Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5873 0 пікір 29 Қыркүйек, 2009 сағат 05:10

Интернет-конференция (жалғасы)

Мұнай үшін ғана емес, мәдени мұралар үшінде қақтығыстар болады

Қазақ мәдениеті мына жаһандану дәуірінде жоғалып кетпей ме? Қайтсек біз қазақ мәдениетін әлемдік мәдениеттермен терезесін тең қыламыз? Алдын ала рахмет.

Қымбат.

-  Қымбат, былайынша сауалың көптен қойылып, көптен талқыланып жүрген тақырып болғанымен мен  сенің сұрағыңды өте маңызды, салмақты  және қызықты деп ойлаймын.

Қазақтың мәдениеті - дүниежүзі мәдениетіне ересен зор үлес қосқан көшпенділер мәдениетінің тікелей мұрагері.

Осы күні ат әбзелінің бір түрі ғана болып көрінетін үзенгіні алайықшы. Үзенгінің пайда болуы заманында адазмат тарихына ұшақ, автомобиль пайда болған тәрізді әсер еткен. Атилла  (Еділ батыр)  Батыстың қарашаңырағы Римді тізе бүктірген кезде, оның әскері үзеңгіге табан тіреп отырған.

Егер поэтикаға келетін болсақ, орыстың ұлы ғалымы, Шоқанның досы Потаниннің Батыс әлемі қабылдамаған «Батыс эпостарындағы Шығыс мотивтері» атты еңбегінде Ромео Джульетта, Тристан-Изольда Шығыс бояуларын жұқтырған, соның ішінде  Қозы-Көрпеш- Баян-Сұлу жырынан алған тұстары көп дейді.

Мұнай үшін ғана емес, мәдени мұралар үшінде қақтығыстар болады

Қазақ мәдениеті мына жаһандану дәуірінде жоғалып кетпей ме? Қайтсек біз қазақ мәдениетін әлемдік мәдениеттермен терезесін тең қыламыз? Алдын ала рахмет.

Қымбат.

-  Қымбат, былайынша сауалың көптен қойылып, көптен талқыланып жүрген тақырып болғанымен мен  сенің сұрағыңды өте маңызды, салмақты  және қызықты деп ойлаймын.

Қазақтың мәдениеті - дүниежүзі мәдениетіне ересен зор үлес қосқан көшпенділер мәдениетінің тікелей мұрагері.

Осы күні ат әбзелінің бір түрі ғана болып көрінетін үзенгіні алайықшы. Үзенгінің пайда болуы заманында адазмат тарихына ұшақ, автомобиль пайда болған тәрізді әсер еткен. Атилла  (Еділ батыр)  Батыстың қарашаңырағы Римді тізе бүктірген кезде, оның әскері үзеңгіге табан тіреп отырған.

Егер поэтикаға келетін болсақ, орыстың ұлы ғалымы, Шоқанның досы Потаниннің Батыс әлемі қабылдамаған «Батыс эпостарындағы Шығыс мотивтері» атты еңбегінде Ромео Джульетта, Тристан-Изольда Шығыс бояуларын жұқтырған, соның ішінде  Қозы-Көрпеш- Баян-Сұлу жырынан алған тұстары көп дейді.

Бүгінгі қазақ мәдениеті осындай бай мұраны ары қарай дамыта білуі қажет. Қазақ мәдениетінің брэнді деген термин осыдан шығады. Біздің қазақ мәдениеті  экспансияның мәдениеті болуы керек. Батысқа қазақтың мәдени экспансиясын жасау қажет. Ол үшін «Қозы-Көрпеш-Баян-Сұлу» эпосын насихаттау, қазақтың киелі аспабы домбыраны халықаралық деңгейге шығару керек. Сонда біз өзіміздің мәдениетті сақтап қана қоймай дамытудың тетіктерін жасаймыз.

Мәдениет деген 21 ғасырда мұнай, газ тәрізді стратегиялық ресурстар қатарына кіреді. Бұл процесс басталып кетті, сондықтан мәдениет, мәдени мұра үшін қақтығыстар да болады. Біз осыған дайын болуымыз керек.

