Сейсенбі, 25 Ақпан 2025
Жаһан жаңғырығы 224 1 пікір 25 Ақпан, 2025 сағат 14:54

Трамп әлемдік тәртіпті тас-талқан етпек...

Сурет: bbc.com сайтынан алынды.

Әлемде кей жылдары түбегейлі, орасан зор өзгерістер болады. 1968 жылы Кеңес Одағының Чехословакияға басып кіруі, Париждегі толқулар және АҚШ-тағы Вьетнам соғысына қарсы наразылықтар соның қатарында. 1989 жылы Тяньаньмэнь оқиғасы туылды, Берлин қабырғасы құлады және Кеңес империясының ыдырауы басталды.

Мен сол оқиғаларды өз көзіммен көрдім. Осы тұрғыдан алғанда, менің ойымша, жеті аптадан кейін 2025 жыл да сондай жыл болуы - әлемдік тәртіптің ең негізгі ірге тастары күл-паршаға айналған жыл болуы мүмкін.

Оның түпкі себебі, әрине, Трамп!

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері, Трамптың алдындағы 13 американдық президент ауызша болса да мынандай негізгі геосаяси қағидатты сақтады: Американың өз қауіпсіздігі Еуропаны Ресейден қорғауға, сондай-ақ Азиядағы коммунистік емес елдерді Қытайдан қорғауға байланысты екенін түсінді.

Трамп сол түсінікті өзгертті. Ол Американың мүддесін бәрінен жоғары қоятынын айтты. Гәп оның ойының орындалуы үшін АҚШ-тың қанша бодау беретінінде.

Мұның өзі оның шетелдегі, әсіресе Еуропадағы одақтастарының жағдайын қиындатады. Трамптың мінезі жағдайды одан ары ушықтырады. Американың таяу замандағы бірде-бір президенті, тіпті Ричард Никсон да Трамп сияқты өзінің мінезімен саясатқа әсер етуге жол берген жоқ.

«Ол Людовик XIV сияқты», – деді маған бұрынғы американдық дипломат Трампты Францияның «Күн патшасымен» салыстыра отырып.

Сын көзбен қарайтындар Трампты «боркемік әрі өте сезімтал» деп санайды. Нәтижесінде, оның айналасындағы тағайындалған адамдарды, мысалы, Маск пен Вэнсты Трампты мақтау мен қолдау көрсетудің арқасында келді деп ойлауы мүмкін.

Президент Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді «жемқор» және «оның рейтингі өте төмен» деген кезде, Маск оны тағы да қайрай түскендей әсер қалдырды.

Қазіргі күні Трампқа айналасындағылардан, бір жөткірініп алып: «Президент мырза, мүмкін айтқан сөзіңізді қайтарып аларсыз» дейтін біреу шықпай тұр.

Бұрынғы қызметіне қарап, айналасындағылардың оның пікірімен келіспейтін адамдарды қаншалықты жек көретінін әбден білетініне сенімдіміз. Олар сондай-ақ көптеген сайлаушылардың Трамптың көзқарасын шын жүректен қолдайтынын және алыс құрлықтың қауіпсіздігіне қаржы бөлетінінен үмітті екенін де біледі.

Ол Украинадағы соғысты Пасха мерекесінан бұрын аяқтауға уәде берді. Путиннің бұған өте ынталы екені де оған салса айдай ақиқат. Өзінің әскер санының көптігімен орыс әскерлері Украинаның шығысында баяу алға жылжуда.

Бірақ Ресейдің адам шығыны орасан. Соғыс жалғаса берсе, Ресей әскерге шақыру түзімін өзгертуге мәжбүр болады, ол өз кезегінде үлкен қарсылық тудырады және тіпті Путин режимінің тұрақтылығына нұқсан келтіруі мүмкін. Трамптың бейбітшілікке қол жеткізу туралы айтқанының бәрі құлаққа жағымды естіледі.

Алдынғы кезек Трамп әкімшілігі кезінде ұлттық қауіпсіздік кеңесшілерінің бірі болған Джон Болтон кеше: «Трамп әкімшілігінің бейбітшілік жоспары туралы естігенде Кремльдегілер шампанмен тойлатқан шығар» деді.

