Алтын Ордадағы христиан діні

Алтын Ордаға қарасты Шығыс Еуропалықтар, Кавказдықтар бұрыннан христиан дінін ұстанған. Алтын Орданың негізін салушы Жошының бір әйелі Бектұтмыш керей Тұғырыл ханның інісі Жақакамбудың қызы болып христиан дінін ұстанған.
Алтын Орда хандарының алғашқыларының бірі Сартақ та несториандық бағыттағы христиан болған (1).
Кейінгі Алтын Орда көшпенділерінің үлкен бөлігін құраған қыпшақтардың да біразы христиан болған,олардың кейбірі моңғол жорығынан бұрын, ал кейбірі жорықтан кейін христиан болған.
ХІІІ ғасырдың басында Тевтон рыцарлары кумандарды жеңе алмай, Венгрия короліне қарасты өңірде тәуелсіз ел құруға кірісті. 1238 жылы моңғолдар Куманияға шабуыл жасағаннан кейін Венгрия королі Бела IV куман халқының қалған халқына олардың көсемі Хан Көтеннің басшылығымен пана беретін болды, олар оның қарымтасына 40 000 отбасымен (200 мың адам) христиан дінін қабылдауға ант етті. Король Бела жаңа субъектілерді, соның ішінде қыпшақ-кумандарды Венгрияға қауіп төндірген моңғолдарға қарсы көмекші әскер ретінде пайдаланбақ болды (2).
Ал Сартақтың христиандар ықпалында болғандығын мұсылман тарихшылары да христиан тарихшылары да атап көрсетеді. В.В.Бартольд Сартақтың христиан дініне қатысы туралы тарихи деректерді саралай келе, Сартақтың Бату ханның көзі тірісінің өзінде христиандар ықпалында болғанын, 1249 жылы оған орыс княздарының арнайы барғанын, Еділ өзенінің төменгі ағысында, батыс жағалаудан арнайы шіркеу салдыртқанын айтады (3).
Сартақтың христиан болуы өз иелігі болған Қырымда христиан дінінің күшеюіне елеулі ықпал еткен болуы мүмкін. Бұған 1227 жылы Венгрия жеріне барып шоқынған қыпшақтардың да қатысы бар болуы мүмкін. Десе де христиан діні Шығыс Еуропада бұрыннан таралған дін, Хазар мемлекеті дүниедегі ең дамыған сауда мемлекеті болды, оның дамыған экономикасы мен саудасын қыпшақтар жалғастырып Алтын Орда дәуірінде бұл үдеріс тіпті де дамыды. Шығыс Еуропа түркілердің отырықшылыққа көшкендері негізінен христиан дініне кірген оғыз-қыпшақтар болды (4).

Венгрия королі Ладислав IV, сонымен қатар Куман Ладислаус деген атпен белгілі. Ол өзінің сүйікті кундерінің киімін киген. Оның анасы Венгрия патшайымы Елизавета кун көсемінің қызы болған. (Chronicon Pictum, 1358 ж)(5).

Қыпшақ киіз үйі (6).
Венгриядағы шамандық кумандарды христиандандыру мақсатында куман тіліне аударылған бұл дұға TRT Деректі фильмі Özü Türk бағдарламасында жазылған:
Bizim atamız kim-sing kökte
Şentlensing sening adıng
Düşsün sening könglügüng
Neçik-kim cerde alay kökte
Bizing ekmegimizni ber bizge büt-bütün künde
İlt bizing minimizni
Neçik-kim biz iyermiz bizge ötrü kelgenge
İltme bizni ol camanga
Kutkar bizni ol camannan
Sen barsıng bu küçli bu çin iygi Tengri, amen (7).
Демек Алтын Орда заманындағы христиан дінінің дамуы ол сол кездегі отырықшы өркениеттің, әсіресе сауда мен мәдениеттің дамуымен тығыз қатысты болды.
Ерте моңғол билігі кезінде басқақтар моңғолдар салатын салықтарды жинады, ал салықтан тек орыс дінбасылары босатылды, орыс тілінде баскачество деп аталатын жүйе де болды (20). Орыс діни қызметкерлеріне берілген артықшылық жарғыларда дан және пошлина терминдері беріледі, олар ХІІІ ғасырдың екінші жартысына қарай ең алдымен татар алымына қатысты болды (8).
