Бейсенбі, 22 Мамыр 2025
Бәрекелді! 365 0 пікір 22 Мамыр, 2025 сағат 14:11

Уақыттың дегені...

Сурет: автор мұрағатынан алынды

..(озан эссе)

Гитараның қыр-сыңы

Қоңыр даланың қоңыр әуені – гитараның алты ішегінде һәм орындаушының алпыс екі тамырында боздайтын құдыретті әуен. Василий Григорьевич Перов (1834-1882) деген есімді орыстың керемет кеспіршісінің – «Гитарист-бобыль» деген майлы бояу мен тарғыл кенептегі керім сүгіреті бар. Сүгіреттің өзі сөйлеп тұрғандай таңғажайып бейне-кейіп! Нағыз таланттың кейіпі, аумаған.

Осы бейнеден мүлдемге бекзат гитаршы досым Нұрлан Өнербайды көремін!?

Алты ішектен шыққан аламан сиқырлы дүриятты бозқу сұңқыл алты құрлық, жеті өңір, сегіз түстіктің үн тілі көктейді. Гитара деген аспанда ұшқан алты қаздың қаңқылын айдындай шайқап, айнадай қайталап жаңғыртатын саз аспабы. Хош, құдырети бір дәуірдегі көне бабылдық, көне гректік. ежелгі ұрымдық, немесе үндіқытайлық тіпті бағзы мысырлықтар ұсынған үйлесімді сырлы әуездің шытыра (ситра) шертері осы. Бертіндегі сазды тауыриһаттың еуротүбтік өнердің «жыны қонған» замандағы ерен-ерен зергерлер мен (XV ғ. XVI ғ.) месекерлері бірлесіп гитараларды өнер өмірге берген. Осындай биікке шапшып, терең шүңетке сүңгіген үйеңкі тамырлас тропиктік өсім пәлимәуесінен жасалып бүгінге шейін жалғанған һаспап. Ол шертермендер дүниеге зерлеп берген ым-дыңғыр осы күнгі күмбір де шіңгір – қитара. Ішпақандардың ішқұсалау әуезшілері осы даңғыра сұңды ағашпен қайта дәуірлеу тұсында қатты думандатқан ғой. Бұл қитара – құбылысы сан ғасырлық жастағы homo sapiens адамымен шамалас мүмкн...

Қитараның әуезіне жетпісінші һәм сексенінші жылдардағы ұлт руһына шөліркеген жастар өлермен межнүндей ғашық болған. Ол кездегі бар қайран қазақтың бүткіл жастарын тек қана – «Досмұқасан» тобының бейғайып озанды жанайқайы оятқан-ды. Оның орны әрине бөлек лепе, орасанғайғылы тірі сазды әуездің көзі.

Қоңыр даланың қоңыр үні

Даланың бозторғайының сүлей үнін шарбы бұлтарға орап алып жететін қоңырқаздың қаңқылындай бір ғажап үн алыстан естілген. Сондағы бір сәт, тәтті мезетте: дәстүрлі әуездің тұп-тұнық тұма сарыны, оттай ыстық, оқтай түзу сән сипатты дауысы, лирикалық, көркем өрнекті муза әуені, де әуеден мөлдір тамшылағандай түскендей біртүрлі әсер еткені бар. Ойпырай деген: «Үкілі кәмшат», «Беу, айдай», «Бір бидай-арпа», «Дударай» әндерін қитарамен көктеген қияқ мұртты сымбатты жігіттің байырғы үні ерекше. Ұзақы жақтың ұшқынын шашқан осынау ұшқатты, тобылғылы, бұйырғынды түземдік кеңісте өскен өткен заматтың уысындағы өзінше бұлқынған бұла талант Нұрлан Әлтайұлы Өнербай. Майсаңды самалды жазғытұрымғы әз маусымның жусан иісі сіңген – «Ауылым» және ішкі мазмұнымен тура сәйкескен дала сағынышы бізге – «Сағыныш» түренімен жеткен-ді.