Менің экспансия жасайық дегенім Европаға қазақтың Құрманғазы оркестрін алып барып  ойнату ғана емес. Мысал үшін 70 жылдары Биттлз тобы дүниежүзі мәдениетінің құндылықтарын мәдениет туралы, мәдени құндылықтар туралы  ұғымның өзін төңкеріп жіберді. Ауылда өскен қара бала менде өз құрбыларыммен бірге сондай атақты топтың бар екендігін естіп жүрдім. Ал олар Қазақстанға келген жоқ қой. Мәдени құндылықтар деген осы. Бізге қазақ мәдениеті аясында  дамытатын тетіктер жасау керек. Сонда біздің мәдениет құрып кетпейтін мәңгі мәдениет болады.

Сонымен бірге Қазақстан дүниежүзі экономикалық-қаржы процессінің мүшесі болғандықтан, аяққы кездері әсересе Алматы мен Астанада тұтыну мәдениетінің элементтері «Мега», «Рамстор» тәрізді сауда-мәдениет орталықтары қалыптаса бастады. Бұлар сауда орындары бола тұра  жаһандану мәдениетінің субъектілері, сонымен бірге егер назар аударсаңыз, ол жерлерде бизнесмендер, зиялы қауым өкілдері, қаржы өкілдері, шет ел азаматтары көп жиылады. Осы жерлерге қазақ мәдениетінің элементтерін енгізу керек.

Алпамыс, Қоблынды, Ер- Төстік тәрізді эпостардан біздің балалар көруге қабілетті мөлтекфильмдерді көптеп шығару қажет.


Домбыра адамды адамдыққа тәрбиелейді

Ереке, мен сізге қатарынан бірнеше сұрақ қойғым келіп отыр.Қазіргі заман биін билейсіз бе? Қызмет бабында қандай сенім-ұстанымдарды негізге аласыз? Сіз домбыра тартып, ән салады дейді рас па? Жиі сұхбат бересіз. Жаңа ой жинақтау қиынға түспей ме? Түрлі- түсті түс көресіз бе?

Аттасыңыз Ерлан. Алматы қаласының тұрғыны

-    Билеймін. Биге мен өте көңіл бөлемін, барлық биді билеуге тырысамын.

Қызмет бабында қызметкерлердің кәсіптік деңгейін силаймын.

Домбыра менің қадырлы, қастерлі дүнием Атам Әңгір деген кісі қоңыр кештерде күмбірлетіп домбыра шертіп отыратын. Мен сол кісіден домбыраның мәдениетін үйрендім, оның қасиетін түсіндім. Менің балаларым  Мәдина, Әмина, Дәулетбай маған домбыра шертші деп өтініш айтады. Мен домбыра шерткен кезде олар тарихтың тылсым тереңіне еніп кететін тәрізді, ұясына келіп қонған балапандар сияқты тізіліп отыра қалады. Домбыраның қасиеті осында, ол тәрбиелейді адамды адамдыққа, қазақтыққа. Менің әкем домбыраны керемет шерткен, өлең айтқан, сері болған адам. Дәстүр деген осы.

Біреулер Саиров өзіне ПР жасаумен айналысады дейді. Шылғи өтірік. Маған ПР-дың керегі жоқ, мен өзім ПР-мын. Қазақтың мәдениетін қазақ түсініп қана қоймай, ғашық болуы керек, сол кезде, біз өсеміз, дамимыз, ұлт ретінде жетілеміз. Менің ұлымның аты Дәулетбай, Қабанбайдың Дәулетбай батыр  деген немере інісі болған. Аңыз Қабанбай бақилыққа дайындалған кезде Дәулетбайды шақыртқан екен дейді. Сол Дәулетбайдың сезігінші ұрпағының ұлы Ерланның ұлы Биахметтің немересі, Әңгір шалдың шөбересі  Дәулетбай домбыраның үнін естіген кезде ойланып, ақыл кіріп, үлкен ойлар айта бастайтын тәрізді. Басқа ұлт түсінбейтін домбыраның сакралдық қасиеті осында.