Монғолдар Орыс православие шіркеуінен ханның саулығы үшін дұға етуді талап етті, ал оның орнына олар шіркеудің амандығына кепілдік жасап, оның онан ары қарай дамуына ықпал етті. Сарайда орыстар үшін және Алтын Орда және Орыс шіркеуі мен Византия арасында делдал болу мақсатында епископтық құрылды. Хандар шіркеуге айтарлықтай салық жеңілдіктерін берді, бұл оның шапқыншылық кезіндегі ауыр жағдайдан құтылып, бұрынғыдан да жақсы гүлденуіне мүмкіндік берді. Дәл ХІҮ ғасырда шіркеулер мен шоқынушы ауылдарға шешуші қадамдар жасады, мүмкін, шаруаларды қоныстандыруға ынталандыратын шіркеу жерлеріне берілген экономикалық пайданы тартуға байланысты болған көрінеді. «Орда патшасы Петр туралы хикая» ХІҮ ғасырда жазылған. Онда Шыңғыс ханның ұрпағы моңғол Петрдің қалай дінді қабылдап, Петров монастырының негізін қалағаны туралы айтылады. Петрдің ұрпақтары хандармен байланысын пайдаланып, монастырды Ростов княздарынан және сол жерге балық аулау құқығын қалаған көрші орыстардан қорғады. Шіркеудің моңғолдарды бейнелеуі аралас және ыңғайсыз болды. Бұл оларды апат және олардың қамқоршысы ретінде көрсетті. Бұл қайшылықты шіркеу мәтіндеріндегі хандардың бейнесінен көруге болады. Мұсаларда хандардың есімдері жазылатын жерде ауызша дауыстап оқуға арналған бос орын болатын. Сондай-ақ хан мен «татарлардың» арасын ұқыпты бөлу болған. Хагиографтар кейде хандарды орыс княздарын өлтірудегі рөлінен босатып жіберді. ХІҮ ғасырда хандардың билігі әлсірей бастағаннан кейін Шіркеу орыс князьдеріне толық қолдау көрсетті. Алайда моңғолдардың билігі аяқталғаннан кейін де, шіркеу оларға қалай қарау керектігі туралы мысал ретінде моңғол үлгісін қолданды. ХҮІ ғасырда шіркеу қызметкерлері Шіркеуге салық иммунитетін беретін аударылған моңғол жарлығын таратқан (9).
Кумандар немесе қыпшақтар әсілі Тәңірге сенетін еді, Еуропада өмір сүрген соң оларға христиан діні тарай бастаған. 1242 жылы Моңғолдың жорығынан соң Балқанға кеткен 40 мың қыпшақ христиан дініне кірген.
Арада ғасырға жуық уақыт өткен соң Алтын Орданың батасында христиан діні қанат жайып христиан қыпшақтар көбейе бастаған. Ибн Батутаның естелігінен: «... Бұл далада олар арбамен жүреді, жол жүру мерзімі алты айға созылады, оның үш айы Мұхаммед Өзбек ханның жері. Біз бұл гаваньға келгеннің ертесі күні біздің жолдастарымыздың арасындағы бір көпес сол далада қыпшақ деген атпен белгілі халыққа барып, олардан ат-арба сұрап алды. Олар христиан дініне сенеді... біз ат арбаға отырып Кафа деген қалаға келдік, бұл теңіздің бойымен (Қара теңіз) созылып жатқан үлкен қала. Онда көпшілік бөлігі Генуэздерден тұратын христиандар, олардың әмірінің аты Эльдемедир. Біз мұндағы мұсылмандар мешітіне топталдық» (10). Қырым ғана емес Алтын орда астанасы Сарай қаласында да қыпшақ, алан, орыс, римдік, генуялық т.б көптеген христиандар болған.

Кодекс-куманикус.
Батутаның сапары 1327-жылы болған екен, ол кезде Алтын Орда элитасы ислам дінін қабылдаған, бірақ көшпенділерге әлі тарамаған болатын. Исламмен бәсекелес христиандар Алтын Ордаға христиан дінін таратты. 1303 жылы жазылған «Кодекс-куманикус» осы Алтын ордалықтарға христиан дінін үгіттейтін кітап болатын.
