Дүйсенбі, 25 Тамыз 2025
Қылмыс 211 0 пікір 25 Тамыз, 2025 сағат 14:20

Қостанайда Telegram арқылы есірткі сатқан топ сотталды

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Қостанайда Telegram арқылы есірткі сатқан топ сотталды, деп хабарлайды qaz365.kz. 

Қостанайда әлеуметтік желі арқылы есірткі таратқан адамдарға сот үкімі шықты.

Тергеу деректеріне сүйенсек, Telegram мессенджерінде Thс Seller атты онлайн-дүкен жұмыс істеген. Оның ұйымдастырушылары екі мыңнан астам адамға есірткі сатып, айналым көлемі 100 млн теңгеден асқан. Түскен қаржыны қолма-қол алу үшін бөтен адамдардың атына рәсімделген банк карталары пайдаланылған.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары 30 келіден астам марихуана мен гашиш тәркіледі. Сот кінәлілерді сегіз жылға бас бостандығынан айырып, қылмыстық жолмен алынған екі автокөлікті мемлекет пайдасына тәркілеу жөнінде шешім қабылдады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Abai.kz

0 пікір