Иә, түс көремін. Түсті  түстің аянын білетін адамға жорытыу керек дейді атам қазақ. Бұған байланысты көптеген мысалдар келтіруге болатын шығар. Түсті Фрейд сияқты парапсихолизммен шұғылданған ғалымдар да  зерттеп көрген. Егер адам шытырман түс көресе, ол оның шаршағаны. Өмірде шаршап шалдығып, жүйкесін тоздырып жүрген жан қанша қазыр? Демек, мағынасыз түсті жортудың қажеті жоқ. Ми қатпарында қалып қалған тірлікетегі қат қабат істе кейде адам ұйықтаған кезде түске енеді екен. Ол артық энергияның қажетзідігін аңғартатын жай түс. Оны да адам өзі пайымыдап қоя салуы керек. Егер шаршағаныңызды байқасаңыз демелыңыз. Жақсы ойлаңыз. Түстің кереметі аян түс. Мұны қазақы түс жорушылар да, жаңғы мен айтып отырған Зигмунд Фрейдте жоққа шығара алмайды. Аян түстің бәрін жақсылыққа жору керек. Егіз ұл құрсағына біткен ана туралы аңыз есіңде ме?  Ендеше, жақсылыққа сеніп өмір сүруден күдер үзбейік, бауырлар.

 

Ұлтшылдықпен басқа ұлтты жек көру екі басқа дүние

- Қазақ ұлтшылдығының позитивті потенциалы бар ма?

Ғалымжан Қасен, Талдықорған қаласы.

-         Ұлтшылдық деген  әр-бір азаматтың тек қана саясатта ғана емес, күнделікті өмірде өз ұлтын, тамырын терең түсініп қана қоймай, басқаға түсіндіре білуді талап ететін құбылыс.

Мен 90 жылдардың басында «Азат» қозғалысының белсенді мүшелерінің бірі болғанмын.

Өкінішке орай, Кеңес дәуірінде ұлшылдыққа қарсы стереотиптер көптеп қалыптасқан. «Алашты» ұлтшыл деді, пантюркизм деген айдар ойлап табылды.

Ал шын мәніне келетін болсақ, дүниежүзінің белді саясаткерлерінің барлығы ұлтшыл болған. М. Ганди,  Дж. Неру, У. Черчилль, Де Голль, Ататүрк, Г. Насер, Дэн Сяопин. Осылардың барлығы ұлтшыл болған қайртакерлер.

 

Кейбір космополит жігіттер  В. Путин немесе Д. Медведев өздерін ұлтшылмын дегенде  аузын ашпайды. Ал қазақ ұлтшылмын десе, көздерін алайтып «құбыжық» жасағысы келеді.

Дегенмен де қазақ ұлтшылдығын бүгін реформалау қажет. Біздің жігіттер қазіргі заманның күн тәртібін жасай алмай жүр. Сонымен бірге ұлтшылдықтың интеллектуалдық-креативтік деңгейін көтеру қажет. Бізде  ұлтшылдық деген айқай шу жасап, жылай беретін, ешкімнің алдында беделі қалмаған бір бейшара жанды елестетеді. Әліпті таяқ деп білмейтін, саяси технологиялардың заңдылықтарының исі мұрнына бармайтын, гуманитарлық мәселелерден мүлдем мақрұм кейбір азаматтар ұлт мүддесін  айтқысы келеді. Әрине, осыдан кейін ұлтшылдық  құндылықтары моральдық-рухани инфляцияға ұшырайды. Қазақты иландыру үшін қазаққа ұғынықты саяси және идеологиялық технологияларды пайдаланған абзал. Өзін мен ұлтшылмын деп кеудесінен соқпай ұлт мұұдесі үшін күресіп жүрген азаматтарды мен жақсы білемін. Олар М. Құл-Мұххамет,  Д. Мыңбай, Е. Карин, Б. Әбдіғалиев, А, Сарым деген азаматтар.

