ҚАЗАҚ ЕЛБАСЫНА СЕНГЕНІМЕН, ҚҰДАЙҒА СЕНБЕЙ МЕ?
Араға апта салып «АйтPARK» пікірсайыс алаңы қайта қызды. Бұл жолғы қонағымыз «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының директоры Гүлмира Илеуова (суретте) болғандықтан, әңгіме ауаны пайызбен перделенген қоғамдық пікірге қарай ойысты. Әдетінше Нұрлан Ерімбетов қонағының әлсіз тұстарын барлап барып, қисынды-қисынсыз сауалдармен қытығына тиді.
Мысалға, әлеуметтанушылардың табанынан таусылып жүріп жинағандағы сұрақ-жауаптары қоғамдық үрдістерге оң ықпалы жоқтай көрінеді, әсері өгізді өрмекші шаққандай ғана болады, ендеше осы саусылдаған әлеуметтанушылардың не маңызы бар деген құйтырқы сауалмен пікірсайыс басталды.
- Тірлігіміз текке, жұмысымыз заяға кетіп жатқан жоқ. Айталық, қазіргі биліктің біздің зерттеулерімізден кейін қолға алған істеріне қарап, бұған да біздің әсеріміз, көрсеткен кемшілігіміз, бағдарымыз себеп болды деген ойдамын. Билікпен арамызда тікелей байланыс жоқ дегенімізбен, осындай ықпалға ие болмасақ, несіне еңбектенеміз? Не дегенмен, әлеуметтану жекелеген адамдардың көзқарасын екшейді емес пе? Ал мемлекет ресми зерттеулерге көбірек сенеді.
- Байдосов... Ғабдуллин.... Осы ағаларымыздың аузынан шыққан бастама халықтың өзегін жарып шықты деп айтуға келе ме?

- Біз осы бастаманың өзектілігі турасында 11-20 қыркүйек аралығында әлеуметтік зерттеу жүргізіп үлгердік. Ал идея 10 қыркүйекте ақтөбелік Байдосов арқылы мәлім болды (әңгіме Н. Назарбаевқа «елді өмір бақи басқара беріңіз» деген ақтөбелік Байдосов пен атыраулық Ғабдуллиндердің сөзінен шығып отыр. - ред.).
- А-а, Байдосов аузын жиып болғанша, сіздер бұқараның бұған қатысты пікірін жинауға кірісіп кеттіңіздер ғой, солай ма?
- Жоға, біз жоспар бойынша басқа тақырыпқа сауалнама жүргізуге дайындалып жүргенде, осы бастама қызғылықты көрінді. Бірақ, дәл сол кезде бұл туралы халықтың 40%-ы ғана естіп-білген. Ендеше, ақсақалдардың өздері айтқандай, бүкіл қауымның атынан сөз алуы сәл әдепке сыймайды. Ақтөбеліктер де, атыраулықтар да бұл бастама турасында біртіндеп, БКА, яғни «бір кемпір айтыпты» немесе телеарналар арқылы тараған жаңалықтардан қанықты.
- Не үшін бұл идея көпшіліктің арасында қызыл судай тез тарап кетпеді? Не кедергі болды?
- Бұл идеяны басқа қондыру, оны салмақтау үшін біраз уақыт керек еді.
- Қалай болғаны? Бұл соншалықты қиын да бастама емес қой. «Мәңгілік президент»... Болды. Соншалық миға салмақ түсіру қажет пе осыған?
- Тағы да бір қосарым, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек-ті. Сәйкесінше, ақпарат алған адам өз өзімен қалды да, жеке көзқарасын нақты, тез қорытып шығаруға мүмкіндігі болмады.
- Сонымен қазақстандықтардың қанша пайызы әлгі идеяны қолдады немесе қолдамады?
- Сұралған респонденттердің 43%-ы қолдады. 33%-ы қолдамады, ал 16 %-ына бәрібір болып шықты. Әйткенменде, тура сол мерзімде қоғамдық пікір қалыптасып үлгерген жоқ еді. Кемінде 60%-ы осы бастамадан құлағдар болғанда, онда қоғамдық пікір қалыптасты деп айтуға болар еді.
- Осы біздің бұқара кімге сенеді?
- Сұралған екі адамның бірі Елбасыны атайды. Қалғаны - өз күшіне.
