Гуан Ханьцинның «Доу Э-нің обалды өлімі» пьесасы

Юань әулеті Қытай тарихында моңғол халқы құрған біртұтас мемлекет болып табылады. 1271 жылы Құбылай хан негізін қалап, қытай елін толық жаулаған патшалық 1368 жылы Миң әулеті билікке келгенше өз үстемдігін жүргізді.
Саясатта Юань билеушілері әкімшілік аймақтарға бөлу жүйесін (провинциялар жүйесі) енгізіп, орталық билікті нығайтты. Экономикада сауданы дамытуға көңіл бөлінді, нәтижесінде Даду (қазіргі Бейжің), Цюаньчжоу сияқты қалалар сауда орталықтарына айналды. Мәдениет саласында Юань дәуірінде әдебиет пен өнер айрықша дамыды, әсіресе “Юань дәуірінің төрт ұлы драматургі” атанған Гуань Ханьцин бастаған драмашылардың шығармалары жоғары бағаланды. Ғылым мен техникада Го Шоужиңнің «Шоусилу» (Күнтізбе) құрастыруы және Ван Чжэннің «Ноңшу» (Ауыл шаруашылығы кітабы) еңбегі ерекшеленді. Халықаралық қарым-қатынастар жиіледі, Марко Полоның Қытайға сапары және оның жазбалары Батыстың Шығыс туралы түсінігін кеңейтті.
Юань дәуіріндегі әдебиет: Юань драмасы және санцюй.
Юань драмасы (元曲, юаньцюй) – Юань әулетінің әдебиетінің негізгі жанры, ол雑剧 (зажуй) және散曲 (санцюй) түрлерін қамтиды. Бұл жанр қытай әдебиеті мен театр өнерінде ерекше орын алады.
Музыканың әдебитке ену жолы
Джин дәуірінің соңында және Юань дәуірінің басында білімді адамдар мемлекеттік емтихан жүйесіне қатысу мүмкіндігінен айырылды. Сол кезде қоғамда жалғыздықты ұнату және өмірді ойын-сауықпен өткізу сияқты ой-саналар кеңінен тарады. Білімділер көңіл көтеру орындарына барып, көптеген кәсіби әнші-күйші әйелдермен араласып, олардың халық әндерін өңдеп, орындауына ықпал етті. Ақындар мен музыканттардың өзара шығармашылық байланысы散曲 жанрының қалыптасуына әкелді.
Суң және Джин дәуірлері кезінде солтүстіктегі этникалық топтар Қытайдың орталық аймақтарын басып алып, өздерінің胡曲 (хуцюй) және番乐 (фаньюэ) музыкаларын Қытайдың дәстүрлі әуендерімен біріктірді. Осы мәдени алмасулар жаңа散曲 жанрының пайда болуына себеп болды.
Юань драмасының қалыптасуына дейін Қытайда театр өнері ұзақ даму жолынан өтті. Ежелгі дәуірдегі би мен ән, Таң әулетінің参军戏 (цаньцзюньси) және宋金杂剧 (Суң мен Цзин әулеттерінің зажулары) Юань драмасының негізін қалады. Әсіресе诸宫调 (чжугунтяо) жанрының музыкалық құрылымы Юань дәуіріндегі драмалық қойылымдарға ықпал етті.
Юань әулетінің ерекше әлеуметтік жағдайы әдебиеттің бағытына айтарлықтай әсер етті. Билеушілер конфуцийлік мемлекеттік емтихан жүйесін елемей, көптеген білімді адамдар дәстүрлі мемлекеттік қызметке тұра алмады. Олар өз таланттары мен өмірлік тәжірибелерін драма жазуға арнап, Юань драмаларының әдеби және идеялық деңгейін көтерді.
Қалалардың қарқынды экономикалық дамуы да драманың гүлденуіне ықпал етті. Сауда дамып, халықтың мәдени ойын-сауыққа деген сұранысы артты. Юань драмасының қарапайым әрі әсерлі мазмұны қала тұрғындарының көңілінен шықты. Қалаларда арнайы театрлар мен ойын-сауық орындары ашылып, драмалық қойылымдар сахналанды.
Зажуй(аралас драма): Юань драмасының негізгі жанры
13-ғасырдың екінші жартысы юань зажуй жанрының гүлдену кезеңі болды. Зажуй – Юань драмасының негізгі түрі, ол музыка, би, диалог және актерлік шеберлікті біріктірген кешенді сахналық өнер болды. Драманың құрылымы қатал болды, ол көбінесе төрт бөлім (折, чжэ) және кіріспеден (楔子, сюэзы) тұрды. Қойылымдағы музыка бір ғана дыбыс жүйесі (宫调, гунтяо) бойынша орындалып, белгілі бір ритмді сақтады. Рөлдер旦 (дань),末 (мо),净 (цзин),杂 (цза) болып бөлінді. Сонымен қатар, “бір адамның басты орындаушы болуы” юань зажуй жанрының тағы бір маңызды ерекшелігі саналады. Юань зажуй жанры ән айту мен сөйлеуді шебер үйлестіріп, “ән мен сөздің бірлігін” жүзеге асырды.