Кодексті Паттер Ностер оқиды:
Atamız kim köktäsiñ. Alğışlı bolsun seniñ atıñ, kelsin seniñ xanlığıñ, bolsun seniñ tilemekiñ – neçik kim köktä, alay (da) yerdä. Kündeki ötmäkimizni bizgä bugün bergil. Dağı yazuqlarımıznı bizgä boşatqıl – neçik biz boşatırbız bizgä yaman etkenlergä. Dağı yekniñ sınamaqına bizni quvurmağıl. Basa barça yamandan bizni qutxarğıl. Amen!(11).

Сурет. Митрополит Алексийдің Жәнібектің әйелін соқырлықтан сауықтыруы.
Бердібек хан 1359 жылы ағасы Құлпаның төңкерісі кезінде өлтірілді. Құлпаның екі ұлы христиан болды және олардың славянша есімдері Михаил және Иван болды, бұл Алтын Ордадағы мұсылман халқының наразылығын тудырды. 1360 жылы Құлпаның інісі Наурыз бек ханға қарсы көтеріліс жасап, оны ұлдарымен бірге өлтіреді. 1361 жылы Шибанның (Жошының 5-ші ұлы) ұрпағын кейбір ұлылар таққа отыруға шақырады. Хыдыр Наурызға қарсы шықты, оның өз лейтенанты оған опасыздық жасап, оны өлім жазасына кесуге тапсырды. Сол жылы Хыдырды өз баласы Тимур Хожа өлтірді. Өзбек ханның ұрпақтары билікті басып алғанша Тимур Хожа бес апта ғана билік етті (12).
Кейбір тарихшылар казак халқының шығыс славяндардан, түріктерден, татарлардан және кең байтақ даланы қоныстанған басқа тайпалардан шыққан аралас этникалық текті болған деп болжайды (13). Кейбір түркологтар, казактар моңғол шапқыншылығынан көп бұрын өмір сүрген Украинаның жергілікті кундарының (куман-қыпшақ) ұрпақтары деп санайды (14). Кейбіреулер алғашқы казактардың түркі текті болғанын айтады (15), Сергей Плохийдің айтуынша, бірінші казактар славян емес, түркі текті болған (16). ХҮ ғасырда казак қоғамы көбінесе жергілікті әскерлерден құралған топ болып, Польша, Мәскеу, Қырым хандығы сияқты көрші мемлекеттерден толығымен тәуелсіз болған, әрі тәуелсіз қауымдардың еркін федерациясы ретінде сипатталды (17). Бұған қарағанда жоғарыда Ибн Батутта айтқан христиан қыпшақтардың ұрпағы кейін славянданған халық деуге негіз бар.
Михайло Грушевскийдің айтуынша, казактар туралы алғашқы деректер ХІҮ ғасырға жатады, дегенмен бұл жерде түркі тектес, не тектері анықталмаған адамдар туралы айтылған (18). ХІҮ ғасырдың басында Өзбек ханның ислам дінін қабылдауына байланысты Жошы ұлысындағы көшпенділер үш топқа бөлінгенін көруге болады: 1-топ өзбектер, олар ислам дінін қабылдаған көшпенділер болып кейін өзбек, ноғай, қазақ деп бөлінген. 2-топ христиан дінін қабылдап христиан татар, казак деп аталған. 3-топ өздерінің далалық тәңір сенімінде қалып қалмақтар деп аталған.
Грушевский казактар әлдеқашан ұмыт болған Анттардан немесе қазіргі Румыниядағы Бродницидің Берлад аймағынан, сол кездегі Ұлы Халыч княздігінің бір бөлігінен шыққан топтардан шыққан болуы мүмкін екенін айтады. Онда казактар көршілерінің шабуылдарынан қорғану үшін ұйымдастырылған өзін-өзі қорғау құрамалары ретінде қызмет еткен болуы мүмкін (19).
