төбемізді көкке көтеріп, мәз болатындай ауқымды ештеңе айтылмаған. Басқа республикалар тәуелсіздік декларациясын жариялағаннан кейін, басшылықтың басқа республикалардан қалыспау мақсатында жариялаған декларациясы. Сол уақытта коммунистік партия басшылары біздің қазақ елінің тәуелсіздігін жариялайтындай жағдайда болды дегенге сенесіздер ме? Бұл -абсурд, мағынасыз, мазмұнсыз, ақылға сыймайтын, логикаға негізделмеген тұжырым. Дәл сол уақыттарда барлық басшылар тоталитарлық режимге қызмет қылды, Кеңес үкіметін сақтап қалуға тырысты, біздің елдің тәуелсіздігі туралы ой да болмады.

Дәлел ретінде Н.Ә.Назарбаевтың соңғы кітабын ұсына аламын. Кітап желісінде жаңа форматтағы Кеңес одағын сақтап қалу үшін саясаттың қалай жүргізілгендігіне дейін барлығы ашық жазылған. Яғни,декларация мақсаты – жеке ел болып шығамыз деген негізде болған жоқ. Сөз жүзінде бірнеше мәселе көтерілді, іс жүзінде орындалмады. Сонымен қатар ең негізгі басты мәселе көтерілмеді. Жеке мемлекет болып бөлініп шығатынымыз, жеке өз әскеріміздің болатындығы нақты айқындалмады. Мәселен, Америка тәуелсіздік декларациясында бұл мәселелерге нақты тоқталып, жан-жақты ашып көрсеткен болатын.

Ең қызығы – Кеңес үкіметінің басқа республикаларының декларациясында жеке армия ұстауға болады деген бөлім болса, біздің Қазақстан декларациясында бұл бөлімнің қарастырылмауы... Тек ішкі әскерді ұстауға болатыны жазылған, армия – Кеңес үкіметінің армиясы. Бұл қандай тәуелсіздік декларациясы?! Декларация қабылданғаннан кейін, екі айдан соң алғашқы жасаған қадамымыз – Қазақ Республикасы деген атауды, Қазақстан Республикасы деп өзгертуіміз, біз Қазақ Республикасы деп жариялаудан да қорықтық...

Қазақ ұлты өз алдына жеке мемлекет болды деп айтудан қорыққандығымыздың салдарынан «Қазақстан» деген жасанды сөзді кіргіздік.

Әрине, қазіргі уақытта Республика күнін арнайы мереке ретінде қарастыру керек болғаннан кейін бекітілді. Бірақ, менің ойымша бұл күнді «Тәуелсіздік күні» немесе «Желтоқсан күні» ретінде қарастыру қажет сияқты! Енді бұл сұрақтың жауабын келешек ұрпақ біледі деп сенеміз.

Декларацияда Ұлттық мемлекет құру мақсаты анық айтылған еді!

Сурет Abai.kz мұрағатынан алынды.

Бейбіт Қойшыбаев, тарихшы:

– «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданған 1990 жылғы 25 қазан бес жылдан кейін Республика күні деп жарияланды. Болашақ тәуелсіз қазақ елінің іргетасын осы Декларация қалады, Республика күнінің тарихи маңыздылығы сонда. Қазақ Советтік Социалистік Республикасы осы Декларациямен мемлекеттік егемендігін, мемлекеттің әлеуметтік негізіне таптық тұрғыдан қараудан бас тартатынын жария етті, келешекте тұтас ұлттық мемлекет құрылатынын мәлімдеп, құрылмақ саясиқұқықтық тәуелсіздіктің бағдарламасын таратып айтты.

Декларацияда белгіленген құзыреттіліктің бәрін толығымен жүзеге асыруға Декларацияны дамыту ретімен қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Конституциялық Заң мүмкіндік берді. Республика күні қазақ мемлекеттілігінің дамуындағы тарихи мәні зор оқиғаны еске алып тұру үшін ұлттық мейрам ретінде белгіленген еді, алайда 2001 жылы оның ұлттық мереке мәртебесі өзгертіліп, мемлекеттік мейрамдар қатарына жатқызылған-тын, ал 2009 жылы тиісті заңи өзгерістер жасалып, оны атап тұру доғарылған-ды.

Содан тек 2022 жылы ғана Республика күнінің Ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.

