Жұма, 22 Қараша 2024
Анық-қанығы 907 1 пікір 1 Қараша, 2024 сағат 14:58

Контрабанда: 100 млн теңгенің тауары тәркіленді

Сурет БҚО прокуратурасының сайтынан алынды.

Көлік прокурорлары 100 млн теңгеден астам контрабандалық тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

Соңғы жылдары Қазақстанда контрабандаға қарсы күрестің өзектілігі арта түсуде, бұған Алматы әуежайындағы кедендік бақылау кезінде анықталған жағдайлар дәлел.

Мысалы, пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды.

Көлік прокуратурасының талап- арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 млн теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді.

Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 млн теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды. Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314