Казактар туралы алғашқы халықаралық деректің бірі 1492 жылы Қырым ханы I Меңлігерей Литваның Ұлы Герцогі Александр Ягеллонға Киев пен Черкасскийден келген казактар Қырым татарларының кемесін тонады деп хабарлаған кезде айтылады: «Герцог өзінің «украиндік» (шекара жерін білдіреді) деп айтады, шенеуніктер оларды тергеп, кінәлілерді жазалап, ханға лайықты жауап берді) - дейді (20). Бір кездері яғни ХҮІ ғасырда Килия маңындағы казактар туралы айтылымдар бар ескі украиналық Холота туралы баллада пайда болды (21).
Зерттеуші Путков өзінің «казак» атауы атты мақаласында :«Грузия аймағында 1480 жылдардан бері көшіп жүргендер бізге казак атымен белгілі» - дейді.
Орыс тарихшысы Карамзин: «1480 жылы Алтын Орданың соңғы ханы Ахметке Шибандық Ибақ 100 мың казакпен шабуыл жасады, ноғайлық Жаңбыршы мырза 15 мың казакпен шабуыл жасап Ахмет ханды өлтірді», - дейді. Бұндағы казак кімдер? Көшпенді еркін халықтарды айтып отырғаны анық, бұған кейінгі біздің қазақ пен казактардың да қатысы бар екенін жоққа шығаруға болмайды (22).
Алтын Ордада христиан дініне сенген көшпенділерде биліктегі ақсүйектер де аз болмаған, бұл ащы болса да шындық. Сонымен бірге, Еділ Бұлғариясы мен Алтын Орда дәуірінде бір бөлім түркі-моңғол феодалдарының христиан дінін ұстанатыны анық болғанына қарамастан, ал кейінгі кезеңдегі татар ақсүйектерінің бір бөлігі де православие дінін қабылдағаны анық (23). Кейінгі казактарда тегі түрік тілдес қыпшақ әскерилермен славяндардың араласуынан қалыптасты.
Ислам дінімен салыстырғанда Алтын Ордада жалпы халық саны жағынан христиандар неше есе көп болды, бір ғана орыстардың өзі 10 миллионнан асатын, оған қыпшақ, алан, армян т.б халықтарды қосқанда тіпті 12-15 миллионға дейін баруы мүмкін еді. Алтын Орда қалаларында да христиандар көп болған. Мысалы: «Әс-Сарай қаласы – ең жақсы қалалардың бірі, көлемі шексіз, жазық жерде орналасқан, тұрғындарының көптігімен аты шыққан, жақсы базарлары мен кең көшелері бар. Бір күні қаланы айналып өтіп, оның көлемін білгіміз келіп, оның жетекшілерінің бірімен жолға шықтық. Қонатын жеріміз оның бір шетінде болды да, одан таң ата жолға шықтық, ал түстен кейін екінші шетіне жеттік. Оның тұрғындарының арасында әр түрлі топтар бар; бұларға осы елдің тұрғындары және оның сұлтандары болып табылатын моғолдар, ал олардың кейбіреулері мұсылмандар, одан кейін өзге мұсылмандардан астар (аландар) бар. Қифджак (қыпшақ, кумандар), жаркалар (черкестер), руслар (орыс) және Рум (Римдіктер) бар – олар (барлығы) христиандар (24).
Кейінгі Әмір Темірдің жорығынан кейін христиан моңғол-татарлар мен қыпшақтар орыстар жағына өте бастады да кейінгі Ресей империясының бас көтеріп шығуындағы маңызды себептердің бірі деуге болады. Олардың ұрпақтары кейін орыстанып кетті, орыс-казак, христиан татарлар солардың ұрпақтары. Сондықтан Ресей империясы белгілі тұрғыдан Алтын Ордаға мұрагерлік сипатта құрылды, орданың екіге немесе үшке бөлінуі де осы ұқсамаған дінге сенгендердің билікке таласынан келіп шықты.
Христиан не үшін элиталық дін бола алмады?
Бұның бірнеше себептері бар:
1. Сауда-экономика жағынан алып қарағанда мұсылман саудагерлердің Қытай-Еуропа-Орта Шығыс арасындағы ықпалы жоғары болды;
2. Білім, мәдениет тұрғысынан алып қарағанда да христиан әлеміне қарағанда ислам әлемі алда болды;
3. Бүкіл дүниені шарпып, 200 млн. адамның өмірін жалмаған оба ауруының алды-артында христиан әлемі дағдарыстарға тап болды, көп халықтың бұл дінге деген сенімі азайды.
