Сәрсенбі, 7 Мамыр 2025
Ел іші... 782 0 пікір 14 Сәуір, 2025 сағат 20:18

Алматыда микроқаржы ұйымын құрғандардың 32 млрд теңгелік мүлкі тәркіленді

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Қаржылық мониторингтік агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті Прокуратураның үйлестіруімен "Creditum" МҚҰ, "Sofi Finance" МҚҰ, "Hava Finance" МҚҰ, "SF Offline" МҚҰ, "POS Credit" МҚҰ, "Сәлем Кредит" МҚҰ басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілері бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Төлемдері кешіктірілген қарыз алушылар Hava.kz, Koke.kz, Tengo.kz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған.

Бұл ретте, кепілгердің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана қарастырылған.

Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде, қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған.
Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына 1,8 млрд теңге көлемінде тыйым салынды, сондай-ақ 30 млрд теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды - делінген хабарламада.

МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1799
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2063