Юань зажуй жанрының тағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар:
Сценарийлердің сахналық қойылымға баса назар аударуы.
Рөлдердің айқын бөлінуі және типтенуі.
Тұрмыстық шындыққа көп көңіл бөлмеу, оның орнына көркемдік типтендіру мен символизм арқылы драманың ішкі эмоциясын жеткізу.
Автордың жеке эмоциясы мен шынайы өмірдің негізгі шындығының үйлесімі.
Юань зажуй жанры театр өнерінің негізгі ерекшеліктерін толығымен қамтып, сахналық өнердің күрделі даму кезеңін аяқтады. Ол қатаң, толық және біртұтас драмалық өнер болуымен қатар, айрықша даралыққа ие театр жанрына айналды.
Мысалы, Гуань Ханьциннің «Доуже юань» («Доу Э-ның обалды өлімі») драмасы қоғамдағы әділетсіздік пен теңсіздікті терең ашып көрсетсе, Ваң Шыфудың «Сисян цзи» («Батыс құжырадағы оқиға») шығармасы жастардың еркін махаббатқа деген ұмтылысын жырлайды.
Юань дәуіріндегі атақты пьеса жазушылары(曲作家).
Гуань Ханьцин, Уаң Шыфу, Ма Чжиюань, Чжэн Гуанцзу және Бай Пу “Юань дәуіріндегі төрт ұлы пьеса жазушысы” деп аталады. Олардың ішінде Гуань Ханьцин ең алдыңғы орында тұр.
Гуань Ханьцин
Гуань Ханьцин (шамамен 1220–1300 жж.) – Юань дәуірінің雑剧 (зажуй) жанрындағы атақты жазушысы, Қытайдың көне театр өнерінің көрнекті өкілі. Өз туындыларында “已斋” (Ичжай) немесе “已斋叟” (Ичжай соу) деген әдеби лақаптарды қолданған. Ұлты – хань, туған жері – Цзецжоу (қазіргі Шаньси провинциясындағы Юньчэн қаласы).
Цзя Чжунминнің «Лу гуй бу» атты шығармасындағы эпитафиясында оны “梨园нің көшбасшысы, пьесаларды жазудың басты ұстазы, 杂剧 аралас драманның жетекшісі” деп сипаттаған, бұл оның Юань дәуіріндегі театр сахнасындағы мәртебесінің қаншалықты жоғары болғанын көрсетеді.
Гуань Ханьцин朱帘秀 (Чжу Ляньсю) есімді актрисаға арнап《南吕一枝花》 шығармасын жазған, бұл оның актерлермен тығыз байланыста болғанын дәлелдейді. Ол өзін еш ұялмастан “әлемдік джентльмендердің көшбасшысы, дүниежүзілік серілердің жетекшісі” деп сипаттаған. 《南吕一枝花•不伏老》 шығармасының соңында өзін қайнатса да пісірілмейтін, ұрса да жаншылмайтын, қуырса да жарылмайтын, сырты қатан铜豌豆 (мыс бұршақ) ретінде сипаттап, өзінің еркін әрі өр мінезін көрсеткен.
Тарихи деректерге сүйенсек, Гуань Ханьцин 67 пьеса жазған, оның 18-і біздің заманымызға дейін жеткен. Кейбір шығармалардың оның қаламынан шыққанына қатысты ғалымдар арасында пікірталастар бар. Оның ең Танымал шығармалары: 《窦娥冤》(«Доу Э-нің әділетсіз өлімі»), 《救风尘》(«Жел мен шаннан құтқару»), 《望江亭》(«Цзянцзин павильоны»), 《拜月亭》(«Айға табыну павильоны»), 《鲁斋郎》(«Лу Чжай Лан»), 《单刀会》(«Жалғыз қылышпен кездесуге бару») және 《调风月》(«Махаббатты реттеу»).
Доу Энің обалды өлімі немесе аспанды тебіренткен әділетсіздік
«Аспанды тебіренткен әділетсіздік», қысқаша «Доу Энің обалды өлімі», Юань дәуірінің атақты драматургі Гуань Ханьцин жазған杂剧 (зажуй) шығармасы. Бұл пьеса алғаш рет Миң әулетінің Ваньли императорының билігінің 10-жылында (1582 жылы) басылып шыққан. Оқиғаның түпнұсқасы «Ле нюй чжуань» («Танымал әйелдер өмірбаяны») кітабындағы «Шығыс теңізінің адал әйелі» әңгімесінен алынған.