Әңгімемізге орай бір мысал келтірейін. М. Ганди ұлттық мүдделер үшін Британдық Үндістанды діни принциптермен  бөлуге дейін барған адам. Ал сол Ганди Англияны тек қана интеллектуалдық қабілетпен, «қарсылықсыз қарсылық», «зорлық-зомбылықсыз қарсылық»  принциптерін іс-жүзіне асыра отырып, ағылшындарға өзінің нақты талабын таңа білген азамат. Ағылшындардың отарлық саясатын әшкерелей отырып, Ганди нәсілшілдік ниглизміне, ұлтаралық қақтығыстарға қарсы шығып қана қоймай, өзі сондай пәлекеттердің алдын алып отырған.

Менің ойымша қазақтың ұлтшылдығы интеллектуалдық, сапалық ұлтшылдыққа айнала тұра, ұлтшылдық сезім басқа ұлт өкілінің төбесі көрінген кезде тоқталуы керек екендігін түсіну қажет. Ұлтшылдық пен басқа ұлттың өкілін жек көру екі басқа дүние, ал бізде осы ұғымдар ауысып кеткен тәрізді

 

Корпороциялар «мемлекеттің юбкасының» астына кіріп кетті

-    Белгілі француз мәдениеттанушысы Андре Мальро бір сөзінде: «Мәдениетті мұра ете алмайсың, оны тек жаулап алу керек» деген екен.  Cіз не дейсіз?

Жарас Нүкеш, Алматы қаласы.

-    Орынды айтылған пікір ойлаймын.  Бізге мәдениетке деген көзқарасты түбегейлі өзгертпей болмайды.Мәдениет деген мұражай, кітапхана, театрлардың жиынтығы деп «қарабайыр» ойлайтын азаматтар бар. Шын мәнінде мәдениет ұлттың стратегиялық ресурсы. Бүгін экономика тұрақты ұғым болудан қалған, өйткені бір жыл бұрын мығым болып көрінген ұлтаралық корпорациялардың өздері мемлекеттің «юбкасының астына» кіріп кетті, банктердің барлығы мемлекеттендірілді. Бүгінгі дағдарыстың үлкен рухани тамырлары бар. Ол жаһандау кезіндегі адамдардың бойындағы «тұтыну ауруының пайда болуы», біз өзіміз өндіргеннен көп тұтынатын болдық Тұтыну мәдениеті деген теория пайда болды. Осының барлығы жүйе дағдарысына алып келді.

Осындай жағдайда мәдениетке деген көзқарас түбегейлі өзгеретін болады, өйткені қазыр мәдениетке қатысты пайымдаулардың ауқымы кеңейіп кетті. Сол себепті мәдени мұра үшін күресте бүгін басталып кетті.

Мысалы үшін, біздің ағайын өзбектер Алпамысты меншіктеп алғысы келеді, қырғыздар айтыс өнерін өздеріне бұрып алуға мүдделі дегендей тағысын-тағылар.

Сондықтан бізге ТҮРКСОЙ арқылы біраз жұмыс істеу керек болып тұр. Біріншіден біз ортақ мәдени мұра жөнінде конвенцияға қосылуымыз керек. Өйткені  біз білетін Алпамыс, Қобланды, Қозы Корпеш - Баян Сұлу бүкіл түркі халықтарына ортақ жыр, ортақ мұра. Осыларды ЮНЕСКО-ға басқа да ұйымдарға енгізу үшін ортақ мәмілеге келе отырып жұмыс жасау жөнінде келісу керек. Екіншіден домбыра, айтыс, терме, тәрізді ұлттық құндылықтарымызды ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу керек. Бұл өте маңызды өйткені осы мұраларымызды шет елдерде кең насихаттау қажет.Үшіншіден, шет елдерге қазақ мәдениетінің элементтерінің экспансиясын жасау керек. Экспансия жасау деген бүкіл әнші-күйші, оркестрлердің барлығын шет елге шығару емес, ол өте таяз пікір. Инттелектуалдық өнімдер жасау керек. Мысал үшін Қозы Көрпеш - Баян-Сұлуды Ромео-Джулеттаның дәрежесіне көтеруге болады ғой.

Евровидениеге қазақ мәдениетінің өкілін дайындап шығаратын уақыт жетті

 

(Жалғасы бар)

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963