Осы сәтте залдан «Құдайға ешкім сенбей ме?» деген риторикалық сауал естілді. Оған «жоқ» деген жауап қайтарылды.
- Осы жылдың басында «Литер» басылымында еліміздегі ең ықпалды саяси шенеуніктердің рейтингісі жарық көрді. Сол кезде ең беделдісі кім болып еді?
- Тажин
- Ал, күтпеген жерден ықпалсыз болғаны кім?
- Күтпеген жерден... Ысқақовты (Нұрлан Ысқақов - бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі) тұтқындады, оның көрсеткіштері өте нашар еді. Қазір шенеуніктерге қатысты рейтинг қайта жүрсе, Ысқақовтың орнына Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев жайғасатын шығар... Себебі, биылғы жаһанторды реттеу төңірегіндегі дау-дамай автоматты түрде оның тұлғасына қара бояу болып жағылды. Меңінше, енді оған өз имиджін дұрыстау қиынға түседі.
- Біздің қоғамның әлжуаз нүктелерін тұспалдап айтып бере аласыздар ма? Қай жерде жанжал шығуы мүмкін?
- Бұл сұраққа кесімді жауап беру қиын. Дәл қазір қазақстандық қоғамның ортасынан жік шығаратындай, оны ала қойдай бөле қырыққызатын мәселе жоқтың қасы. Мысалы, мәңгілік президент бастамасын қолдауда да қазақ пен орыс, қала мен ауыл тұрғындарының арасында айтарлықтай айырмашылық байқалмады. Тегіс фон. Бастаманы мейлінше қолдаған облыс Қызылорда (67%) болса, ең төменгі көрсеткішке ие болған - Павлодар облысы (20%). Екінші жағынан, қоғам гомогенденіп барады. Ал бұл қорқуға тұратын құбылыс. Неге десеңіз, мұндай қоғамда біз күтпеген жерден байланыстар үзілуіп кетуі мүмкін.
- Ал, ұлтаралық мәселелерде ше? Қауіп бар ма?
- «Ауыл арасындағы өзге ағайындармен араластықтарыныз қалай?» деген сауалға 69 пайызы «шүкір, жақсымыз» деп жауап береді. Былайша, 70 пайыз, бұл өте жақсы көрсеткіш. 26 пайызы «бейтараппыз» деген жауапта болады. Міне, осы категорияның жауабы кейбіреулерді қорқытуы мүмкін. Себебі, байланыстардың тереңдігі өзгеріп, этникалық топтардың бір-бірінің үйіне бас сұқпақ түгілі, ісі болмай барады десек, онда бұл қатер.
- Егер бәрі жақсы, бәрі керемет болса, Маловодное, Шелек, Атыраудағы оқиғаларды немен түсіндіресіз?
- Экономикалық ресурстар үшін күрес. Маған осылай түсіндірген ұнайды. Қазақтарда кең көлемде барлық жағынан қамтылмағандығы үшін бе, өкпе-наз бары бар, осыны басқа ұлттар есебінен толықтырғысы келеді. Бірақ, бұл орыстарға қатысты емес, көбіне түрік, ұйғыр секілді ұлттарға қатысты.
- Мирация мәселесінде қауіпті «ісіктер» бар ма?
- Байыған қазақтар Еуропаға, немесе Астанаға көшкісі келеді. Тұрмысы төмен қазақтар облыс орталықтарына қоныс тебуде. 35-44 жастағы азаматтарға Астана қызықты, онда олар мәртебе алады. Алматы қызықсыз болып қалды. Қызықса, бұл қалаға 18-24 пен 35 жасқа дейінгі азаматтар ғана қызығады.
- Не үшін жұрттың Астанаға ауа көшкісі келеді?
- Өйткені, Астанаға барып жатқандар негізінен лауазымды қызметке тұрады.
- Сіздерге «қызметімен айрылатын болдым» деп бебек қаққан әкім-қаралар жиі телефон шала ма?
- Бізге бір-ақ рет хабарласты. Бұл - Атырау облысының әкімшілігінен еді. Сол кезде Атырау облысы жемқорлық рейтингісінде «жүлдегер» болып жатқан-ды.
- Сонда Атырау облысы жемқорлыққа маталған облыс болды ғой?
- Иә, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстары
- Ал, ең тазасы...
- Павлодар облысы
Өркен КЕНЖЕБЕК
(Баспасөздегі толық нұсқасы «Дала мен қала» басылымының №40 санына жарияланады)