Жұма, 22 Қараша 2024
Үкімет 549 2 пікір 29 Қазан, 2024 сағат 15:05

Бектенов: Біздің басты ұстаным - экономикалық патриотизм!

Сурет primeminister.kz сайтынан алынды.

«Экономикалық патриотизм басты қағидатымызға айналуға тиіс». Олжас Бектенов ЕАЭО нарығында қазақстандық өнім үлесін арттыруды тапсырды.

Қазақстанда машина жасау өнімдерінің нарығы $31,6 млрд-қа бағаланады. Оның шамамен 16%-ы отандық өндірістің үлесіне тиесілі. Бүгінде Қазақстан аккумуляторлар, трансформаторлар, кабелдер, локомотивтер, автомобилдер мен автобустар экспорттайды.

Премьер-министр ЕАЭО нарығында қазақстандық өнімнің үлесін арттыру қажеттігін атап өтті.

Олжас Бектенов экономикалық патриотизм басты қағидатқа айналуы тиіс екенін баса айтты. Біз қазақстандық өнімдерді сатып алып, сыртқы нарықтарда белсенді түрде дәріптеуіміз қажет. Өз кезегінде, отандық өндірушілер ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін де, экспортқа да қажетті көлемде тауар өндіруді қамтамасыз етуге дайын.

«Біздің алдымызда локализациялау үлесі жоғары өндіріс циклін құру міндеті тұр. Бұл ретте, жұмыс тиімділігін арттыру үшін өндірісті дер кезінде жаңғыртып отыру маңызды», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, Премьер-министр заманауи цифрлық және өнеркәсіптік технологияларды енгізудің, өндірістік процестерді роботтандыру мен автоматтандырудың маңыздылығын атап өтті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321