Шығарма төрт актіден және бір кіріспе бөлімнен тұрады. Чжучжоуда (楚州) тұратын кедей ғалым Доу Тяньчжан (窦天章) өсімқор Цай кемпірге (蔡婆) қарызын қайтара алмай, жеті жасар қызы Доу Э-ні (窦娥) оның үйіне асыранды келін етіп береді. Осылайша, қарызын өтейді. Доу Э есейген соң, Цай кемпірдің ұлына тұрмысқа шығады, алайда күйеуі ерте қайтыс болады. Осыдан кейін Доу Э мен Цай кемпір бір-біріне сүйеніп, бірге өмір сүреді. Бір күні Цай кемпір Сай Лу есімді емшіден (赛卢医) қарызын қайтаруды талап етеді. Бірақ Сай Лу қарыздан жалтару үшін кемпірді буындырып өлтірмек болады. Осы кезде әкелі-балалы Чжан Люйэр (张驴儿) мен оның әкесі оқиғаға куә болып, кемпірді құтқарып қалады. Олар Цай кемпірдің үйінде тек енесі мен келіні тұратынын біліп, күшпен сол үйге кіріп алады. Чжан Люйэр Доу Э-ні өзіне қаратуға тырысады, бірақ ол бас тартады.
Кейін Цай кемпір ауырып, қой қарнынан жасалған сорпа ішуге аңсары ауады. Мұны пайдаланған Чжан Люйэр сорпаға у қосып, кемпірді өлтірмек болады, осылайша Доу Э-ні өзіне мойынсұндыруды көздейді. Алайда, Цай кемпір кенеттен лоқсып, сорпаны ішуден бас тартады. Сол кезде Чжан Люйэрдің әкесі сорпаны байқамай ішіп, уланудан көз жұмады.
Осы жағдайды пайдаланған Чжан Люйэр Доу Э-ні кісі өлтірді деп жала жауып, оны сотқа береді. Бірақ Чжучжоудың әкімі Тао У (桃杌) – әділетсіз әрі топас шенеунік болатын. Ол Доу Э-ні қинап, азаптап, мойындатуға тырысады. Доу Э Цай кемпірді қорғау үшін қылмысты мойнына алуға мәжбүр болып, өлім жазасына кесіледі.
Өлер алдында Доу Э үш серт береді:
1.Оның қаны ақ орамалға тамғанда, ол таза ақ болып қалады.
2.Шілденің аптап ыстығында қар жауады.
3.Чжучжоу үш жыл бойы қуаңшылыққа ұшырайды.
Дәл осы айтылғандар орындалып, қалада тылсым оқиғалар басталады.
Кейінірек, Доу Тяньчжан жоғары дәрежелі шенеунік болып, Чжучжоуға инспектор ретінде келеді. Доу Э-нің аруағы оған көрініп, өзіне жасалған қиянатты баяндайды. Әкесінің араласуымен бұл іс қайта қаралып, Доу Э-нің кінәсіз екендігі дәлелденеді. Чжан Люйэр мен әділетсіз әкім Тао У өз жазасын тартып, әділдік орнайды.
Оқиғада жас жесір әйел Доу Э-нің тағдыры баяндалады. Ол бұзақы Чжан Люэрдің жала жабуы мен жемқор судья Тао Удың аяусыз тергеуі нәтижесінде жалған кінәсін мойындауға мәжбүр болып, адам өлтірді деген айыппен көпшілік алдында өлім жазасына кесіледі. Өлім алдында Доу Э әділетсіздікке толы өміріне ашынып, үш серт айтады: оның қаны ақ матаға шашырайды, шілде айында қар жауады, және оның елі үш жыл құрғақшылыққа ұшырайды. Шынында да, Доу Энің обалды тағдыры көкті тебірентіп, оның үш серті орындалады.
Бұл пьеса қарапайым халықтың еш қорғансыздығын, әділдік іздейтін орынның жоқтығын, және жемқор билік өкілдерінің адам өмірін еш қадірлемейтіндігін айыптайды. Сонымен қатар, ол Доу Энің жарқын және қайсар әйел бейнесін шебер суреттейді. Шығармада Гуань Ханьциннің ерекше тілдік шеберлігі көрініс тапқан.
Шығармада әр сөзі өмірдің шындығын көрсетіп, шынайы эмоцияларды бейнелейді.
窦娥冤精彩片段
不是我窦娥罚下这等无头愿,委实的冤情不浅;若没些儿灵圣与世人传,也不见得湛湛青天。我不要半星热血红尘洒,都只在八尺旗枪素练悬。等他四下里皆瞧见,这就是咱苌弘化碧,望帝啼鹃。
你道是暑气暄,不是那下雪天,岂不闻飞霜六月因邹衍?若果有一腔怨气喷如火,定要感的六出冰花滚似绵,免着我尸骸现;要什么素车白马,断送出古陌荒阡?
