Жексенбі, 13 Сәуір 2025
Қылмыс 1011 0 пікір 10 Сәуір, 2025 сағат 18:22

Алматы: АҚШ-тан есірткі контрабандасы бойынша тергеу аяқталды

Сурет: syrboyi.kz сайтынан алынды.

Алматы қаласының арнайы прокурорлары iрi мөлшерде есiрткi заттарын контрабандалау фактiсi бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi аяқтады.

Тергеу нәтижесінде 2024 жылы тамызда Қазақстан Республикасының екі азаматы Америка Құрама Штаттарынан Алматыға есірткі құралы – марихуана салынған сәлемдемелерді жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды.

Күдіктілердің бірі ақшалай сыйақы үшін халықаралық жөнелтілімді рәсімдеу үшін өзінің және жұбайының сауалнамалық деректерін ұсынған.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде «Жетісу» кеден бекетінен марихуана салынған сәлемдемелер тәркіленді. Олар іс бойынша заттай дәлелдемелер деп танылды.

Тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының кешені, сондай-ақ сот сараптамаларының нәтижелері, іс бойынша айыпталушылардың құқыққа қарсы қызметін растады.

Күдіктілер ұсталды. Оларға есірткі заттарын контрабандалағаны және оларды сатуға оқталғаны үшін жауаптылықты көздейтін баптар бойынша айып тағылған.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына жолданды.

Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдарының заңсыз айналымы ауыр қылмыс болып табылатынын және қатаң қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын ескертеді. Өзінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға беру кезінде сақтық танытуды еске салады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1839
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4651
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3693