Сұлу саз

Әннің ішкі үйірімді жүйесінің өзі бейкейіп абстрактлі көрінісі немесе жандүниеңді шуаққа бөлейтін шүңетті идеал ырғағы келе беретін. Қазақ деген ұлттың көшпенді ғұмырының мөр-таңбасы сықылды қабағат қайырым яки «Қарағым-ай» әуені қандай!? Ол, сұлулық ғарыштың үні... Жерден кеткен зымыранда сыңсыған зәузатты рия-ай! Тіпті төменнен жоғары заулап, күңгірттен айшыққа, шектеулі санадан кеңістікке қарай шырқалғанда сөз ішіндегі тың жұмбақ, бүкіл тіні бітеуленген тереңіндегі алтын білге мәніне байланып, тіпті ешқашан құлыпы ашылмайтын тірі жұмақы жұмбаққа да тірелетінсің. Мінеки бұл да әлгі діл (mindset) киенің сүңі. Бар қазақтың жаны (Тұрсынжан Шапай) мұңы, сыр, сыпаты табыла кететін-ді бұдан бұрынада. Ән құдыретімен төл зердесін іздеген тұманды көзіңді ашудың өзі: көшпелі жұрттан ұлағатталған көшпелі сағымды ұғым хаһ. Өнербайдың баласының өнердегі өресінің шым өрімі, шын болмысы дәл осында. Оның көмейіндегі ежелгі елес ен далада сағым жолағындай «жосыған еліктердей» өрімді көрік. Арудың айдын қарашығы мен қос салалы бұрымын, сан ашалы нәзік үнін: өнерші досым өз саусақтарының ұшындағы күмбірлеген өңге саз лады арқылы – әр тыңдарманның жан жүйесінің бірегей «квинта» кілтін – солға, екіншісін – оңға бұрайды дейік. Шашаусыз. Домбыраның теріс бұрауынан жұққан баяғы үдеріс оның қитарасынан озан көтеретіні де өңге әңгіме.

Қара өлең, дара әуен

Оған тәңірдің бергені: әуен мен қара сөздің кестесін өрнектеу бақыты һәм уақыты болса керек. Ана тілінің құдыретін ән мен де қара сөзбен де сақтап қалудың қадамымен ол алға басты. Сөз ғайыбы һәм құдыреті, киесі, мән-мағынасы, нетүрлі жәуһерлерін таңдап дала тілімен – «Сандуғаш» сазының сайрауымен саумал нілдеп, кілегейлеп, әрі кестелеу һадалияты тек осы Нұрлан қатарлы достың маңдайына жазылған жазу секілді. Ол осы жолда шын ашылды, дүркін-дүркін шыңалды, неше қайта қатаң таңдаулы сын-сынақтардан өтті. Ақ қарлы құзардан аққан ақпарлы сөң-бастаудай табиғи сарыны ежелгі тәңіри үдемен үйлесіп: көркем өрілген пішімді, перуей жыршы, қитаршы, сөзгер даңғыл (диктор) ол.

Көшпенді өркениеттің қазақы сана құлықына өте сіңген бозөркеш бейсарын, ботаның боздауы, желідегі жел кекіл құлын кісінеуі, шарбы бұлтқа ілінген жыршы бозторғайдың сағым жамылған түрлі шырылы, тау мен тұманың ең керім үндерін беу жүрегіне ұялатқан талант Нұрлан Өнербай жалпы қазаққа ортақ сом тұлға. Жасқа – шабыт, жасамысқа шадыман ән шуағын сыйлаған, жанына әл қуат берген: Арқаның ардабегі, сары даланың даңғайыр ұланымен етене таныс, ертеден бері сырлас та тілекшіміз. Ол шырқаған әуен ұлттың ой жиегіндегі озанның бір үлгісі.