Дұрыс жасалды. Өйткені 19- шы ғасырда Ресей империясының құлақкесті отарына айналған, дербес мемлекеттігін жоғалтқаннан кейін қилы арпалысты бастан кешіп, 20-шы жүзжылдықта әуелде ұлттық тұтастығын сақтай отырып, сосын, оған мүмкіндік берілмеген соң, таптық тұрпатта болса да елдігін жаңғыртуға тырысқан, сол жолында қилы арпалысты бастан кешкен халқымыз үшін бұл аса елеулі жәйт-тін.

Аса елеулі жәйт дейтініміз – Республика күні атауына бастау болған 1990 жылғы Декларация мемлекеттігіміздің нақты мақсатын, тәуелсіз ел ретінде даму бағытын нұсқаған өте маңызды құжат болатын. Осынау мәні терең құжатқа және оған дейінгі қилы оқиғаларға жастардың 1986 жылғы желтоқсан айында тоталитарлық мемлекетті – Совет Одағын, тіпті күллі әлемді дүр сілкіндірген саяси көтерілісі серпін берген-тін. Арада үш-төрт жыл өткенде тоталитаризмнің темір құрсауы тас-талқан болып, советтік империя аумағында «суверенитеттер парады» өрістеді, яғни сыртқы саяси оқиғалардың дамуы да Декларацияда мақсат етілген тәуелсіз ел болудың маңызын арттыра түсті.

Қазіргі таңда тәуелсіздігімізді нығайта түсу үшін ұлттық бірлік идеясын терең түсініп, күшейте түсу жолында шаршамай еңбек ете беруге міндеттіміз. Бұл үшін азаматтарды тарихпен тәрбиелеуді, еліміздің, қазақтың қасіретті де қастерлі тарихы арқылы тәрбиелей беруді біліктілікпен жүзеге асыруға тиіспіз. Осы орайда Қазақ елінде тұратын барша ұлт шашырандылары қазақ ұлтының төңірегіне ұйысып, ортақ мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға ұмтылатындай жағдайға қол жеткізу жөн екенін есте ұстайық. Декларацияда айтылған ұлттық мемлекет құру мақсатына әлі күнгі толық мәнінде қол жеткізе алмай отырғанымызды еш ұмытуға болмайды.

Елдің болашағы жастарға тиесілі екені түсінікті, тек соны бүгінгі жас ұрпақ айқын ұғынып, Тәуелсіздік декларациясында көзделген мақсаттардың орындалуына атсалысу үшін өздерін өздері отаншыл азамат етіп тәрбиелеуге Республика күнінде айрықша мән бере, ойлана қараса құба-құп. Бұл ретте, әрине, еліміздегі барша әлеуметтік-экономикалық шараларды жүргізушілер, күллі мәдени-ағарту, насихат, тәрбие жүйесі өз міндеттерін сыни көзбен саралап, тіпті қайта құрса да артық болмас еді. Мәселен, жастарға қазақ жер-суының шын мәніндегі қожайыны болуға неге ұмтылмасқа? Жерден тиесілі үлестерін иемденіп, серіктестіктер құрса, үкіметтен қажетті материалдық қолдау бөлгізіп, жүргізбек шаруашылықтарының түріне қарай техника алып, бірнеше серіктестікті қамтамасыз етуге лайықталған жел, күн қуатын пайдаланатын электр стансаларын салса, серіктестіктер мен ірі орталықтар арасын жалғайтын заманауи жол құрылысын қолға алса қайтеді?

Елімізді осындай жаңаша түрлендіру шарасы қолға алынса – жұмыссыздықты жойып, жалпақ далаға кім иелік ететінін анық көрсетпейміз бе? Отаншылдықтың осындай жолын неге ойластырып көрмеске?

Республика күнін жоғары деңгейде атап өтуге, әрине, ерекше мән беру керек. Дегенмен құр мейрамдау емес, ұлттық мерекенің шын мәніндегі ұлт мүддесіне қызмет етуін де терең ұғуға апаратын осы тақылеттес жаңа түйсіксезім тәрбиелеу мақсат етілсе орынды болар еді.

День республики должен стать символом смелого шага страны к государственности!

Сурет mysl.kazgazeta.kz сайтынан алынды.

Керимсал Жубатканов, кандидат исторических наук:

– Августовский путч ГКЧП 1991 года привел к распаду СССР. К концу октября многие республики СССР объявили свою независимость - Литва, Латвия, Эстония, Грузия - и объявили о выходе из состава СССР. Авторитет Союзного центра во главе с Горбачевым день ото дня ослабевал, а политическая напряженность на всей бывшей территории СССР усиливалась.