你道是天公不可期,人心不可怜,不知皇天也肯从人愿。做甚么三年不见甘霖降,也只为东海曾经孝妇冤。如今轮到你山阳县,这都是官吏每无心正法,使百姓有口难言。
浮云为我阴,悲风为我旋,三桩儿誓愿明提遍。(做哭科,云)婆婆也,直等待雪飞六月,亢旱三年呵,(唱)那其间才把你个屈死的冤魂这窦娥显。
«Доу Энің обалды өлімі» шығармасынан үзінді;
Бұл қарғысқа толы сертті мен Доу Э, өз еркіммен айтқан жоқпын, тек әділетсіздіктің тым тереңдігінен айттым; егер бұл қасірет аспан мен адамзатқа көрінбесе, көгілдір аспанның болуы да мәнсіз. Қаным жерге төгілмесін, тек ақ матаға ақ күйінде тамсын – сөйтіп адамдар менің күнәсіз екенімді айқын көрсін. Бұл құдды Чан Хунның қаны қас тасына, бұл – Ваң патша жаны бұлбұлға айналғаны сяқты. Оларда обалды кеткендер.
Сіз жаз мезгіліндегі аптап ыстықты айтып отырсыз, бірақ бұл қар жауатын қыс емес. Бірақ естімеп пе едіңіз, маусымда аяз түсуі Чжоу Яньның қасіретімен байланысты дегенді? Егер менің кеудемдегі қайғы жалындай көтерілсе, алты бұрышты қар үлпілдеп жауатыны анық. Мәйітімді ашық қалдырмасын, маған ақ арбалар мен ақ аттардың керегі жоқ – менің жаным жапан далада әділет тапсын.
Сіз көк аспанға сену қиын дейсіз, адамзаттың жүрегі қайырымсыз дейсіз, бірақ жоғары көк адамның шын тілегін орындайды. Неге үш жыл бойы аспаннан тамшы жаңбыр жаумады? Бұл шығыс теңізіндегі адал әйелдің әділетсіздігімен байланысты. Бүгінде әділетсіздік сіздің Шанян ауданыңызға келіп жетті. Мұның бәрі шенеуніктердің әділетсіздігінің кесірі, халықтың айтары болса да, үні естілмейді.
Бұлттар мені көлеңкелеп тұр, қайғылы жел мені айнала соғады. Үш сертімді қайталап айтып тұрмын. (Жылайды.) Құрметті енем, қар маусымда жауып, үш жыл құрғақшылық орнаған кезде ғана сіз бұл әділетсіздіктен қаза болған Доу Энің рухы қайта келгендей болады.
Бұл мәтіні «Доу Энің обалды өлімі» шығармасынан алынған, ол Доу Энің өлім жазасына кесілер алдындағы жан айқайы. Мұнда терең ой мен күшті әсер бар.
Доу Э «қарғысты серті» айтып, өз қасіретінің тереңдігімен аспан мен жерді тебірентетініне сенеді. Ол өзін «Чан Хунның қайғысы» және «Патша Ванның азабы» деп салыстырады, бұл оның әділетсіздігінің дәуірлер бойы аңыз болып қалатынына деген сенімін және әділетсіздікке қарсы тұрудағы батылдығын көрсетеді.
«Чжоу Яньның қасіреті салдарынан маусымда аяз түсті», «Шығыс теңізінің адал әйелінің әділетсіздігі» сынды аңыздарды келтіре отырып, ол әділетсіздіктің табиғаттағы ерекше құбылыстар мен құрғақшылық тудыруы мүмкін екенін айтады. Бұл арқылы шенеуніктердің әділетсіздігін айыптап, халықтың қасіретін бейнелейді және тақырыпты тереңдете түседі.
«Маусымда қар жауады», «үш жыл бойы құрғақшылық орнайды» деген әсіреленген серттер арқылы трагедиялық атмосфера жасалады. Бұл Доу Эге деген жанашырлықты оятып, қоғамдағы әділетсіздікке деген өткір сынмен ерекшеленеді.
Бұл пьеса төменгі таптың адамдарын аяусыз қанауға, олардың дауысы мен әділетке қол жеткізе алмауына баса назар аударады. Ол байлар мен биліктің адам өмірін құнсыздандырып, қоғамдағы қараңғы шындықты айыптайды, сондай-ақ әйел адам Доу Э бейнесін нақты әрі терең көрсетеді. Сонымен қатар, Гуан Ханьциннің тілдік стилі арқылы адамның сезімдерін жеткізу және өмірдің қиындықтары айқын көрінеді.
Нұрхалық Абдырақын КазҰУ доценті,PhD доктор
Abai.kz