Естегі естеліктер емісі

Сонау тоқсаныншы жылдар басы (1992) еді. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына қоңыр гитарасын көтерген бір қоңыр: «жаяу сері» Нұрланның барғаны... Сол тұстағы Аймақтық Жастар одағын басқарған Амантай Әлхан достың ұшбу шақыруымен. Қыс айының басы, аңыраған аязды желдінің ең соңғы аяғы-тын. Жұртты жаппай жалмай бастаған тапшылық, ұялас топтың бөлтіріктері қатерлі апанда өсіп-өруі, құлдыраған тобырдың жадаураған жай-күйі, жабайы капитализмнің жарқалы жұғымы ұшы-қиырсыз нарықтың, бағың мен сорыңды соқыр тиын сарықұлақ сомаға айырбастап, байлап, шандыған қара базардың басталған шағы. Тайкешкен мен Ташантадан там-тұмдап келетін ташантинның санаға емес жанқалтаға ұялай жөнелген кеселді кезеңі... Сол кезде сәл жабырқаңқы ауыл басына келіп ән шырқаған уа, ұлұғ дауысты – жас қазақтың жанымызда бір ауық болғаны да қызық-ты... Уақыт өткен сайын жақындаса бердік. Әйтеуір нақты мүдделі істермен емес әріптестіктен мүлдем тыс тек жанашыр сыйластықпен. Аз да болса көп демеу болды Нұр-екең. Бұдан кейін де Баян-Өлгийдегі қазақ радиохабарына тигізген ағайындық қолғабысы өз алдына бір хикаят. Ол туралы әрине: жуырмаңда белгілейтін болуы мүмкін Баян-Өлгий радиохабарының мерекелі мерейі қарсаңында жөні келсе айта жатармыз да.

Ән қанатындағы муза

Қоп-қоңыр әуеннің ағысында селлкеусіз селеудей өспірім әнші жастар өсіп-өніп келеді. Көшпелі науаттық дәуірден бері келген әрі жүрекке жазылған сүгіретті солар өңдемек керек. Тылсым әлеттің әдемі сәтті – ыңылда ғана екен! Қыпшақтың жұмақы даласында талай тағдырмен бірге тасынған ішкі қуаттың өрісі де – қазақтың қара да дара пайымы да осы әуендерден. Кеше мәшинеде Нұрланды тыңдап келе жатырмыз. Көз алдыңнан көлбеген сайын сағымды дала толқыны жосып, көшіп барады. Қобыздың қоңыр дауысы көмейінде боталаған дыбыс пен аңғыралы адырларда мұнартқан жаяу шуақтың өңі мен түр-түсін түгел көргендей боламыз. Түйе жүзген түземнің жолындағы өткен, өшкен, өшкін құбылыстардың өз кеудеңде түлеп жандануы қандай ғажап! Ай шуағына аунап алып аспанда арындаған ақ жалды арғымақ жылқы бұлттарға қараймыз... Тағы да муза өнерге деген сезіммен...

&

Бас қаланың таяу шетіндегі тарлан қамыстардың басына түнеген жұлдыздай білте-шырақтардың арасында баяғы Нұрлан Өнербай досым айтатын – «Ауылым» әні аңырап келе жатқандай! Жайқын ағаштардың аяғына оралған көк шалған мен құстың ақ мамығындай мақтай ұлпа қыпықтардың арасында қайран қазақтың ұлпа жұмсақ өсиеті, ұлағатты мейірі, мінезі, анаңның сенің ереке қыңырлығыңды көз жасының аялы саясымен кешуі бағзы – «Анашым» әуезінен анық сезіледі... Ана тәңірің!!! Дала даңғылымен ағызып келеміз... Құдырет! Аспанда қос аққу жүзіп барады?! Мәшине күйсандығынан – «Аққуым»-ды іздейміз!

Сұраған Рахметұлы ақын

Аbai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2805
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4537