Бұл тек Мәскеу үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін тарихи сәт болуы мүмкін.

Путиннің Трампты нақты қолдауы соңғысына 2020-жылғы сайлауда белгілі дәрежеде көмектесті. Президент Путин Трамптың өз көзқарасын қолдайтын кез келген адамды ұнататынын жақсы біледі.

Керісінше, Трамп пен оның айналасындағылар неліктен президент Зеленскийге қарсы қатаң шаралар қабылдады? Мәселе оның айдауға ілесе кетпейтінін де болып тұр. Трамп Зеленскийдің АҚШ, Ресей және Украина арасындағы ең әлсізі екенін және оны қыса алатынын түсінеді, бірақ Путинге олай істей алмайды. Зеленскийге қаншалықты қысым жасалса, соғұрлым бейбіт келісімге тез қол жеткізеді.

Трамп ешқашан мәміленің егжей-тегжейіне мән бермейтін сияқты, жұрт алдында сондай әсер қалдырады. Ол үшін келісімнің мәні емес, өзі ғана маңызды. Украина мен оның одақтастары: «әділетсіз», «Ресейдің болашақта қайта шабуылдауына жол ашады» деседе.

Менің білуімше, британдық және неміс дипломаттары Трамптың Ресейді келіссөз үстеліне отырғызып жатқанына ашулы.

«Трамптың қолында екі үлкен карта бар еді», – дейді олар.

Біріншісі – Ресейдің оқшаулануы.

Екіншісі – Украинаның НАТО-ға кіруіне рұқсат беруді талап ету.

Еуропа басшылары Трамп келіссөздер басталмай тұрып сол екі маңызды картаны ешбір шартсыз лақтырып тастады деп санайды.

Бірақ американдық саясатпен таныс кейбір еуропалық дипломаттар ел басшыларына Трамптың монархиялық кезеңінің ұзаққа созылмайтыны туралы кеңес беруде.

Трамп қазіргі уақытта партияластары басым конгресс пен консервативті Жоғарғы сотты бақылайды, бірақ Америка Құрама Штаттары 20 айдан кейін, 2026-жылдың қарашасында аралық сайлау өткізеді.

Қазір Құрама Штаттарда инфляцияның көтеріле бастағанының белгілері бар және көптеген азаматтар орынсыз бастамалардан айтарлықтай зардап шегіп, Трамптың жетекшілігіндегі Республикалық партиядан бет бұруы мүмкін.

Егер ол бір немесе екі палатаға бақылауды жоғалтса, оның қазіргі кез келген бағдарламасы мен саясатының қабылдануы қиындап, ықпалы әлсіреуі мүмкін.

Бірақ бір жыл сегіз ай өткенше көп өзгерістер орын алуы ықтимал. Трамптың экспансионизмі Қытайды агрессивті болуға итермелеуі, Трамптың тарифтік қадамдары үлкен халықаралық сауда соғысын тудыруы. ЕО саяси және экономикалық тұрғыдан тағы да құлдырауы мүмкін

Ресейдің шарттарымен Украина бітіміне қол жеткізу Америка Құрама Штаттары үшін тосын жаңалық болайын деп тұр. 1945-жылдан бергі келіссөздердің көпшілігінде Ресей АҚШ-тың экономикалық және әскери күшіне байланысты өз мақсаттарына жетуде қиындықтарға тап болумен келді.

Бүгін Путин осыдан үш жыл бұрын Украинаға жаппай басып кіру туралы шешімі үшін үлкен құн төлеп отыр, бірақ көп өтпей оқшауланудан құтылып, жеңіске жететін сияқты.

Олай болса, 2025 жыл шынымен де маңызды жыл - тарих өзгеріс туындайтын және ештеңе ешқашан бұрынғыдай болмайтын жыл болатын сияқты.

Джон Симпсон,

BBC-дің саяси сарапшысы

Дайындаған Есбол Үсенұлы

Abai.kz

1 пікір