Әдебиеттер:
- Early in 1253 a report reached Acre that one of the Mongol princes, Sartaq, son of Batu, had been converted to Christianity", Runciman, p. 280.
- Vásáry, István (2022), "Taxation in the Jochid Ulus", in May, Timothy; Hope, Michael (eds.), The Mongol World, London: Routledge, pp. 468–483
- Евразия мен қазақ даласындағы діни-рухани үдерістер тарихы. Зікірия Жандарбек. 152-бет. Орхон баспасы. Алматы. 2024
- Boĭkova, Elena Vladimirovna; Rybakov, R. B. (2006). Kinship in the Altaic World. Otto Harrassowitz Verlag. ISBN 978-3-4470-5416-4.
- https://en.m.wikipedia.org/w/index.php?title=Cumans&wprov=rarw1#/media/File%3AChronicon_Pictum_P128_IV._L%C3%A1szl%C3%B3_kun_viseletben.JPG
- https://en.m.wikipedia.org/w/index.php?title=Cumans&wprov=rarw1#/media/File%3AIvan_Bilibin_177.jpg
- "TARİH VE ARKEOLOJİ: Kuman Duası " Babamız Kun" ve Codex Cumanicus". August 17, 2014.
- Vásáry, István (2022), "Taxation in the Jochid Ulus", in May, Timothy; Hope, Michael (eds.), The Mongol World, London: Routledge, pp.465
- Vásáry, István (2022), "Taxation in the Jochid Ulus", in May, Timothy; Hope, Michael (eds.), The Mongol World, London: Routledge, pp. 476
- Halperin, Charles J. (1987). Russia and the Golden Horde: The Mongol Impact on Medieval Russian History. Indiana University. 113-115
- Тарих адамзат ақыл-ойының қазынасы. 3-том. 51-бет. Фолиант баспасы. Астана. 2005
- https://en.m.wikipedia.org/wiki/Codex_Cumanicus
- Vernadsky, George (1953), The Mongols and Russia, New Haven, CT: Yale University Press،246-бет
- Neumann, Karl Friedrich (1855). Die völker des südlichen Russlands in ihrer geschichtlichen entwickelung (The Peoples of Southern Russia in its Historical Evolution). Leipzig: B.G. Teubner. p. 132. Retrieved 2015-10-25
- Newland, Samuel J. (1991). Cossacks in the German Army, 1941–1945. Portland: Routledge; Frank Cass. ISBN 978-0-7146-3351-0. Archived from the original on 2016-05-21. Retrieved 2015-10-25.
- Breyfogle, Nicholas; Schrader, Abby; Sunderland, Willard (2007). Peopling the Russian Periphery: Borderland Colonization in ... p. 43.
- Serhii Plokhy (2012). The Cossack Myth: History and Nationhood in the Age of Empires. p. 31.
- Christoph Baumer (2023). History of the Caucasus: Volume 2: In the Shadow of Great Powers. p. 122.
- "Cossacks". The Columbia Electronic Encyclopedia (6th, out of print ed.). Columbia University Press. 2001-2004.
- Hrushevsky, M. (2003). Illustrated History of Ukraine. Donetsk: BAO. ISBN 966-548-571-7.
- Plokhy, Serhii (2015). The gates of Europe: a history of Ukraine. Basic. ISBN 978-1-5416-7564-3. OCLC 1333156632
- Дума про козака Голоту – Народні думи (Ballad about Cossack Holota). ukrlib.com.ua. National ballads (in Ukrainian). Archived from the original on 5 October 2015. Retrieved 23 August 2015.
- Нығымет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. 21-бет. Алматы. Жалын баспасы. 1994
- Татарская энциклопедия: В 5 т., – Казань: Институт Татарской энциклопедии АН РТ, 2006. – Т. 3., стр. 462.
- Gibb 1962: 515–516; Mackintosh-Smith 2002: 136; in part Bukharaev 2013: 155.
Ерзат Кәрібай
Abai.kz