Поэтика дәуірінің аяқталуы...

Бағзы заманнан белгілі жыраулардың көбі дерлік болашақта қандай ел болуы мүмкін екенін, оның жолы қалай боларын білмегеннен - өз заманын сынаумен шектелді...
Сондықтан, мұндаға дейін біздегі жыраулық жанр сақталып, ол көбіне өткенді аңсау не қайталаумен келеді. Яғни, «зар-заман» сарыны - қазақ поэзиясының өзегі болып келеді.
Бүгінде, біздің алдымызда «Қандай мемлекет құра аламыз?» деген сұраққа жауап таба алатындай білімге ие болу мүмкіндігі пайда болды.
Оны біз әлемдік тарихи біліммен салыстыра отырып анықтай аламыз.
Енді, поэзия емес, нақты ғылыми ой алға шығатын кез келді.
Бірақ, халық санасы поэтикалық деңгейде тұр.
Сондықтан, ғылыми нақты жобалар халықтан қолдау таппай жатыр, халық оны түсінбей жатыр...
Табар болса - халық саяси белсенділігімен көзге түсіп, қоғамда жексұрын болған жемқорлар мен өзге де «догмат-ертегішілерді» орындарына қояр еді.
Бірақ, әзірге, халықтың білімі аз болып, өзі де солардың жетегіне кетуі көбірек кездесуде...
Оның үстіне, біздегі «саяси белсенді ұлттықтың» дамуы - геосаяси факторлармен үйлесе дамитын жағдай әлі туындамай тұр...
Ол әрбір азаматтың «Тәуелсіздік тұрақтылығына» толық сенімі пайда болғанда - батыл түрде көрінеді.
Осы бағытта даму керекпіз... - экономикада, мәдениетте, руханиятта, салт-дәстүрде!
Проза дәуірі басталды!
Әбдірашит Бәкірұлы
Abai.kz