Неге рубль бұрынғыдай 5 теңге емес?

Бұрын 1 рубль = 5 теңге еді. Қазір – 6,3 теңге. Неге өзгерді? Сарапшы Бекнұр Қисықов былай дейді:
Ресей рубльді әдейі қымбат ұстағысы келеді.
– Себебі, мықты рубль – ел ішіндегі тұрақтылықтың белгісі.
– Ресей банктерінде пайыз жоғары. Сондықтан адамдар ақшасын рубльде ұстайды.
– Экспорттаушыларға (мұнай, газ сататындарға) тапқан ақшасын міндетті түрде рубльге ауыстыр деді.
Ал Қазақстан бұлай жасамайды.
– Бізде теңге еркін жүреді.
– Ұлттық банк валюта бағамына араласа бермейді.
Рубль арзандау үшін не болуы керек?
– Мұнай бағасы түсіп кетуі керек. – Ресейде үлкен дағдарыс болуы керек. Қорытынды: Рубль қазір 6 теңгеден жоғары тұрады. Жақын уақытта 5 теңгеге дейін арзандауы екіталай.
Бұл кімге әсер етеді?
– Ресейден көлік не тауар сатып алатындарға, – Ресейге ақша жіберетіндерге,
– Шекарада сауда жасайтындарға.
Дереккөзі: Мың теңге телеграм арнасы
Abai.kz