Елімізде экотуризм қағидаттары айқындалды

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Биыл Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру аясында министрлік экотуризмнің ұлттық стандартын жаңарту жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, бұған дейінгі стандарт 2017 жылы бекітілген болатын.
Бұл шешім Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясында жүзеге асырылып келе жатқан жүйелі шаралардың бір бөлігіне айналды. Сондай-ақ республикалық акция елімізде туризмді дамыту мен экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған.
Экотуризмді дамыту – туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі. Жаңа стандарт табиғатқа ұқыпты қарауға, саналы көзқарас қалыптастыруға, биоалуандықты сақтауға және жауапты туризмді нығайтуға бағытталған.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.
Негізгі өзгерістер:
-Халықаралық тәжіриге негізделген экотуризм қағидаттары алғаш рет айқындалып, ресми түрде бекітілді;
-Туристік ұйымдар мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар нақтылады;
-Өнімнің және көліктің экологиялық тазалығы, табиғатты және мәдени мұраны сақтау сияқты көрсеткіштерді қамтитын сапа критерийлері бекітілді;
-Стандарт Тұрақты туризм жөніндегі жаһандық кеңестің (GSTC) халықаралық тәжірибесі мен ұсыныстарын ескере отырып әзірленді.
Жаңартылған құжат туризм саласындағы барлық қатысушылар үшін бірыңғай ережелер мен бағыт-бағдарларды белгілеп, инфрақұрылымды дамыту мен қоршаған ортаны қорғау арасында теңгерімді қамтамасыз етеді.
Жаңартылған құжат табиғатты қорғау мен туризм инфрақұрылымын дамыту арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етіп, барлық тараптар үшін ортақ ережелер қалыптастырады.
Abai.kz