В первой половине декабря 1991 года лидеры трех республик – России, Украины и Белоруси - провели переговоры в Беловежском лесу, под Минском, которые были направлены на ликвидацию Договора СССР от 1922 года и создание славянского объединения из трех бывших советских республик СССР – РСФСР, УССР и БССР. Документы по этим вопросам были подписаны. Первый Президент Казахстана Назарбаев и другие лидеры Центральной Азии не были приглашены на эту встречу. Таким образом, СССР исчез по инициативе Ельцина, Кравчука и Шушкевича.

25 октября 1990 года была принята Декларация о государственном суверенитете Казахстана. Это был первый шаг нашей страны на пути к независимости. Декларация о государственном суверенитете.

Декларация о государственном суверенитете была принята 25 октября 1990 года постановлением Верховного совета. Она провозглашала суверенитет Казахской ССР и декларировала политико-правовые основы Казахстана как независимого государства.

В ней впервые были закреплены такие принципы казахстанской государственности как целостность, неделимость и неприкосновенность территорий, развитие культуры народов Казахстана и их языков, укрепление национальной самобытности.

В документе также был провозглашён принцип самостоятельного решения политических, экономических и социальных проблем. Казахская ССР получала право на создание собственных внутренних войск, органов государственной безопасности и внутренних дел. А президент признавался руководителем страны, главой административно-исполнительной высшей власти.

Благодаря этой декларации Казахстан смог приостановить действие советских законов и начать создавать свои собственные. Поэтому на основе этих принципов позже – 16 декабря 1991 года – был принят Конституционный закон «О государственной независимости Республики Казахстан».

В сове время многие эксперты полагали, что в декларации был провозглашён суверенитет Казахской ССР, а не Казахстана. Там подчёркивалось, что люди могут сохранить гражданство СССР. Она также не гарантировала самостоятельность Казахстану в международных отношениях. Страна находилась в составе СССР, хотя и имела право выйти из него.

Только после принятия Закона «О государственной независимости» Казахстан обрёл юридически оформленный статус независимого государства, признанного мировым сообществом.

12 декабря 1991 года лидеры Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана и Туркменистана встретились в Ашхабаде. На встрече они пришли к единому мнению, что распад СССР и объединение по линии славянского этноса чреват в будущем этническими конфликтами, поэтому лидеры центрально-азиатских республик вошли в СНГ и присоединились к решению о распаде СССР, которое было принято в Беловежье Россией, Украиной и Белорусью.

Лидеры Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана и Туркменистана выступили с инициативой подписать новое соглашение о союзничестве между бывшими союзными республиками бывшего СССР.

Началось освобождение от советской системы, республики начали отказываться от своих «советских» и «социалистических» названий. 10 декабря 1991 года на сессии Верховного Совета Республики название «Казахская ССР» было переименовано в «Республика Казахстан». 16 декабря 1991 года в Верховном Совете республики принимается конституционный закон «О государственной независимости Республики Казахстан».

В июле 2022 года на заседании Национального курултая президент заявил, что настало время внести ряд изменений в перечень национальных праздников и юбилеев. «Предлагаю вернуть Дню республики статус национального праздника.

Необходимо заметить, что принятие Декларации о государственном суверенитете Казахстана 25 октября 1990 года — это первый шаг нашей страны на пути к своей независимости. «Очень важную роль в принятии этого документа сыграл Первый Президент Нурсултан Назарбаев», — сказал Касым-Жомарт Токаев.

По мнению Президента, День республики должен стать символом смелого шага страны к государственности. «Разумеется, первоначальное значение Дня независимости будет сохранено. Этот день остается главным национальным праздником. Однако его следует отмечать как день памяти наших национальных героев, внесших значительный вклад в обретение независимости», — пояснил К-Ж.Токаев.

День Республики стал национальным праздником Республики Казахстан, а не государственным. Во время национальных праздников обязательно проводят официальные мероприятия в госорганах, так как они символизируют события, которые имели особое историческое значение и оказали существенное влияние на развитие нашей государственности.

День независимости имеет статус государственного праздника Республики Казахстан. Это даты, которые посвящены событиям, имеющим общественно-политическое значение для страны и всего народа Казахстана. Их празднование сопровождается официальными мероприятиями.

Материалды әзірлеген Аружан Байжан

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371